Page 316 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА 1

Basic HTML Version

316
Жатжұрттық,. Біздің осы айтып отырғанымыздай, патшалық өнердің құдыретінің
көмегімен саясаткер мен жақсы заңгер ғана дұрыс тәрбие алса, солар нағыз пікірді ұқтыра
алады.
Кіші Сократ. Бұл шындыққа келеді.
Жатжұрттық,. Ендеше? Ержүректі жан, осындай шындықты қабылдаған соң момын
барлық әділеттілікке қатысты болып кетпей ме? Онымен қатынаста болмаса, онда ол
тағылық табиғатқа қарай ауытқып кетпей ме?
Кіші Сократ. Басқаша қалай?
Жатжұрттық,. Момын табиғатпен қандай қатынаста болады сонда? Әсіресе, мемлекет
өмірінде, ол осындай пікірді қабылдаған соң, ол ақылды парасатты болмай ма? Ал егер ол
біздің айтқандарымызға қосылмаса, ол ұятсыз және әділ ақымақтық атты алмай ма?
Кіші Сократ. Сөзсіз.
Жатжұрттық,. Бұл байланыс пен өрім ешқашан зұлымдар арасында берік және мызғымас
бола алмайды, сонымен қатар (осылар сияқты адамдар жайлы соз болғанда) зұлым мен
мейірімді арасында да ешқандай білімді шын қолдануға болмайды.
Кіші Сократ. Иә. Бұны қалай жасаймыз?!
Жатжұрттық,. Олар туғаннан бері өзінің табиғатына сай тәрбие алса, соларға ғана заңмен
берілсе, сонда тана берік болады. Бұл патшалық өнердің тәсілі тек қана осындайлар үшін
шын және өзара ұқсамайтын қарама-қарсы жаққа тартатын жандардың ізгілікті бөліктері
құдайшыл байланыста болады.
Кіші Сократ. Өте тура.
Жатжұрттық,. Егер олай болса, адамда қалған байланыстар, құдайшыл, орныққанын,
ұғыну қиын емес, ал ұғынған соң — орнықтыру оңай.
Кіші Сократ. Қалайша? Қандай байланыстар жөнінде айтып тұрсың?
Жатжұрттық,. Заң туралы, өзімен бойжеткен қыздары мен ұлдарының арасындағы
қатынастарға байланысты, әсіресе, күйеуге беру мен үйлендіру туралы.
Кіші Сократ. Бұл қалай?
Жатжұрттық,. Осы істе байлық пен құдыретті туыстықты қуу ұятқа қалдырмай ма?
Кіші Сократ. Мүлде.
Жатжұрттық,. Осы істе — тек туралы — оны дұрыс бағдарға алмаса, оларды кінәлауға
болады.
Кіші Сократ. Әрине.
Жатжұрттық,. Минуттық ләззат үшін, өздеріне ұқсайтындарды таңдағанда, олар
парықсыздыққа барады. Өздеріне ұқсамағанды кері итереді.
Кіші Сократ. Ал нақтырақ?
Жатжұрттық,. Кімде кім тәртіптілігі жатынан өзгешеленсе, сондай тәртіпті іздеп, өздеріне
ұқсаған, әйелді алуға, ал қыздарын осындай отбасына беруге тырысады. Өздерінің
табиғатын тануға тырысқанда, адамдардың ержүректілері осылай жасайды.
Кіші Сократ. Бүл қалай. Не үшін?
Жатжұрттық,. Өйткені көптеген түрлердің ерлігі, зерделі табиғатпен туғаннан бері
араласпағандықтан, алдымен күшіне енеді, ең ақырында нағыз ақылсыздыққа айналады.
Кіші Сократ. Әрине.
Жатжұрттық,. Жан, болса шектен тыс қарапайымдылықтан тұрса, батыл өжет ерлікпен
араласпаған, ұрпақтан ұрпаққа көше отырып, солғын тартып, ақыр аятында кемтарлыққа
ұшырайды.
Кіші Сократ. Және бұл, әрине осылай болады.
Жатжұрттық,. Мен айттым, егер екі түр де бірдей - жетілу мақсатын көздесе дұрыс
байланыста ешқандай мүмкін емес нәрсе болмайды. Бұл бүтіндей және түгелімен
патшалық тоқыма ісі: парасатты мінездер ержүректілерден алыстатылмауына жол бермеуі
тиіс, өзара міндеттерін беру, осылайша жұмсақ та мықты матаны өндіріп, әрқашан
мемлекеттік қызметтерді осы екі түрге бірге беру керек.
Кіші Сократ. Бұл қалай.