317
Жатжұрттық,. Егер бір жерге бір басқарушы керек болса, онда мынандай басқарушыны,
ол осы көрсетілген сапаларға ие болуы керек; егер бір жерге коп басқарушы керек етілсе,
онда оларды өзара араластыру керек, өте жоғары дәрежедегі жұмсақ, әділетті және
қорғаушы мінезді ақылды басқарушыға кесіп айту, өзінше өткірлік пен батыл қимылдау
жетіспей жатады.
Кіші Сократ. Көріп тұрғанымыздай, бұл дұрыс.
Жатжұрттық,. Бұл адамдардағы ерлік әділдік пен жұмсақтыққа жол береді; бірақ ол істе
өте батыл. Мемлекетте барлығы жақсы болып тұруы мүмкін емес, онда осындай және
басқа жайттар болады.
Кіші Сократ. Иә, басқадай болуы мүмкін емес.
Жатжұрттық,. Сонымен, біз нендей мемлекеттік матаны аяқтадық деп атаймыз, патшалық
өнер тікелей орумен ержүрек және зерделі адамдардың мінезін жинақтап, олардың
өмірлерін пікірлестік және достықпен біріктіре отырып, өте тамаша үлпілдеген матадан
жасағандай. Мата — мемлекеттегі барлық қалған адамдарды орайды — еріктілер мен
құлдарды, оларды уысында ұстап басқарады және мемлекетке иелік етеді, ешқашан
ештеңені көзден таса етпей, оны соншалықты үйлестіріп бақытты етеді.
Кіші Сократ. Сен, жатжұрттық, ер патшаны — саясаткерді бізге өте жақсы бейнеледің.
ПЛАТОН. Политик. Сочинения в трех томах. Том 3. Часть 1
М.: "Мысль", 1971, с. 10-82.
ТҮСІНІКТЕМЕЛЕР
ГЕРАКЛИТ
1 Дильстің айтуынша философ сөзін алғаш қолданған Сократ емес, Гераклит.
2 Көне грек тілінде садақ та, өмір де bios деп аталады.
ПЛАТОН
Протагор
Бұл диалог софистиканың негізін қалаушылардың бірі болып табылатын Протагордың
(480-410) есімімен аталған. Платон философиясының қалыптасуы процессінде
сократикалық деп аталатын алғашқы кезеңіне жататын бүл шығарма, сол кезеңнің соңғы
жағына қатынасты. Мұнда ойшыл өзінің объективтік - идеалистік философиялық ілімінің
негізін құрайтын идея ұғымын, оның логикалық құрылымын талдауға көңіл бөліп, тұтас
философиялық тұғырнама құруға өте жақын тақап келеді. Егер бұған дейінгі
диалогтарында (мысалы, "Лисид", "Лахет", "Евтифрон" және т.б.) философ
мейірбандылықтың жеке бір түрлерін қарастырса, мұнда ол оны тұтас алып бірлігі мен
көп түрлілігінде зерделейді, сөйтіп мейірбандылық ұғымы жан-жақты, жалпы түрінде
(идея ретінде) анықталады.
Бір ескертетін нәрсе бұл диалогтың құрылымының оған төн күрделілігі, соңында айқын
байқалады: Сократ басында мейірбандылыққа үйретуге болмайды десе, соңында
болатынына көзі жеткендей, ал керісінше, Протагор басында болады десе, соңында
болмайды дегендей сыңай танытады. Расында, белгілі зерттеуші А.Ф.Лосев
көрсеткеніндей, мұнда мәселе олардың өз көзқарастарын өзгерткенде емес,
мейірбандылық ұғымының терең негізделуінде жатыр (Қараңыз: Платон. Собр. соч. в
четырех томах. Т. 1. М.: 1990. С. 789).
1. Әңгіме Протагор жөнінде болып отыр.
2. Клиний — Алкивиадтың әкесі.
3. Бұл — мәтел.
4. Эноя — Беотиямен шекаралас аттикалық дем.
5. Протагор Афиныға алғаш б.д.д. 444/43 ж. келген.