313
Жатжұрттық,. Сонымен біз сот билігінің күші — патшалық емес, бүл билік — заңды
сақтаушы, патша қуатының қызметшісі екенін таптық.
Кіші Сократ. Солай болар.
Жатжұрттық,. Сондықтан, осы аталған барлық білімдерге қатысты, осылардың біреуі де
мемлекетті басқару өнері емес екенін байқауға болады. Онда нағыз патшалық болып
табылатын өнер, ол өзі әрекет етпеуі керек, бірақ іс-әрекет етуге арналған өнерлерді
басқаруға тиісті, оған мемлекеттегі маңызды істердің басталуы мен дамуын басқару,
оларға қолайлы және қолайсыз уақыттарды және басқа өнерлер оның жарлығын орындауы
тиіс.
Кіші Сократ. Дұрыс.
Жатжұрттық,. Сондықтан, біздер қазір ғана тізіп шыққан өнерлер, өзін-өзі де, бірін-бірі
басқармайды, бірақ әрқайсысы оз істерімен айналысады және осы істердің
ерекшеліктеріне байланысты әділетті түрде өздеріне тән аттарын алып жүреді.
Кіші Сократ. Шамасы солай.
Жатжұрттық,. Барлығын басқаратын заң туралы және тағы басқа мемлекеттік істер жайлы
сүйіп пісетін, бәрін бір арнаға түсіре алатын өнердің қабілетін біздер әділетті түрде саяси
деп атаймыз.
Кіші Сократ. Сөзсіз.
Жатжұрттық,. Енді оның мемлекеттегі іс әрекеттің барлық түрлері бізге белгілі
болғандықтан, оны енді тоқыма өнері түрінде қарастырайық.
Кіші Сократ. Өте тамаша! Жатжұрттық. Сонымен біз, патшалық тоқу туралы айтайық ол
қандай, қандай пішінде тоқылады және одан қандай мата шығатынын айтуымыз керек.
Кіші Сократ. Бұл түсінікті.
Жатжұрттық,. Біз түсіндіретін зат өте қиын зат сияқты көрінеді.
Кіші Сократ. Қандай жағдайда мұны істеу керек.
Жатжұрттық,. Сонымен, ізгіліктілердің бір бөлігі барлық түрлерден өзгешеленді, сөзге
қатысты қасарысуды жақсы көретіндер оны көпшіліктің көзқарасы бойынша әлсіз деп
есептейді.
Кіші Сократ. Мен сені түсінбедім.
Жатжұрттық,. Қазір қайталаймын. Ізгіліктің бір бөлігін мен ерлік шығар деп ойлаймын.
Кіші Сократ. Иә, әрине.
Жатжұрттық,. Бірақ адамгершіліктің бір бөлігі болса да, парасаттылық ерліктен өзгеше.
Кіші Сократ. Иә.
Жатжұрттық,. Бұған да, басқаға да қатысты басқа бір ерекше жайға тоқталайық.
Кіші Сократ. Қандай?
Жатжұрттық,. Көптеген жағдайда олар бір-біріне қарама-қайшылық пен ұрыс-керісте
болады.
Кіші Сократ. Сен нені көздеп тұрсың?
Жатжұрттық,. Өте ерекше жағдай, ізгіліктердің барлық бөліктері бір-бірімен тату деп
есептелінеді.
Кіші Сократ. Иә.
Жатжұрттық,. Шынымен іс осылай ма, туыс бөліктермен алауыздықта тұрған бір нәрсе
бар ма, осыған біраз көңіл бөліп қарастырайық.
Кіші Сократ. Ендеше, айт, бұны қалай қарастырамыз.
Жатжұрттық,. Жалпы барлығынан, өте жақсыларын бөліп алу керек. Оны екі қарама-
қарсы түрге бөлеміз.
Кіші Сократ. Анығырақ айтшы.
Жатжұрттық,. Сен біреулердің шапшаңдық пен жандылықты — ол мейлі дененің
қозғалысына байланысты болсын, жаны немесе дауысына, өзіне немесе олардың
бейнеленуіне — музыка немесе живопись арқылы берілгенін біреулердің мақтағанын
естігенін немесе көрдің бе?
Кіші Сократ. Әрине. Енді қалай?