Page 315 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА 1

Basic HTML Version

315
Жатжұрттық,. Ал ерлікке жақынырақтар ше? Әрқашан өзінің қаласын соғысқа итермелеп,
осындай өмірге шексіз құмарланып көптеген қуатты адамдарды өзіне жау қылып немесе
өз отанын құртып бітіріп, немесе оны жау мемлекетке құлдыққа береді.
Кіші Сократ. Олай да болады.
Жатжұрттық,. Осындай жағдайда осы екі түр де бір-бірімен алауыздық пен жаулықта
болатынын қалай айтпауға болады?
Кіші Сократ. Басқаша айтуға болмайды.
Жатжұрттық,. Сонымен біздер ең басында не іздесек, оны тапқамыз жоқ, ізгіліктілердің өз
табиғатында бөліктері арасында айырмашылықтары аз емес.
Кіші Сократ. Иә, бұл осылай сияқты.
Жатжұрттық,. Бұған келесілерді қосып айталық...
Кіші Сократ. Нақ не?
Жатжұрттық,. Кез-келген байланыстырушы өнер, өзінің тіпті түкке тұрмайтын
шығармасының өзін оны жарамсыз және мықты бөлшектерден әдейі құрастырады, немесе
керісінше, кез-келген өнер жарамсыздарын лақтырып, керектісін және пайдалысын ғана
оларды осыдан кейін ғана алып, бір арнаға түсіріп — бұл заттар бір-біріне ұқсай ма әлде
ұқсамай ма — бір бағытқа жұмсайды.
Кіші Сократ. Енді қалай?
Жатжұрттық,. Өзінің шын табиғатында, мемлекетті басқару өнері әдейілеп қандай да бір
мемлекетті жақсы адамдар мен оңбаған адамдардан құрамайды, басында оларды
қалжыңдаған сияқты сынайды, сынай отырып, тәрбиеге ықпал ете алатындарға
тәрбиелеуге береді. Оларға жетекшілік етіп бағдар беруші, тоқыма өнері сияқты, жүн
түтушілер мен басқа да іскерлерге, матата керектіні дайындаушылардың барлығына: ол
әрбір іскерге олар дайындайтын матаға қажетті қандай іс атқаруы керектігін көрсетеді.
Кіші Сократ. Әрине, сөзсіз.
Жатжұрттық,. Патшалық өнер де, менің ойымша, тура осы сияқты, өзі бұйрық беру өнерін
меңгере отырып, осы істе заңмен қойылған оқытушылар мен тәрбиешілер, барлығын
біреуі қалғанша тәрбиелеп, мінездерін жаттықтыруға жібермейді, олардың ойындағыдай
қоспаға келмейтін, қосынды мінезді тәрбиелеуді бұйырады.
Кіші Сократ. Ал кім бір мезгілде ақылды және ержүрек мінезді бола алмаса, ізгілікке
бастайтындардың қалтаңдарының барлығын, өздерінің жаман табиғатының күшімен
барлық қорлаушылыққа, менсінбеушілікке, әділетсіздікпен оларды өлімге тартып,
қуғындап және басқа да ауыр жазалармен жазалайды.
Кіші Сократ. Иә, бұл дұрыс деп есептелінеді.
Жатжұрттық,. Кім білімсіз болса, шектен тыс төмендесе, ол құлдықтың бұғауына жегіледі.
Кіші Сократ. Өте дұрыс.
Жатжұрттық,. Кімнің табиғаты тәрбиенің әсерінен ізгілікті істерге бастайды және өнердің
талабымен астасып кететін, өзінің табандылығының арқасында кім ерлікке бейім олар
матаның негізі сияқты, сондықтан оларды — ұқсастыруды ары қарай жалғастырсақ —
жұмсақ үлпілдек жіптің арқауына ұқсас сияқты (екеуінің мақсаттары бір-біріне қарама-
қарсы бола тұра), әйтеуір бір әдіспен байлап өргісі келеді...
Кіші Сократ. Қандай әдіспен?
Жатжұрттық,. Ол бәрінен бұрын олардың жандарының нағыз мәңгілік бөлігінің
туыстығын құдайлық байламмен өзара біріктіреді, ал содан кейін олардың жандарының
жануарлық бөлігін — адамдық байламмен біріктіреді.
Кіші Сократ. Не? Сен қалай дейсің?
Жатжұрттық,. Көркемдік жайында, әділеттілік пен қайырымдылық, сонымен бірге барлық
қарама-қарсылықтар туралы нағыз пікірлер жанымызда туылған кезде, құдайшылдық
құдай табиғатында пайда болады.
Кіші Сократ. Ол солай үйлеседі.