Page 31 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА 1

Basic HTML Version

31
Сол кезде Зевс, бүкіл адам тегі қырылып қалады ғой деп қорқып, қала көркі мен достық
дәнекері болуы үшін адамдардың арасына ар-ұят пен шындықты тарат деп Герместі27
жұмсайды.
Сөйтіп Гермес Зевстен адамдардың бойына шындық пен ұятты қалай дарытуға
болатындығын сұрайды. "Өнерлер қалай бөлінсе, бұларды да солай болу керек пе? Ал
өнерлер былай бөлінген: дәрігер болу өнерін игерген бір адам бұдан мағлұматы жоқ
көптеген адамдарға жетеді; өзге де шеберлер жөнінде де дәл солай істелген. Ендеше,
шындық пен ұятты мен адамдар арасына дәл осылай орналастырсам ба екен әлде бәріне
бөліп берсем бе екен?" "Шындық пен ұятқа бәрінің де қатысы болуы үшін,— деді Зевс,—
бәріне де бөліп беру керек: әдетте өнерлерге иелік еткендей, тек аздаған адамдар ғана
мемлекетке иелік ететін болса, мемлекет дегенің болмайды. Ұят пен шындыққа қатысы
болмаған әр адамды қоғамның кеселі ретінде өлтіру жөнінде менің атымнан заң қабылда".
Сократ, сол себептен осылай болды да, әңгіме балташылық өнер немесе қандай да бір
басқа шеберлік туралы болғанда, барлық өзге адамдар сияқты афиналықтар да тек аздаған
адамдар ғана ақыл-кеңес беруге қатыса алады, ал егер осы аздаған адамдардың санатына
қосылмайтын біреу ақыл-кеңес берсе, сен өзің айтып отырғанындай, оны жұрт
тыңдамайды, мен де өз тарапымнан айта кетейін, жұрт оны тыңдамай дұрыс істейді; олар
бүкіл гәп әділдік пен пайымдылыққа тірелетін азаматтық мейірімділік жайында мәжілic
құрған кезде әдетте қандай да болсын адамның ақыл-кеңесіне құлақ түреді, өйткені бұл
мейірбандылыққа әркімнің - ақ қатысы болуы мүмкін, әйтпесе мемлекет дегенің
болмайды. Себеп, Сократ, міне, осында жатыр.
Мен сені алдап отыр деп ойлап қалмауың үшін барлық адамдардың әділдікке және басқа
азаматтық абзал қасиеттерге әркімнің қатысы бар деп шын мәнінде есептейтіндігінің тағы
да бір дәлелін келтірейін. Өйткені басқа қасиеттер жөнінде жағдай өзің айтқандай болып
отыр: егер біреу мен жақсы флейташымын десе, немесе өзінде жоқ қандай да бір басқа
шеберлікті өзіне таңатын болса, жұрт оған не күледі, не ашуланады, тіпті онымен бір үйде
тұратындар мұның есі ауысқан екен деп ойлап қалады. Әңгіме әділдік және басқа
азаматтық мейірбандылықтар жөнінде болғанда, тіпті өзінің әділ еместігімен белгілі
болған адам да кенет барша жұртқа "туралы шындықты өзі айта бастайды, ал басқа бір
жағдайда пайымдылық деп мойындалатын мұндай шындықшылықты жұрт ақылсыздық
деп біледі: өйткені өзі шын мәнінде қандай болса да, әр адам өзін әділшіл деп жариялауға
тиіс, ал өзін әділмін деп көрсеткісі келмейтін адамның есі дұрыс емес деп есептеледі ғой.
Сондықтан әр адам қалай болғанда да әділдікке қатысты болуы қажет, әйтпесе оған
адамдардың арасында орын жоқ.
Міне, мен де айтып тұрмын: әр адамның осы мейірбандылыққа қатысы бар деп есептеледі
екен, демек, мейірбандылық туралы сөз болғанда, қай адамды болса да ақылшы деп білуге
болады. Мұның үстіне мен саған мына пікірімді де дәлелдеп беруге тырысайын: бұл
мейірбандылық туа біткен және өз бетімен пайда болатын қасиет деп саналмайды, ал
адамдар мейірбан болуға үйренеді, және де егер әлдекім оған қол жеткізген болса, тек
ынта-ықыласының арқасында ғана қол жеткізе алады.
Туа біткен немесе тағдыр тауқыметімен пайда болған кемшіліктері бар адамдарға ешкім
ашуланбайды, бұл міндеріңнен арылыңдар деп оларға ешкім уағыз айтпайды, өнерге
үйретпейді, керісінше, бұл адамдарды аяйды. Сиықсыз, тапал немесе әлжуаз адамдармен
осылай істеуге бел байлап кім, мысалы, соншалық зердесіз болмақ? Менің ойымша,
осындай нәрселер — сұлулық және оған қарама-қарсы нәрсе — адамдардың бойына
табиғаттан және кездейсоқтықпен даритындығын жұрттың бәрі біледі; кей адамдардың
ойлайтынындай, ыждағаттылық көрсетумен, жаттығу жасаумен және үйренумен қол
жететін абзал қасиеттері жоқ адамдардың бойында мұның есесіне бұларға қарама-қарсы