Page 314 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА 1

Basic HTML Version

314
Жатжұрттық,. Әрбір осындай жағдайда қалай жасалатынын есіңе түсіре аласың ба?
Кіші Сократ. Жоқ, мүлдем ұмыттым.
Жатжұрттық,. Осыны мен қалай есіме түсіретінімді, саған созбен жеткізе алар ма екем?
Кіші Сократ. Неге жоқ?
Жатжұрттық. Бұл саған өте жеңіл болып көрінеді. Жарайды, осының барлығын қарама-
қарсы түрде қарастырайық. Әрқашан, біздер ойдың, дененің, дауыстың жандылығын,
қайсарлығын, жылдамдығын таңдағанда өзіміздің мақтауымызды білдіру үшін жалғыз бір
сөзді — "ерлік" қолданамыз.
Кіші Сократ. Бұл қалай?
Жатжұрттық,. Ондай кезде біз: "ержүректілік және шапшаңдық", "анық және
ержүректілік", сонымен бірге "қайсарлық пен ержүректілік" дейміз. Және әрқашан,
осындай сөздерді ұсына отырып осындай мінезге, біз мақтау айтамыз.
Кіші Сократ. Иә. Жатжұрттық. Әрі қарай. Әр түрлі жағдайдағы жайбарақат көріністерді
біздер мақтамайтын ба едік?
Кіші Сократ. Керек десе, жиі-жиі.
Жатжұрттық,. Бұл жағдайда қарама-қарсы бірнәрсе тағы айтамыз ба?
Кіші Сократ. Бұнымен сен не айтпақсың?
Жатжұрттық,. Ал ойдың пайда болуына тандана отырып, әрқашан зерделі және байсалды
ырғақты, жұмсақ, дауыс туралы — терең де нәзік екендігін, ал барлық ырғақты іс-әрекет
пен музыка жөнінде бірқалыпты, асықпайтын: сөйтіп осылардың барлығының атын
"ерлік" демей, кез-келген атты ұсынар едім.
Кіші Сократ. Нағыз шындық.
Жатжұрттық,. Бірде ол да, басқа да орынсыз көрінсе, біз атын өзгертеміз, бетіне
басуымызды білдіреміз.
Кіші Сократ. Қалайша?
Жатжұрттық,. Егер бізге бір нәрсе өзінің мөлшерінен артық жандырақ, жылдамырақ,
немесе керегінен өте қатаң, оны асқақ, ақылсыз деп атаймыз; сонымен қатар керектісінен
не жайырақ, ауырлау және жұмсақтау болса, ондайды ұялшақ, икемсіз дейміз. Және
әрқашан зерделі жан мен ержүректілікті бір-біріне қарама-қарсы екендігін көреміз, бір-
бірімен ымыраласпайтын екі пікір, екеуінің де бір іске қатысында ешқашан бірімен-бірі
араласып кетпейтін және егер біз зейін салып қарасақ, кім оны көңілінде сақтаса, өзара ала
ауыздықты сезінеді.
Кіші Сократ. Қандай түрдегі алауыздық?
Жатжұрттық,. Осы қазір біздің айтқандарымыздың барлығында сонымен бірге, шамасы,
көпшілік басқаларында да. Өйткенімен ойлаймын, өздеріне туысқанды жақтай отырып,
жақын болып көрінген бірдеңедей, және керісінше, өздерінен бөлектенетіндер оларға не
жақын бетіне басып, олар нағыз жауластық қатынасқа, бір-бірімен қатысты көптеген
заттарға кіреді.
Кіші Сократ. Бұл солай.
Жатжұрттық,. Осы екі түрдің осындай жанжалы — нағыз барып тұрған үстірттік,
мемлекеттік маңызды істерде аурудың заладысына айналады.
Кіші Сократ. Сен не туралы айтып тұрсың?
Жатжұрттық,. Мен барлық өмірдің барысы жайлы айттым. Кім өзінің тәртіптілігімен
өзгешеленсе, әрқашан бейбіт өмір сүруге дайын, оз ісімен айналысып бөтендердің ісіне
араласпай, олардың өз үй ішіндегілермен де басқа қалалармен де қатынастары осындай
болса олар әрқашан бейбітшілікте болады. Тыныштық пен қолы бос кездерді өте жақсы
көретін олар өзінен-өзі соғысқұмар емес және өздерінің жастарын да солай тәрбиелейді.
Сондықтан да олар әрқашан осал жақ, балалары, бүкіл мемлекетті бірнеше жылдарға
құлдыққа түскендерін өздері де байқамай қалады.
Кіші Сократ. Сен өте ауыр және қорқынышты жайды айтып отырсың.