Page 308 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА 1

Basic HTML Version

308
Осы айтылған өнердің бірде-біреуі болашақта шексіз түрде не құл, не азат кісі бұйыра
алмайтындай біздер шешім шығаруымыз керек, ал өзіміз болсақ халықтың өкілдерімен,
немесе байларға тана — білгір емес, басқа аймақтың шеберлеріне жүзу туралы немесе
аурулар жайлы өз пікірімізді айтамыз: қандай емдік дәрі-дәрмекпен ауруларды емдеу
керек немесе жақсы жүзу үшін қандай кемелер мен корабльдің жабдықтарымен пайдалану
керек, егер қауіп қатерді көрген кезде не істеу керек, бір жатынан, теңізде толқын мен
дауыл тұрғанда жүзу, теңіз қарақшыларымен кездескен кезде, үлкен әскери-теңіз
кемесінің қарсылықтарымен айқасқа шығуы жөн бе әлде бұрыс па? Дәрігер мен кеме
жүргізушілер айтқандай, білгір емес адамдар қалай есептейді — үшбұрышты таблица мен
стелаларға кіргізіп, осыдан бірдеңені жазылмаған әдет-ғұрыптарды алып болашақта
теңізде осылай жүзіп, аурулардың барлығын осылай пайдаланамыз.
Кіші Сократ. Сен өте оғаш нәрселерді айтып кеттің.
Жатжұрттық,. Жыл сайын жребийдің көрсетуі бойынша тобырды басқарушы —
байлардан немесе халықтың ішінен тағайындалатын болады. Осы сайланған
басқарушылар басқарады, кеме жүргізеді, ауруларды көрсетілген нұсқаулар бойынша
емдейді.
Кіші Сократ. Бұл өте таңқаларлық.
Жатжұрттық,. Бұдан кейін не боларын қара. Әрбір басқарушыға басқаруына бір жыл
толғаннан кейін, сот шақырылып, көпшілігі бай адамдардан немесе халық өкілдерінен
кімге жребий түссе, осы соттардың алдына ел басқарушыны қойып, олардан кез келген
адам жыл бойы кеме жүргізгенін, олардың ережелеріне сүйенбей, ата-бабаның салт-
дәстүріне қарамай, тура осындай жазаны ауруларды пайдаланған дәрігерге де есеп беруін
талап етеді.Осылардың арасынан кейбіреулер жазаланса, ол оны қалай өтеуі керек немесе
қандай штраф төлеуі керектігін бірнеше сот шешеді.
Кіші Сократ. Ондай жағдайда ол адам оз еркімен құмартып ел басқарса, жазаны әділ
өтейді, ол неден тұрса да.
Жатжұрттық,. Осылардың барлығына қосымша заң қабылдау керек. Егер біреулер кеме
жүргізу өнерін үйренсе, немесе дәрігерлік істе шындыққа жетудің жолын іздесе — желге,
ыстыққа, суыққа байланысты — нұсқауларды бұзса осы сұрақтарға өзінше ақылгөйсісе,
біріншіден оны дәрігер деп те атамай үстірт қараушы, бос сөзуар мен софист деп атаймыз.
Сонымен қатар, ол басқаларды еліктіріп, өзінен кішілерді, оларды заңға бағынбай, өз
еріктерімен кемені жүргізіп, ауру адамдарға басшылық жасаса онда кез-келген адам оны
сотқа шақырып алады, егер ол басқаларды заңға және жазылған ережелерге қарсы оқытса
— ол жас немесе кәрі болсын ол ең жоғары дәрежеде жазасын алуы тиіс. Өйткені заңнан
дана болуы мүмкін емес. Қосымша барлығы жаппай дәрігерлік өнерді де, кеме жүргізу
өнерін де, оны әрбір ынтасы бар адам еліндегі ескі нұсқаулар мен әдет-ғүрыптардан
үйренуіне болады.Солай Сократ, өзіміз айтқандай егер осы білімдермен осылай болса,
қалған өнерлер — әскери іс, аңшылық өнердің барлық түрлері, живопись, еліктеуші
өнердің әрбір бөлігі, құрылыс, әртүрлі үй аспаптарын жасау, жер өндеу және өсімдік
өсіру, сонымен бірге ат жемдеу, табындарды бағудың түрлері, сәуегейлік, қызмет етудің
барлық түрлері, шайбы ойнау, арифметика — таза ма әлде жазықтықты, тереңдікті және
жылдамдықты өлшеуге арналған ба — осылардың барлығы жарлыққа сәйкес орындалса,
өнердің көмегінсіз, онда бұдан не шығар еді?
Кіші Сократ. Түсінікті, Заң зерттеуге тыйым салса, онда бізде барлығы өнермен қоса
жоғалған болар еді, ешқашан қайта жаңғырмас еді. Сөйтіп, онсыз да қазір қиын болып
тұрған өмір ол кезге дейін мүлдем төзгісіз болар еді.
Жатжұрттық,. Сен келесіге не деп айтар едің: егер біз осының бәрін еріксіз түсінсек осы
тізілгендердің бәрі жарлық бойынша істелінеді, осының орындалуын бақылауға
жребиймен немесе дауысқа салып сайланған біреуді қойып, ол жарлықпен ісі болмай,
пайдакүнемдік тұрғыдан немесе жеке жағдайына байланысты барлығын керісінше
жасаған болар еді, ешқандай мағынасыз — осы жауыздық алдыңғыдан ащылау емес пе?
Кіші Сократ. Иә, бұл нақты шындық.