Page 319 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА 1

Basic HTML Version

319
34. Симонид (Кеосский) (б.д.д. VI-V ғғ.) — атақты грек элегик-ақыны. Скопас,
фессалийлық Креонттың ұлы, — Симонидтің замандасы, фессалийлық иеленуші.
35. Питтак — атақты жеті данагөйлердің бірі. Басқалары — Биант, Фалес, Хилон,
Клеобул, Солон, Периандр.
36. Гомердің "Илиадасынан" алынған үзінді.
37. Гесиодтың өлеңдерінен алынған.
38. Сократ белгілі софист Продиктің тыңдаушысы болғанға ұқсайды (қараңыз: 11-
ескертпе).
39. Кеостықтар өздерінің инабаттылығымен әйгілі болған.
40. Спартандықтардың арасында кең тараған күресте бетке жара түсу, құлақтың
жаралануы жиі кездескен.
41. Мұнда Платон жеті данагөйлерді атап өтіп, олардың арасына әншейіндегі Периандрдің
(35 ескертпемен салыстырыңыз) орнына Мисонды енгізген.
42. Лакондық азсөзділік мәтелге айналып, қысқаша айтылған сөз "лаконынша" деп
бағаланатын болған.
43. Белгісіз ақынның өлеңінен.
44. Гомердің "Илиадасынан" келтірілген сөздер.
45. Пельтастар — жеңіл қаруланған сарбаздар.
46. Өлшеу, немесе өлшеу туралы білім, — пифагорейшілерге жақын болған Платонның
пайымдауына тән термин.
ПЛАТОН
Думан
1. Сіздердің сауалдарыңызға — Сократтың шәкірті Аполлодардың достарының
сауалдарына.
2. Фалер — Афины қаласының маңындағы дем, турасында фалерлік айлақ.
3. Бұл жерде әзіл "phalereys" ("Фалердің тұрғыны") және "phalaros" ("жылтыр", "жалтыр",
"қасқабас" дегенді меңзейді) грек сөздерінің ойнақылығына негізделген — 127.
4. Алкивиад (жуықтап алғанда б.д.д. 450-403) — афинылық мемлекет қайраткері,
қолбасшы; сұлулығымен және атаққұмарлығымен әйгілі болған.
Агафон, Тисаменнің баласы, — афинылық трагикалық ақын (ж.а б.д.д. 448/46-400/399
жж.)- 127.
5,6. Феникс, Филипптің ұлы, және Главкон — Платонның осы диалогынан басқа жерде
ұшыраспайтын кейіпкерлер.
7. Біздің балалық, шағымызда, яғни б.д.д. 416 ж. Ол кезде Платон (427 ж. туған) да әлі
бала болатын.
8. Агафонның Афины қаласының театрындағы жеңісі үшін марапатталғаны (ж.а.б.д.д. 416
ж.) айтылып тұр.
9. Хоревтар — трагикалық хордың қатысушылары.
10. Аристодем — Сократқа беріле табынушы, соған ұқсап әрқашан жалаң аяқ жүрген.
11. Сократ тарихи деректерге қарағанда, өзінің сырт пішініне көп көңіл бөлмеген, беті-
қолын жуып, аяғына сандалын киюі ол үшін расында сирек болатын жағдай екен.
12. Бұл жерде Платон тарихшылар Гераклге жатқызатын: "Абзал адамдар нашарсоқ
адамдардың думанына шақырусыз барады" деген мәтелді перефраз жасап қолданып түр.
13. Агамемнон және Менелай — Гомердің "Илиада" атты поэмасының кейіпкерлері.
Менелай онда "нашар найзагер" делінеді және ол Агамемнон құрбандық шалғанда
шақырусыз барады.
14. Бұл да сол поэмадан алынған үзінді.
15. Эриксимах — белгілі дәрігер Акуменнің баласы, өзі де дәрігер.
16. Агафонның Афины театрындағы жеңісі жайлы айтылып тұр.
17. Дионис — грек мифологиясындағы театрдың қамқоршысы.