325
мақсатымен және өзіне деген үлкен сенімділікті тудыруға тырысады. Сөйтіп осы екі
жағдайда да біз бір мақсатқа жетуге тырысамыз, бірақ әртүрлі құралдармен" дейді.
Софокл: "өтірік айту жақсы емес, бірақ шындық тура қорқынышты өлімге әкелетін болса,
онда ол кешірімді, жаман емес"— дейді. Аристотель "Никомахатың этикасында" осындай
ойлар айтты" IV. 13 (1127 а 28-1127 в 17).
40. Зевс Агаменнонға ахейлік жауынгердің табандылығын сынау үшін алдамыш түс
жібереді (Гомер. Ил. II 1-41).
41. Аңызға қарағанда, Апполон Пелей мен Фетиданың үйлену тойында Гераның, сөзімен
айтқанда, өзінің үнемі қиянатшылдығына қарамастан, формингте ойнады.(Гомер. Ил.
XXIV 62.) Бұл жерде Эсхилдің әлі белгісіз трагедиясынан. фр.350 үзінді келтіріліп отыр.
Үшінші кітап
1. Өліктер патшалығы Платонның айтуынша ер жүрек жауынгерлерді қорқытпауға тиіс,
өйткені, отан үшін әскерлердің алдынғы қатарында жүріп соғысу, қайтыс болу құрметті
және әдемілікке жатады; бүл жөнінде ақын Тиртей де жазған болатын.
2. Осындай сөздермен Ахиллдің көлеңкесі өліктер патшалығына түскен Одиссеяға назар
аударады (Гомер. Од. XI. 489-491).
3. Гомер. Ил. XX. 64 с.
4. Бұл сөздер, қаза тапқан өзінің досы Патроклдың түнде келген көлеңкесін ұстап қала
алмаған, Ахшщцікі.
5. Аидте ойлау қабілеті фивандық сәуегей Трисейге ғана қалдырылған, ал басқа өлі
жандар зерде мен еске сақтаудан айрылған.(Гомер.Од. X, 495 с.)
6. Бұл жерде сөз Гектор өлтірген Патроклдың Аидқа қайғыра, ұшып кеткен жаны туралы
болып отыр. (Гомер. Ил. XVI. 856 с.)
7. Ахилл құшақтамақшы болып әрекет жасаған, Патроклдың жаны оның қолынан
осылайша кете барады. (Гомер. Ил. XXIII. 100 с.)
8. Одиссей өлтірген Пенелопаның күйеу жігіттерінің, құдай Гермес Аидқа ала жөнелген
жандары жарқанаттармен салыстырылады. (Гомер.
Од. XXIV. 6-9.) о дүниедегі жандардың тағдыры туралы, қараңыз. IT. түсінік 82 "Горгий"
диалогына.
9. Кокит, Стикс 2т. "Федон" диалогына 70-71 түсініктер.
10. Бұл жерде досы Патрокл қаза болғаннан соң Ахиллдің қайғы мен мұңға батқанын
суреттейтінін Гомердің Илиадасынан үзінді келтіріп отыр. (Гомер. Ил. XIV 10-13 және
XVIII. 23-27)
11. Гомер. Ил. XXII. 413 с. Гектордың әкесі, Троян патшасы Приам өзінің өлтірілген
ұлының денесін қорлап, мазақтаған Ахиллдің бұл әрекетін тоқтатуды өтіну үшін
халқынан соған баруға рұқсат етуді сұрайды.
12. Ахиллдің анасы, теңіз құдайы— Фемиданың езінің сіңлілері Нерейдалармен теңізден
шығып, досы Патроклды жылап, жоқтап отырған ұлын жұбату үшін айтылған сөздер.
(Гомер. Ил. XVIII. 54 с.)
13. Зевс бұл сөздерді Ахиллдің Гекторды соңына түсіп қуалағанын көріп тұрып айтты.
(Гомер. Ил. XXII. 168 с.)
14. Зевс өзінің ұлы Сарпедонның Патроклдың қолынан қаза табатынын күні бұрын сезе
отырып, қайғырады. (Гомер. Ил. XVI. 433с.)
15. Ил. 1т. 599 с.
16. Мемлекеттік адамға пайдасы келетін өтіріктің қажеттілігі туралы Платон әрі қарай да
айта береді. 114 с.
17. Гомер. Од. XVII. 384 с. Шошқа бағушы — Эвмей "ажалдылар үшін шексіз жер бетінде
үміт еткен" кім екенін бүл жерде санап шықты.
18. Патша Агаменнонды өтірікші деп әділетсіз жазғырған Сфенелаға, Диомед осы сөзді
бағыттады. (Гомер. Ил. IV. 412 с.)