324
жол ашады). Аристотель "Саясат" деген еңбегінде Платон мен Сократты сынап, мұндай
көзқараспен келіспейтіндігін көрсетеді.
24. Егер Гомер бұдан бұрын "Адамдар ұқсас емес, біреулері бір нәрсені, ал басқалар
екіншісін жақсы кереді" десе, Сократтың Ксенофонтқа адамдарды "табиғи жағынан"
айырмашылықта деп қана қоймай, олардың белгілі бір мәселеде атақты адам болуы үшін
үнемі жаттығу "үлкен прогресске" алып келеді деп көрсетті.
25. Аңшылар: Бұның мағынасы "Заңдар" кітабында әртүрлі андар мен құстар ғана емес,
соғыс кезінде адамдарды да аулау деген пікірмен салыстыру" немесе басқа мағынада
"Софист" диалогында софистке балық аулаушы деген анықтама беріп, ол өз
әңгімелесушілерін жалған даналық арқылы қармаққа түсіруші саналған. Ксенофонттың
айтуы бойынша Сократ өзін "адамдарды аулаудан тәжрибелі санайды және Критобулаға
"Жақсы адам болып және адамгершілігі мол жандар аулауға" кеңес береді.
26. Тәрбиелеудің екі типі туралы "Критон" диалогынан 1т. қараңыз.
27. Гомер мен Гесиодты сынауды біз Сократқа дейінгі ойшылдардан байқаймыз. Әсіресе,
элеатшыл Ксенофан Колофонский "Гомерді алдампаз ретінде қатты сынайды, сөйтіп ол
құдайлар туды деушілер және құдайлар өлді деушілер абыройсыздық жасайды" — деп
көрсетті. Олар құдайлардың заңсыз істерін, әсіресе, ұрлықшылық, неке бұзғыштық жөне
өзара алдаушылықтарын әңгімелейді.
28. Бұл жерде әртүрлі жасырын ұйымдардың құрбандыққа шошқаның торайын
шалушыларды көрсетіп отыр. Кроностың Уранның көзін шығару тарихы және Кроносты
Тартарға оның баласы Зевстің лақтырып тастауы Гесиодта жақсы айтылған.
29. Алыптардың олимпиялықтармен соғысы Гесиодта, құдайлардың соғысы туралы
Гомерде айтылады. Ал бұл жерде Гомерді Гераклит Понтийскиймен және басқа
авторлардың аллегориялық негізде талқылағаны айтылып отыр.
30. Гомер. Илиада XXIV. 527-533.
31. Бұл сөйлемдегі белгісіз ой Гесиод пен Пинтардың айтқандарына ұқсас Гесиодта
"жаман жөне жақсы адамдардың өлімі қүдайлардың қолында" десе, Пиндар "Зевс оған да,
бұған да көңіл бөледі, Зевс барлығын билеуші" деп көрсетті.
32. Пин дардың өз антын бұзғандығы және оның залымдықпен атқан оғы туралы.
Қараңыз: Гомер. Илиада. VI. 62-126.
33. Шешесі— Жердің өтінішімен троян соғысы кезінде бүкіл адамзаттың ұрпағын құрту
туралы Зевстің шешімі. (бүл жөнінде біз "Илиададан" табамыз) Фемидамен бірігіп
отырып, қабылданды. Фемида бір уақытта Зевстің (Пиндардың сөзімен айтқанда)
ертеректегі жұбайы болған.
34. Эсхил. Фр. 156 ("Ниоба" трагедиасы).
35. Ниоба өзінің көп ұл-қыздарымен мақтанғандықтан, олардың барлығын Аполлон мен
Артемида құдайларының кере алмаушылығынан, қырғынға ұшыратады. Пелопидтер —
патша Пелопстың ұрпақтары. Олар Зевстің және Пелопс қастандықпен өлтірген
Миртильдің қарғысына ұшырағандар. Пелопидтердің немесе Атридтердің (Атрей—
Пелопстың баласы) тарихы көптеген грек трагедияларында негізгі мәселеге айналды
(Эсхил — "Орестея"; Софокл — "Электра"; Эврипид — "Электра", "Орест" және
басқалар).
36. Гомер. Од. XXIII. 485.
37. Протей. Қараңыз 35 түсінік. Фетида- Нерейдің қызы, теңіз құдайы, ажал геройы —
Пелейдің жүбайы және Ахиллдің шешесі.
38. Аристофанның "Бақаларындағы" схолиаст бүл өлеңдерді Эсхилдің драмаларының
біріне жатқызады (фр. 168) Ио-Инахтың қызы, Зевстің ғашық жары,— Гераның абызы
болған.
39. Шындық пен жалғандықтың салыстырмалы түсінігі Грекияда керемет тарады. Геродот
бұл жөнінде: "Жалғандық бар жерде өтірік айту керек. Өйткені, шындық пен өтіріктің
мақсаты бір. Кейбіреулер өтірік арқылы белгілі бір мақсатпен сендіруге тырысады және
одан пайда таппақшы, кейбіреулер шындықты айта отырып, өзінің жеке басының