30
жылдамдықты сыйлаған; біреулерін қарумен жарақтандырса, екіншілерін қарусыз ете
отырып, оларды құтқаруға арналған қандай да бір басқа амал ойлап тапқан: ол кімді
кішкене бойлы етіп жаратса, соған құс болып ұшуды немесе жер астында өмір сүруді
тарту еткен, ал бойшаң етіп жаратқандарының сонысымен - ақ құтылып кетуіне мүмкіндік
туғызған; басқа қабілеттерді де осылай бөліп беру арқылы ол бәрін тең жағдайға
келтірген. Бұл орайда ол бірде-бір тек құрып кетпеуі үшін сақтық жасаған. Ол бұларға
өзара қырқысудың әр түрлі амалдарын берген соң зевстік жыл мезгілдерінен қалай
қорғануы керектігін де ойлап тапты: оларды қыстың үскірік аязынан да, жаздың аптап
ыстығынан да қорғай алатын өз апанына кіргенде олардың әрқайсысына өз төсеніші
болып қызмет ететін қою жүнмен, қалың терімен киіндірді; ол біреулеріне тұяқ, ал
екіншілеріне — қан жүрмейтін қалың тері мен тырнақ берді. Содан соң әр түрлі тектерге
әр түрлі тамақ: біреулеріне — дән, екіншілеріне — ағаш жемістері, үшіншілеріне —
өсімдіктердің тамырларын жасап шығарды, ал кейбіреулерінің басқа жануарлардың
етімен қоректенуіне рұқсат етті. Бұл орайда ол бұларды өздері құрбандыққа шалатын
жануарлардан аз көбейетіндей жағдайға қойып, осы тектердің де қырылып қалмауын
ойластырды.
Алайда Эпиметей аса данагөй болмады, қабілеттердің бәрін толық жұмсап қойғандығын,
адам тегін әлі ештеңемен жабдықтамағандығын аңғармады, сөйтіп енді не істеу керектігін
білмей аңырып қалады. Ол осылай аңырып тұрғанда, қабілеттердің қалай бөлінгендігін
тексеру үшін Прометей келеді де, басқа жануарлардың бәрі қажетті нәрселердің бәрімен
де тиісінше жабдықталғандығын, ал адамның төсек-орынсыз, қару-жарақсыз, әрі
жалаңаш, әрі жалаң аяқ қалып қойғандығын көреді, ал бұл кезде адамның да Жердің
астынан жарық дүниеге шығатын күні жақындап қалған еді. Адамға көмектесудің қандай
амалын тапсам екен деп дал болған Прометей Гефест пен Афинаның ғажайып өнерін
отпен бірге ұрлап алады, өйткені отсыз ешкім де бұл өнерге ие бола алмас еді немесе оны
пайдалана алмас еді. Прометейдің адамға тартқан сыйы — осы. Адамдар тіршілік ету
қабілетіне осылай ие болды, бірақ олар әлі қоғамдасып өмір сүруді білмейтін еді — бұл
қабілет Зевстің иелігінде болатын, ал Зевстің тұрағына, оның бас қаласына баруға
Прометейдің құқығы жоқ еді, оның үстіне Зевстің күзетшілері тым қорқынышты болатын.
Бірде Прометей Гефест пен Афинаның тек ортақ шеберханасына ғана жасырынып кіріп
кеткен еді, бұл кезде олар өздерінің шебер меңгерген кәсібімен шұғылданып жатқанды.
Гефест пен Афинаның отты пайдалана білудегі қабілеттіліктерін білдірмей ұрлап алған
Прометей мұны өз кәдеңе жарат деп адамға береді. Ал Прометейдің өзі аңызда
айтылғанындай, Эпиметейге бола жасаған сол ұрлығы үшін кейін жазасын тартады.
Адам өзінің пешенесіне бұйырған жазмышпен өмір сүргелі тірі тіршілік иелерінің ішінде
тек жалғыз сол ғана өзінің құдаймен туыстығы арқасында құдайларды мойындай бастады
және оларға табынып, құрмалдық шалатын орындар салуға кірісті; бұдан соң көп ұзамай
айқын сөйлеп, маңайдағылардың бәріне ат қоя бастады, сонымен бірге тұрғын үй, киім,
аяқ киім, төсек-орын дайындаудың әдіс-тәсілдерін ойлап тапты. Осылай орын тепкен
адамдар бастапқы кезде бытыраңқы тұрды, қалалар әлі болған жоқ, адамдар андардан
жапа шекті, өйткені қай жағынан алып қарасаңыз да олардан әлсіздеу еді, ұқсата білу
шеберлігі адамдарға тамақ тауып жеуге қандай жақсы көмектессе де, андармен күресте
аздық етті: өйткені адамдар бір бөлігі әскери іс болып табылатын қоғамда өмір сүру
өнерін әлі игермеген болатын. Сол себепті де олар бірге тұруға ұмтылып, өздерінің
қауіпсіздігі үшін қалалар сала бастады. Бірақ олар бір жерге жиналған бойда-ақ бір-біріне
қиянат жасай бастады, өйткені олар бірлесіп тұруға бейімделмеген еді, сөйтіп, тағы да
олардың бөлектеніп тұруына, өлім-жітімге ұшырауына тура келді.