323
әйелін және патшалығын алған. Гигтің сақинасын Платон өзінің "Мемлекетінің" XX
кітабында есіне түсіріп, оның адамды көрінбейтін ету қасиетін Гомердегі Аидтің
дулығасымен салыстырады. Гигтің сиқырлы сақинасы және Аидтың бас киімі Лукианда
да бейнеленеді. Платондық Лид ( бұл жерде Гигтің әкесі), Геродоттың айтуы бойынша
Атистың ұлы, лидийшілдердің беретін есімі. Платон бүл жерде, әрдайым оның бойындағы
әдетпен, өзі аңыз туғызып, оған терең адамгершілік мән беруі толығынан мүмкін.
"Көпалтынды Гигес" туралы Архилохта білген.
4. Қараңыз.Эсхил. "Фивыға қарсы жетеу", 592с (Фивыға кетіп бара жатқан жеті көсемнің
бірі— сәуегей Амфиарай туралы) .
5. Эсхил."Фивыға қарсы жетеу". 593 с (сондай-ақ Амфиарай туралы).
6. Бұл мәтел Гомерден бастау алады; Онда Скамандр (Ксанф) Ахиллді жеңу үшін көмекке
өз бауыры Симоентті шақырып: "Сүйікті менің бауырым! Тіпті болмаса, екеулеп мына
ашу кернеген еркекті ауыздықтармыз" (Илиада, XXI 308. В.В. Вересаевтың ауд.).
7. Гесиод. Бейнетгер мен күндер 233с.
8. Гомер. Одиссея. XIX. 109-113.
9. Мусей және оның баласы, мүмкін және әкесі, Евмолп — мифтік әншілер. Мусей
негізінен Орфейдің ұстазы немесе шәкірті ретінде көрінеді. Осы әншілердің есімдерінде
енердің бір түрі әннің — адамдандырылғаны айқын сезіледі.
10. Бұл жерде о дүниелік өмір туралы орфейлік түсініктерінің кейбір жақтарын
келемеждеу көрініп түр (салыстыр. Плутархта да бар).
11. Аңыз бойынша, өз күйеулерін өлтірген Данайдалар түбі жоқ амфорларға мәңгілік
бойы су құйып жүретін жазаға тартылған (салыстыр. бұған Горацийде тұспал жасаған).
12. Солонның: "көптеген ақымақ байып кетеді, ал жақсылар қайғы-қасірет шегеді" —
деген сөздерін оқимыз. Феогнид:
"Қалайша, Кронид, сенің жаның, ары таза еместердің тағдырын,
Кімде-кім шындықты қастерлесе, солармен бірге болуға жол береді.
Сен үшін зерделі жанмен әзінің өмірін
Әділетсіздік істер мен өткізетін тәкәппарға тепе-тең болды ?"— деп ерекше леп білдірді.
13. Платон өзінің "Заңдарында" сиқырлайтын әндер мен бұғау сияқты бақсы-балгерлік
арқылы адамдарға келтіретін залал туралы айтады.
14. Гесиод. Бейнеттер мен күндер.
15. Бұл ахейлік елшілердің өтінішке қасарысып, үндемей қалаған Ахиллге бағыттап,
Феникс қарияның айтқан сөзі.
16. Мусей мен Орфей туралы жоғарыда тоғызыншы түсініктемеде айтылды. Орфей
туралы б.э.д. VI ғ. айтылған. Пиндар мен Геродот та ол туралы жазған.
17. Бұл жерде орфистер мен олардың ғайыптан болжау сыры туралы болып отыр.
Қараңыз. 1т. "Горгий", 82 түсініктеме.
18. Пиндар фр. 213.
19. Бұл сөздер ақын Симонид Кеосскомдікі.
20. Архилох, даңқты ямбограф (б.з.д. VII-VI ғ.) түлкі мен маймыл туралы екі мысал өлең
жазған. Онда ақынды жауыздықпен алдаған Необуланың әкесі — Ликамбымен болған
жеке бастың қатынастары туралы айтылады.
21. Ірі мемлекеттер — дегенде ең алдымен Афинаны айтып отыр. Мусей мен Орфей—
құдайлардың балалары.
22. Бұл эпиграмманың мәні: "Главкон және Адимант-Аристонның балалары " және олар
кезінде Мегара түбіндегі шайқаста қалай көзге түссе, айтыста да сондай. Бүл жөнінде
Главконның белгісіз бір бас июшісі, мүмкін Критий жазған деген сөз бар.
23. Мемлекеттің шығуына байланысты ол адамдардың қажеттілігін қанағаттандыратын
болады деген пікірді Платон "Заңдарында" айтқан еді. Мұнда тарихи әңгімелеушілік
аңыздарға толы (Күйреулер, тасқындар, жаугершіліктер адамзаттың дамуын
кешеуілдетеді, бірақ адамдарды қоғамдағы белгіленген заңдылықтарға сүйеніп, бірігуіне