312
Кіші Сократ. Қалайша олай: Бұл ғылымдардың басқаларын басқара алмайды? Немесе
барлығы өздерінен басқаша осы тылымды басқарулары керек пе? Немесе керісінше
тәртіптеуші және басқарушысы болу керек пе?
Кіші Сократ. Ол қалғандарын басқаруы керек.
Жатжұрттық,. Ендеше оң бағыт сілтеуші, тылымды оқу керек пе соны оқытатын және
бағыттайтындарды басқаратынын есептейсің бе?
Кіші Сократ. Әрине.
Жатжұрттық,. Және сол ғылым, сенімді қолдану керек пе жоқ па соны көрсетуші, сенімге
иелерде басшылық етуі тиіс.
Кіші Сократ. Енді қалай?
Жатжұрттық,. Солай-ақ болсын. Көпшілікті сендіре алатынды біз қай ғылымға
жатқызамыз, — тобырға үйрету арқылы емес, елестету арқылы сендіруді.
Кіші Сократ. Мен ойлаймын, бұны шешендік өнерге жатқызатынымыз түсінікті.
Жатжұрттық,. Ал мынадай сұраққа, біреулерге қатысты сенімді қатынаста болу керек пе,
күштеп немесе ешқандай ештеңе істемеу керек пе — осы шешу қандай ғылымға тән?
Кіші Сократ. Сенім мен сөзді басқаратын ғылымға.
Жатжұрттық,. Ал бұл болса, ешқандай да басқаша ғылым емес, мемлекетті басқаруға
қабілеттілік.
Кіші Сократ. Сен өте тамаша айттың.
Жатжұрттық,. Сапасының басқа түрлілігінен, көріп тұрғанымыздай шешендік өнер
саясидан оңай ажыратылады.
Кіші Сократ. Иә.
Жатжұрттық,. Ондай қабілеттілік жайында не ойлауға болады?
Кіші Сократ. Қандай туралы.
Жатжұрттық,. Барлығымен қалай соғыс жүргізуге болады, кіммен соғысуды шештік соны
анықтайтынды, осындай қабілеттілік өнерге жата ма, жоқ па?
Кіші Сократ. Әскери басшылықтан және әскери тәжірибеден не туындаса оны қалай
өнерге жатқызбауға болады.
Жатжұрттық,. Ал, соғысу керек пе жоқ әлде істі бейбіт жолмен бітіру керек пе одан
хабардар ететін және кеңес бере алатын ғылымды біздер осы қабілеттіліктен айырмасы
бар дей аламыз ба?
Кіші Сократ. Алдыңғы айтылғандарға қарап, оны басқаша деп есептеуге болады.
Жатжұрттық,. Алдыңғы тәсілдерге қарасақ, бұрыннан атағанымыздай, басқарушы дейміз
бе?
Кіші Сократ. Солай деп ойлаймын.
Жатжұрттық,. Нағыз патшалық ғылымнан басқа, қандай ғылымды барлық осы тамаша
орасан зор әскери өнердің әміршісі дейміз?
Кіші Сократ. Одан басқа ешқайсысын атауға болмайды.
Жатжұрттық,. Ендеше біз саяси өнерді — әскери ғылым, олай болса, көмекші ғылым деп
мойындамаймыз.
Кіші Сократ. Бүл мүмкін емес.
Жатжұрттық,. Кел, оданда әділ сот жүргізуші соттың іскерлігін қарастырайық.
Кіші Сократ. Әрине, бұны да қарастырамыз.
Жатжұрттық,. Заң шығарушы патша заң түрінде бекіткен, өзара міндеттерін ескере
отырып, одан артыққа баруға, олардың қайсысы әділ, қайсысы әділетсіз орындалып
жатқанын қарастырып соттауға шамасы жете ме? Оның өзіндік ізгілігі заң шығарушының
бұйрықтарынан ауытқымай сыйлықтар үшін емес, қорқыныштан да, аяушылықтан да,
қастыққа да достыққа да қарамай, тартысушы жақтардың бірін-бірі кінәлауын шешкен
кезде көрінеді.
Кіші Сократ. Иә, басқаша емес; бүл қабілеттіліктің іс-әрекеті мөлшермен сен атаған
шекарада бекітілген.