318
6. Каллий, Гиппониктің ұлы, — Афины қаласының софистерден оқу үшін көп қаржы
жұмсаған өте бай тұрғындарының бірі.
7. Гиппократ Косский (460-377), диалогқа қатысушы Гиппократтың аттасы, атақты грек
дәрігері.
8. Аргостық Поликлет (Сикионнан) және афинылық Фидий — б.д.д. V ғ. әйгілі
мүсіншілері.
9. "Софист" сөзінің түбірі (8оф) даналыққа меңзейді. Көне гректерде ең басында бұл сөз
кең мағынада, кәсіп пен өнердің барлық түрлеріне қатынасында қолданылған.
10. Жанды Платон дене өмірінің себебі, ал денені —жанның қабыры есебінде
қарастырған.
11. Гиппий Элидский (б.д.д. 460 ж. шамасында туған) және Продик Кеосский (б.д.д. 470
ж. шамасында туған) — софистикалық философияның белгілі өкілдері.
12. Перикл (469-429 жж. маңында), Ксантипптің улы, әйгілі афинылық мемлекет
қайраткері әрі қолбасшы. Парал мен Ксантипп — Каллийдің шешесі күйеуінен
айрылысып, Периклге қосылғанда туған. Хармид, Главконның ұлы, Платонның нағашы
ағасы. Филиппид, Филомелдің ұлы, Афины қаласының тұрғыны. Мендейлік Антимер —
софист, Протагордың шәкірттерінің бірі.
13. Гомердің шығармасынан алынған үзіндінің өзгертілген түрі.
14. Эриксимах, дәрігер және мирриналық Федр - "Думан" және "Федр" атты диалогтардың
кейіпкерлері. Андрон, Андротионның ұлы, — Гиппийдің шәкірті, жас. аристократ
Калликлдің досы.
15. Гомер өлеңінің өңі аударылып қолданылған
16. Керамикалық Павсаний және Агафон — "Думан" диалогының кейіпкерлері.
17. Адиманттық екеуі де: бірі Кепидтың ұлы — Платон тек осы арада атайды оны;
екіншісі — Левколофидтің ұлы, стратег, демократияның қарсыласы.
18. Критий, Каллесхрдың ұлы, — Платонның немере ағасы (шешесі жағынан, яғни
нағашысы), ақын, софист. Платонның "Тимей", "Критий", "Хармид" және басқа
диалогтарында да кездеседі.
19. Агафокл — пифагорейшіл Пифоклид Кеосскийдің шәкірті.
20. Грек софистері әрқашан өз табынушыларының қоршауында болған
21. Зевксипп — әйгілі суретші (б.д.д. V ғ.).
22. Орфагор — сыбызғышы, фивандық стратег Эпаминондтың ұстазы.
23. Ізгілік мәселесі осы диалогтың негізгі тақырыбы болып табылады.
24. Арифрон — Периклдің ағасы.
25. Ағалы-інілі Прометей мен Эпиметей (миф) — титан Иапеттің балалары, яғни Зевстің
немере ағайындары (өйткені Иапет Зевстің әкесі Кроностың ағасы болып табылады).
26. Зевстің күзетшілері (миф.) — Күш пен Билік.
27. Гермес, Зевстің ұлы, құдайлардың хабаршысы, тапқырлығымен даңқы шыққан;
палестралар мен гимнасиялардың сүйеушісі.
28. Бұл арада сөз боп отырған жақсылық пен жексұрындық Протагор бойынша табиғат
пен кездейсоқтықтан туындайды. Платон софистердің іліміне тән релятивизмді,
ұйғарымдарының негізсіздігін көрсетіп отыр.
29. Ферекрат — "Тағылар" атты комедияның авторы, ақын. Бұл комедия алғаш Леней
мерекесінде (б.д.д. 421 ж.) қойылған.
30. Еврибат, Фринонд — бірі — сатқын, екіншісі — алаяқ, кісілікке жатпайтын кері
қасиеттерге ие кейіпкерлердің жалпы атауы.
31. Ұзақ жүгіріс кезінде Олимпиядағы стадионды 12 рет айналып шығу керектігі талап
етілетін.
32. Крисон — Олимпиадалық ойындарда үш рет (448, 444, 440 жж.) жеңіске жеткен
сицилиялық жүгіруші.
33. Табиғат пен заңды бір-біріне қарама-қарсы қою — софистикалық әңгіме-дүкен кезінде
жиі кездесетін тақырып болыпты.