322
71. Ликей — Афины қаласының гимнасиясы бар маңы. Сократ мүнда жиі болып тұрған,
ал Аристотель осында өзінің перипатетикалық мектебінің негізін қалаған.
ПЛАТОН
Мемлекет
Бірінші кітап
1. Артемида құдайының мейрамындағы шеру туралы айтылып отыр. Бендида —
фракийлықтардың құдайы (гректердің Артемидасы сияқты)
2. шырақ алып атпен шабу әдетте Прометей мен Афинаға арналатын.
3. Полемарх — Кефалдың дүниесінің мұрагері және оның үлкен ұлы.
4. Достарға қайырымдылық, жауларға зұлымдық тілеуді әділеттілік деп есептейді. Бүл
этикалық нормаға Сократ әрқашан қарсы болған.
5. Сарданикалық күлкімен күлу — ішкі көңіл-күйге байланысты ызалы — әжуа күлкі.
Павсаний бұны Сардиния аралындағы өсетін улы өсімдікпен байланыстырады. Ол өлім
алдында күлкі тәрізді конвульсия шақырады.
6. Схолиаст жазған: "Фессалиядағы Скотуссадан шыққан Полидамант, атақты күресте ең
күшті, Персияда Ох патшасының қол астында болған кезде арыстандарды өлтірген және
қаруланып, жауға жалаңаш шапқан".
7. Схолиаст бұл мақалды өзінің шамасы келмейтін нәрсені мойнына алатын адамға
байланысты айтылады дейді.
8. Бірауыздылық (homonoia) және достық (рһіlіа) әділетті мемлекеттік биліктің
принциптері ретінде дамып келе жатқан элинндік қоғамның тар полистік идеяларынан
емес, жаңа, космополиттік идеялардың дамуымен алдыңғы қатарға қойылған.
Ксенофонтта Сократ софист Гиппиймен әңгімесінде былай дейді: "Жалпы пікір бойынша,
азаматтардың бірауыздылығы мемлекет үшін ұлы игілік болып табылады... Элладаның
барлық жерінде азаматтар бірауыздылықта өмір сүруге ант беретін заңы бар және барлық
жерде ол антты береді де".
"Никомахтың этикасында" Аристотель, пікірлестікті достықтан ажыратады. Аристотель
пікірлестікті пікірлердің сай келуі сияқты жеке адамға байланысты категория ретінде
емес, әлеуметтік және этикалық категория ретінде қарастырады. Соған байланысты былай
деп жазады: "Пікірлес мемлекет деп біз пайдалы нәрсеге бірдей пікірді ұстанатын, сол
пайдалылыққа бірігіп талпынып, оны бірлесіп шешетін мемлекеттерді айтамыз".
"Пікірлестік саяси достық болып табылады" және ол ырқы пайдалы және әділеттіге
бағытталған, осы мақсатқа бірлесіп талпынатын "адамгершілігі мол адамдар" арасында
болады.
9. Платонның білімге құмар адамды тәтті құмармен салыстыруы кейін тарихшы
Полибийде жалғасын тапты.
Екінші кітап
1. Пайдалылықтың платондық ұғымы және оның жарамдылықтан айырмашылығы
туралы.(Қараңыз. 1 т. "Гиппий үлкен" диалогына 31 ескерту).
2. Қоғамдық келісім идеясы табиғат арқылы алдын ала болатын емес, адамдардың өзара
келісіміне негізделетін процесс екендігі антикалық заманда сократшылдан бұрын
атомистер мен софистер арасында кеңінен тараған болатын. Осы теорияға сәйкес әрбір
заңдар өнердің жемісі, барлық құдайлар "табиғат бойынша емес, өнердің салдарынан және
кейбір заңдардың күшімен өмір сүреді", әсемдік болса табиғат бойынша бір, ал "заң
бойынша басқаша", "ал әділеттік болса табиғатта атымен болмайды" ("Заңдар", 889е-
890а).
3. Геродот Даскилдың (б.э.д. VII ғ.) баласы Гиг патша туралы айтады. Ол кезінде найзашы
болып, өзінің қожасы, Лидияны басқарушы— Кандавилды өлтіріп, оның байлығын,