Page 309 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА 1

Basic HTML Version

309
Жатжұрттық,. Өйткені мен ойлаймын, егерде кім де кім ұзақ тәжірибелер анықтап және
кеңесшілердің ізгі ойларынан туындаған заңдарды бұзғысы келсе, әркез халықты осы
заңдарды қабылдау керектігіне көзін жеткізіп отырса, ондай адам қылмысқа қылмыс тізіп
жарлықтан да әрі бұзылған болар еді.
Кіші Сократ. Басқаша қалай?
Жатжұрттық,. Сондықтан екінші бір ереже, кім қандай да бір заң немесе жарлық шығарса,
оны ешқашан ешқандай жағдайда ешкімге, тобырға да бұздырмау.
Кіші Сократ. Дұрыс.
Жатжұрттық,. Білгір адамдардың күшімен жасалынған осы заңдар мен жарлықтар заттың
ақиқаттығына еліктеу емес пе?
Кіші Сократ. Әрине.
Жатжұрттық,. Ал, есіңізге түсіріңізші — білгір адам — нағыз саясаткер жарлықтарды
қолданбай өнерді басшылыққа ала отырып барлығын жасайды деп, өзінен бір
себептермен, өзі жазып өзі жазаланған алыста жүрген біреуден, егер олай болса жақсы
болып көрінеді.
Кіші Сократ. Иә, біз солай деп айтқанбыз.
Жатжұрттық,. Сонымен, бір адам немесе көпшілік өздеріне бұйырылған заңды, оны
өздеріне, жақсы болып көрінгендігі үшін бұзғысы келсе, онда сол нағыз саясаткер сияқты
әрекет еткен болар еді.
Кіші Сократ. Күдіксіз.
Жатжұрттық,. Сонымен, егер олар ақиқатқа еліктегісі келгенмен жаман еліктейді —
осылай істейтіндер білімсіздер, егер олар шебер адамдар болса, онда бұл еліктеу емес,
нағыз жоғарғы ақиқаттың өзі болады.
Кіші Сократ. Сөзсіз.
Жатжұрттық,. Біз жоғарыда келіспеп пе едік, тобыр ешқашан ешқандай жағдайда ешбір
өнерге ие бола алмайды деп.
Кіші Сократ. Иә, бұл шешілген.
Жатжұрттық,. Егер патшалық өнер бар болса, көптеген бай адамдар да, бүкіл халық та
бұндай білімді алуға мүмкіндіктері болмайды.
Кіші Сократ. Иә, бүл мүмкін емес.
Жатжұрттық,. Көріп отырғанымыздай, осындай мемлекет нағыз мемлекеттік құрылымға
елдері келгенше ұқсауға тырысады, сол мемлекетті шебер бір адам басқартып болса —
сонда қабылданған заңдар мен отандық әдет-ғұрыпты ешқандай жағдайда бұзбауы тиіс.
Кіші Сократ. Сонымен, өте жақсы мемлекеттік құрылымға байлар еліктесе, онда біздер ол
мемлекеттік құрылымды аристократия деп атаймыз, ал қай кезде ол заңмен санаспайды,
бұл онда олигархия болады.
Жатжұрттық,. Кім білімді басшылыққа ала отырып жалғыз өзі басқарса, одан атын
өзгертпей кім тағы бір өзі заңға және пікірлерге сүйене отырып басқарса, қашан бір адам
заңмен және білгір басшыға еліктесе, онда оны біз патша деп атаймыз.
Кіші Сократ. Солай болсын.
Жатжұрттық. Демек, егер нағыз білімді адам жалғыз өзі басқарса, оның аты ешқандай
басқа емес, сөзсіз оның аты "патша" болады. Осының арқасында біздің тізіп көрсеткен
мемлекеттік құрылымның бес атауы бір арнаға тоғысады.
Кіші Сократ. Солай болар.
Жатжұрттық,. Бірақ осы жеке басқарушы, заңмен де, әдет-ғүрыптармен де санаспай,
жарлықтарға қарамай барлығын жақсылыққа қарай бағыттағысы келеді, іс жүзінде ол
өзінің еліктеуінде адасушылық пен қателікті басшылыққа алады, осындай адамды кез-
келген осы сияқтыны — тиран деп атаса болмай ма?
Кіші Сократ. Басқаша қалай?
Жатжұрттық,. Сонымен, біз айтамыз, өмірге тиран мен патша, олигархия, аристократия
және демократия келді, адамдар осындай жекеше монархтарға риза болмайды, оларға
сенбейді, және ешкім де жекеше билік жүргізуге лайықты емес деп есептейді, өйткені