Page 326 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА 1

Basic HTML Version

326
19. Бұл буындардың біріншісі Илиада. III. 8, екіншісі — сонда IV. 431 с.
20. Ашулы Ахилл Агаменонды осылай балағаттайды. (Гомер. I. 225)
21. Одиссей патша, Алкинояның сарайында, Демодоктың әнін тыңдап, тойлап отырған
дастарханның қуанышын мадақтайды (Од. IX. 8-10) Бүл жерде Платон гомерлік Одиссей
тек қана сәнді-салтанатты тамақ ішуді ғана емес, сонымен қатар қонақтардың жүрегін
толтырып тұрған, "жарық, қуанышты да" және "тамаша әні жағынан құдайға тең келетін"
керемет ән айтушыны, тыңдаушыларды дәріптегенін ұмытып кеткен сияқты. (IX. 2-8 с.)
22. Бұл сөздер Гелиостың қасиетті сиырларын сойып алған, Одиссейдін серіктерінің
сендіруші дәлелдеріне қызмет етті. (Од. XXII. 342 с.)
23. Бұл жерде мәселе Гераның Зевсті азғырып, оның ұйқысы кезінде трояндықтарды құрту
туралы болып отыр. (Ил. XIV. 295 с)
24. Әнші Демодок патша Алкенойдың тойында Ариспен көңілдес болған өзінің әйелі —
Афродитаны темір торға берік шынжырлап қойған Гефест туралы өлең айтады. (Ofl.VIII.
266-366 с.)
25. Өзінің үйінде бассыздықпен айналысқан күйеу жігіттерге ашуланған Одиссей өзін-өзі
әрең ұстайды. (Од. XX. 17 с.)
26. Бұл жолдар Гесиодтікі деп есептеледі, тегі ақынның "у сыйлайтын адамдар" және "у
сыйлайтын патшалар" туралы ойымен сәйкес келеді. (Сонда, 263)
27. Қараңыз. (Ил. IX. 515-526)
28. Қараңыз. (Ил. XIX. 278-280)
29. Қараңыз. (Ил. XXIV. 175)
30. Қараңыз. (Ил. XXII. 15)
31. Қараңыз. (Ил. XXI. 130-132, 211-326, 233-329) Ахиллдің өзен құдайы Скамандрмен
жекпе-жегі.
32. (Ил. XXIII. 140-151) Ахиллдің өзінің шаштарын Спирхей өзеніне арнауы керек еді
және қайтыс болған Патроклды еске сақтаумен ол өзінің ажалын күні бұрын белгілегенін,
Платон ұмытып отыр.
33. Қараңыз Ил. XXII. 395-405.
34. Қараңыз Ил. XXIII. 175-183.
35. Пелей мирмидондықтардың патшасы - Эактың ұлы және Зевстің немересі.
36. Хирон — Кроностың және Филираның ұлы, данышпан кентавр, ол Пелион тауында
көптеген геройларды және сонымен бірге Пелейді тәрбиелеген.
37. Тесей және оның досы, лапифтердің патшасы — Пирифой, өліктердің патшасы —
Аидтың эйелі — патшайым Персефонаны үрламақшы болды.
38. Қараңыз. "Мемлекет", 2 т. 379а-380с.
39. Эсхилл Ниоба (фр. 162) Бүл сөздер мүмкін, Ниобаға және оның әкесі, Зевстің баласы—
Танталаға қатысты.
40. Бұл жерде Фрасимаханың сөздерінің жаңғырығы бар.Қарақыз жоғарыда 1т. 343а-344а
41. Сократ бұл жерде барлық поэзияны үш түрге, бөліп олардың үлгілерін көрсетіп отыр.
(394 с): 1) Ақынның өзінің айтуы бойынша, мысалы, дифирамб; 2) Ақынның трагедия мен
комедияға еліктеуі және 3) өз бойында әңгіме және драмалық сөз бар эпикалық түр.
Классикалық антикада өнердің кез-келген түрлерінде негізінен мимесистің яғни
еліктеудің әр түрлі дәрежесін байқағанын атап өту керек. Бүл жерде егер Аристотель
барлық өнерді тек еліктеушіліктерге ғана жатқызса, Платон мына үзіндіде Аристотельден
алшақ кетіп, шын мәніндегі өнер жалпы еліктеуші болуы мүмкін емес деп есептейді.
(қараңыз. 394 с)
42. Сократ "Илиаданың" бас жағында ахейлердің көсемі— Агамемнонның өз әскеріне
Апполонның жіберген оба ауруына тап болғанын айтады. Бұл ауруды Апполон
Агамемнонның абыз Христің қызын тартып алып, құдайға тіл тигізгені үшін жіберілген.
43. Гомер. Ил. I. 15 с.
44. Қараңыз. Ил. I т. 7-21.