Page 321 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА 1

Basic HTML Version

321
44. Қажеттілік — Гесиодтың "Теогония" атты поэмасы бойынша тағдыр құдай.
45. Ата — бақытсыздық құдай.
46. Гомердің Илиадасынан алынған үзінді.
47. "Заңдар мемлекеттің бұл әміршілері" — мұндай сөз тіркесі Аристотельдің
"Риторикасында" да Алкидамант есімді риторға сілтеме жасай отырып келтірілген.
48. Софоклдің "Фиест" атты трагедиясынан алынған үзінді.
49. Эврипидтың "Сфенебея" атты трагедиясынан.
50. Гомердің "Илиадасынан" келтірілген.
51. Бұл өлеңнің авторы белгісіз, мүмкін Агафонның өзі болар деп жорамалдауға болады.
52. Горгий (б.д.д. 483-375) — Эмпедоклдің шәкірті, софистикалық философияның негізін
қалаушылардың бастыларының бірі. Платон оған арнап "Горгий" атты диалог жазған.
Горгийдің басы — Гомердің "Одиссеясындағы" қорқынышты Горгонның басы дегенге
ұқсатып айтылған бейнелі сөз.
53. Эврипидтің "Ипполит" атты трагедиясынан алынған.
54. Мантинеяндық Диотима — бұл дана әйелдің бейнесі жұмбақ саналады, өйткені
шындығында мұндай есімді әйелдің болғаны не болмағаны жайлы дерек жоқ. Мүмкін,
Платон бұл арада осы әйелдің есіміне рәміздік мағына беріп отырған болар деген де
жорамал бар: Мантинея қаласы әулиелерімен атағы шыққан екен делінеді.
55. Эростың Порос пен Пенйядан туғаны туралы мифты Платонның өзі ойдан шығарған.
Пброс — Метиданың, Даналықтың (metis — "даналық", "ой") ұлы. Пенйя — кедейліктің
байыптамасы (реnіа — "кедейлік").
56. Сұлулық — мұнда Каллонаның (грекше Саllоnё) байыптамасы. Илифия — аяғы ауыр
әйелдерге көмекші құдайша. Мойра — тағдыр құдайшасы, ол да бала туғанда оның
өмірлік жолын анықтап, қатынасып отырады екен.
57. Кодр — отанын жаудан құтқару жолында өз өмірін қиған аттикалық патша (б.д.д XI
ғ.).
58. Гомер мен Гесиодтың үрім-бұтағы — олардың поэтикалық туындылары.
59. Ликургтың (б.д.д. IX-VIII ғғ.) Локедемонда қалдырған балалары — оның заңдары.
60. Суытқыш шиша (псиктер) — шарапты салқындату үшін қар мен мұз толтырылған
ыдыс.
Котила — жуықтап алғанда ширек литр.
61. Гомердің дәрігер Махаон, Асклепий ұлы, туралы жазған өлеңінен.
62. Силендер, немесе сатирлер, — мүсіншілер шеберханасында кездесетін екі жартыдан
құралатын күлкілі фигуркалар: олардың ішінде әр түрлі заттар, қымбат бұйымдар,
құдайлардың мүсіндері сақталған.
63. Олимп — сыбызғыда ойнау бойынша Марсийдің шәкірті.
64. Корибандтар — фригиялық құдайша Кибеланың өлең мен би арқылы оған қызмет
көрсететін серіктестері.
65. Аякс (немесе Аянт), Теламонның ұлы, — Троя түбіндегі соғыста ахейліктердің
ержүрек көсемдерінің бірі.
66. Гомердің "Одиссеясынан" алынған үзінді.
67. JIaxem — батылдығымен әйгілі афиндық қолбасшы. Платонның "Лахет" деп аталатын
диалогы соған арналған.
68. Аристофанның "Бұлттар" атты комедиясынан алынған.
69. Брасид — әйгілі спартандық қолбасшы.
Нестор және оның ұлы Антенор — есімдері шешендік өнерімен әйгілі болған Гомер
шығармаларының кейіпкерлері.
70. Хармид, Главконның ұлы, Платонның нағашы ағасы. Оған Платон "Хармид" атты
диалогын арнаған.
Эвтидем, Диколдың ұлы, Ксенофонттың шығармаларында кездеседі. Платонның
"Евтидем" деп аталатын диалогы басқаға, өзінің замандасы, софист Евтидемге арналған.