Page 320 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА 1

Basic HTML Version

320
18. Павсаний Керамикадан (қыщылар қаласы), диалогтың бір кейіпкері.
19. Аристофан (б.д.д. 446-385) — атақты афинылық комедиограф.
20. Федр, Питоклдың ұлы,— шешендік өнер мен махаббат философиясына табынушы
дарынды жас жігіт. Платон оған "Федр" атты диалог арнаған.
21. Сөз бұл арада Эврипидтің "Дана Меналиппа" атты трагедиясы туралы болып отыр.
22. Пэан — Аполлон құдайдың қошеметіне арналған гимн.
Эрот, немесе Эрос — махаббат құдайы.
Мақтау сөз (энкомий) — антикалық заманда кеңінен тараған ерекше әдеби жанр.
23. "Софист" сөзінің түбіріндегі "софия" "даналық" дегенді білдіреді. Көне гректерде бүл
сөз кең мағынасында кәсіп пен өнердің барлық түрлеріне қатынасты қолданылған. Негізгі
мағынасы — софистикалық философияның екілі.
Продик (б.д.д. 470 ж. маңында туған) — белгілі софист, моральдық - этикалық мәселелер
төңірегінде сез қозғаған.
24. Афродита — грек драмасында әрқашан махаббаттың қамқоршысы, махаббат пен
сұлулықтың құдайы.
25. Гесиодтың "Теогония" атты поэмасынан алынған жолдар.
26. Акусилай — көне грек мифографы (б.д.д. V ғ.).
27. Парменидтың "Табиғат туралы" поэмасынан.
28. Платонның диаологтарында жиі кездесетін ер адамның жасөспірімге деген махаббаты
туралы тақырыптың өзіндік тарихи-әлеуметтік астары бар екені анық. Бұл жынысты
махаббат салты Грекияға ертеде Персиядан көшкен деп есептеледі. Жасөспірімнің (балаң
жігіттің) денесі сұлулықтың идеалына саналған, өйткені ер адам — ол мемлекеттің
толыққанды мүшесі болған, ол әрі заң шығарушы, әрі ойшыл, әрі әскери борышын өтеуші,
полистің тағдыры сондықтан соған тәуелді. Мұндай жасөспірімнің тәніне деген махаббат
әйелге деген махаббаттан (тек бала тууға, сөйтіп адам тегін жалғастыруға қажет) жоғары
деп саналған.
29. Алкестида, Пелийдің қызы, — атақты грек трагигі Эврипидтің "Алкеста" атты
шығармасының кейіпкері. Ол өзінің күйеуі Адмет патшаның орнына өлмек болғанда, оны
осыншама жанкешті ерлігі үшін Геракл өлімнен құтқарып алады.
30. Аид — жер астындағы өлгендер патшалығы, өлім құдайы және өлімнің өзі.
31. Орфей, Эагрдің ұлы, — мифологиялық кейіпкер, жыршы.
32. Ахилл, Пелейдің ұлы, — Гомердің "Илиадасының" басты кейіпкері.
33. Патрокл — Ахиллдың досы.
34. Афродитаны екеу дегеннің ар жағында жасөспірімге деген махаббаттың әйелге деген
махаббаттан жоғары қойылып (28 ескертпені қараңыз), аспандай Афродита ("Урания")
біріншісінің, ал әдепсіз Афродита ("Пандемос") екіншісінің қолдаушысы болған дегенге
саяды.
35. Элида — Грекияның батыс, Беотия - орталық, Иония — Кішіазиялық жағалауындағы
облыстары.
36. Аристогитон мен Гармодий, атақты грек тарихшысы Фукудидтің көрсетуінше, Афины
қаласының билеушісі Гиппийдің орнына оның ағасы тиран Гиппархты (б.д.д. 514 ж.)
өлтірген екен.
37. Асклпеий — дәрігерлік істің құдайы.
38-39. урания — астрономия Музасы, Полигимния — гимникалық поэзияның Музасы.
40. Гефест — Зевс пен Гераның ұлы, асқан шебер, от пен ұсталықтың құдайы.
41. Бұл жерде тарихи орын тепкен уақиға негізге алынған: б.д.д. 385 ж. лакедемоняндар
аркадалықтардың Мантинея қаласын қиратып, оның тұрғындарын босытып жіберген.
42. Қонақжайлықтың белгілемелері (проксениялар) — қаққа бөлініп, бір жартысын қонақ,
екіншісін — үй иесі алып қалатын ойын тастары.
43. Иапет — титан, Зевстің әкесі Кроностың інісі
Крон (Кронос) — Уран мен Геяның ұлы, Титан, Зевс пен басқа да олимпиадалық
құдайлардың әкесі.