Page 310 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА 1

Basic HTML Version

310
монарх істің білгірі және ізгілікті басқаруға тырысушы, әркімге әділетті және шын
өзінікін бөліп беру, кез келгенді өлтірмеу, масқараламау, жауыздық жасамау керек. Біз сөз
қылып отырғанымыздай біреу пайда болса, оның тұсында барлығы қуана өмір сүрген
болар еді, бірден-бір кіршіксіз дұрыс мемлекеттік құрылымды сәтті басқарған болар еді
Кіші Сократ. Иә, әрине, басқаша қалай?
Жатжұрттық,. Араның омартасынан шыққан ана сияқты өзінің дене бітімімен,
қасиеттерімен басқалардан бөлекше жаратылған, барлығымен біріге отырып, жарлық
жазып, нағыз мемлекеттік құрылымның артынан жүруге тырысатын патша дүниеге олай
болса, келмейді.
Кіші Сократ. Анық.
Жатжұрттық,. Тек солай біздер, осындай жауыздық осындай мемлекеттерде болатынын
және бола беретініне таң қалмаймыз, егер солай болса олар осы негізде құрып бітеді.
Олардағы барлық жағдайлар жарлықтар мен әдет-ғүрыптарға байланысты болады, егер
кез келген мемлекет қарама-қарсы әрекет етсе, онда осындай жағдайда ол жарық
дүниедегінің бәрін бүлдіретіндігі кез келген адамға түсінікті.
Оданда мемлекет қалай өз табиғатынан мықты болатынына таң қалуға болады: қазіргі
мемлекеттер барлық уақыттардан бері барлық жауыздықтарды бастан өткеріп келеді,
солардың арасынан кейбіреулері мызғымайды және бұзылмайды. Шынымен ондайлар
көп, тұңғиыққа батып кеткен кеме құриды мүмкін апатқа ұшырауы, немесе болашақта
апат болады, өздерінің кеме жүргізушілерінің ештеме қолынан келмегендіктен — ұлы
істерде үлкен білімсіздік, мемлекеттік басқаруда ештеңе ойлай алмайтындар барлық
қатынастарда осы білімді меңгерсе болды деп ойлайды.
Кіші Сократ. Нағыз шындық.
Жатжұрттық,. Осы дұрыс емес мемлекеттік құрылымның өмір сүруі үшін қайсысында
қиынырақ және қайсысы бәрінен ауыр? Біздің қарастырып отырған пәнімізге қатысты бүл
екінші қатардағы сұрақ болғанмен де бұны біз қарастыруымыз керек. Шындығында,
өйткені біздің жалпы жасағандарымыздың барлығы осы мақсат үшін.
Кіші Сократ. Иә, бұны қарастыруымыз керек, әйтпесе қалай?
Жатжұрттық,. Сонымен қара: мемлекетті басқарудың үш түрінің біреуі бірдей уақытта өте
қиын және өте оңайы болады.
Кіші Сократ. Қалай деп айттың?
Жатжұрттық,. Ал міне қалай: монархия, азшылық билігі және көпшілік билігі, — бүл үш
[мемлекетті басқарудың үш түрі] басында атаған пікір өте ыдыраңқы сияқты.
Кіші Сократ. Иә, тура осы үшеуі.
Жатжұрттық,. Егер біз осы үшеуінің әрқайсын екіге бөлсек, бізде алты [түр] мемлекетті
дұрыс басқару ерекше жеке тұрады, рет саны бойынша жетінші.
Кіші Сократ. Басқарудың барлығы қалай көрінеді?
Жатжұрттық,. Монархиядан біздер патшалық билік пен тиранияны бөлеміз, азшылықтың
үстемдігінен аристократияны (керемет ат) және олигархияны көпшіліктің билігін қысқаша
атаумен бұрындары демократия деп атағанбыз, енді оны екіге болу керек.
Кіші Сократ. Оны қандай ғып бөлеміз?
Жатжұрттық,. Оның әзірше екінші аты жоқтығына қарамай, тура қалғандары сияқты.
Бірақ мемлекеттік биліктің басқа түрлеріндегі сияқты бұның тұсында да заңмен қатар
заңға қарсы басқарулар болады.
Кіші Сократ. Иә, солай.
Жатжұрттық,. Біз ол кезде көрсеткеніміздей, бұрында мемлекеттің дұрыс құрылымын
іздегенде, бұндай болу пайдасыз болар еді.. Енді біздер осындай түрлердің керектігін
мойындап, осы дұрыс құрылымдарды бөлгеннен кейін, осы соңғысының әрбіреуін
заңдылық пен заңға қайшылық екіге бөледі.
Кіші Сократ. Сенің түсіндірмең мұны шындыққа саяды.