Page 311 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА 1

Basic HTML Version

311
Жатжұрттық;. Сонымен, монархия — біз заң деп атап жүрген ізгі жарлықтармен
құрсанған — осы алты түрдің ішіндегі ең жақсысы, заңы жоқ ол өмір сүру үшін өте қиын
және ауыр.
Кіші Сократ. Шамасы солай.
Жатжұрттық,. Азшылықты басқару, азшылық біреу мен көпшілікті басқару ортасы деп
есептей аламыз.Осы ең соңғысына қатысты, ол барлық қатынастарда басқалармен
салыстырғанда үлкен қайырымдылыққа да, үлкен жауыздыққа да бара алмайды, өйткені
оның тұсында билік көпшілік арасында бөлініп, әрқайсысы оның болымсыз бір бөлігіне
ие. Сондықтан егер қалған барлық мемлекеттік құрылымдар түрі заңдылықта орнаса, осы
түр солардың ең жаманы, егер қалғандары заңсыз, ол ең озығы болып табылады; іс
мынада, егер олардың барлығында тәртіпсіздік үстем болса, онда демократиялық өмір
сүру жеңіп шығады, егер де барлық жерде тәртіп үстемдік етсе, онда демократияда өмір
сүру қиынырақ, ал өте жақсысы — монархияда, егер жетінші түрді есептемегенде, оны
қалған барлық басқару түрлерінен, адамдардан шыққан құдайдай ажырата білу керек.
Кіші Сократ. Иә, көріп тұрғанымыздай, осының барлығы осылай болады және сен
айтқандай әрекет ету керек.
Жатжұрттық;. Осы барлық басқаруға қатынасатындарды білгір басқарушыдан ажырата
білуіміз керек, өйткені олар мемлекет қайраткерлері емес, тәртіп бұзушылар, ең үлкен
тажалдың құтқарушысы, ия олардың өздері де бар болғаны тажалдар, ірі еліктеушілер
және шарлағандар — софистер арасындағы ең ірі софистер.
Кіші Сократ. Саясатшымыз деп жүргендерге сен осы сөзді дәл таптың.
Жатжұрттық,. Мейлі! Ол бізде мүлдем драма болып кетеді. Осы айтқанымыз бойынша
кентаврлар мен сатирлардың шулы тобырын көреміз, оларды мемлекетті басқару өнерінен
қуу керек: енді оларды қиындықпен болса да бүл тобыр аластатылды.
Кіші Сократ. Енді бір түр қалды, ол патша тұқымына жақын болғандықтан, оны ажырату
қиын болады, түсінуге де қиынырақ. Біз алтын тазалап жатқан адамдарды еске түсіретін
сияқтымыз.
Кіші Сократ. Неге?
Жатжұрттық,. Шеберлер алдымен топырақты, тасты тағы басқа заттарды ажыратпай ма.
Осыдан кейін ғана, алтынға ұқсас, тек қана қымбат қоспалар қалады — тек қана оттың
көмегімен — мыс, күміс ал кейде алмас; олар балқытудың арқасында әзер бөлініп сынама
тастармен сыналып, ал осыдан кейін тана, қоспасыз таза алтынға айналады, осындай
алтынға сүйсіне қараймыз.
Кіші Сократ. Сонымен, көріп отырғандай, дәл осындай бізге енді саяси білімнен барлық
бөгде, отан жат оған дос еместерді айырып, тек қана баталы және жақындарды қалдыру
керек. Ал бүл әскери өнер, сот және шешендік20, кейінгісі патшалық өнермен байланысты
болғандықтан қалалық істерді басқаруда әділеттілікке ұмтылушылардың көзін жеткізу
арқылы. Осылардың барлығын оңай әдістермен ажырата отырып, жалғыз бір түрде ғана
жалаң көре аламыз.
Кіші Сократ. Оны жасап көруіміз керектігі түсінікті.
Жатжұрттық,. Бұл әрекетке байланысты болса, онда іздегеніміз табылады. Оны
музыканың көмегі арқылы тауып көрейік
Кіші Сократ. Не сонда? Айтшы маған.
Жатжұрттық,. Бізде қолдың шеберлігі жайында біліммен байланысты музыка ғылымы
және жалпы ғылым бар ма?
Кіші Сократ. Бар.
Жатжұрттық,. Не сонда? Осы ғылымдардың біреуін үйренуіміз керек пе жоқ па, осы
ғылымдарға қатысты білімді, бірдеңе жайындағы ғылым деп айтпаймыз ба?
Кіші Сократ. Иә, айталық.
Жатжұрттық,. Бірақ та біз айтамыз, бүл білім басқалардан өзгеше болады деп.