Page 307 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА 1

Basic HTML Version

307
Жатжұрттық,. Егер зорлық көрсетуші бай болса, оның зорлығы әділетті, егер кедей болса,
керісінше болып кетпей ме? Немесе, кім кімді сендірсін сендірмесін, ол кедей ме әлде бай
ма, заңмен негіздеп немесе оларға қарсы пайдалы іс жасайды, нағыз осы іс мемлекетті
басқарудың нағыз дұрыс өлшеуіші болып табылып, осының көмегімен дана және
мейірімді ер өзінің билігіндегі адамдардың істеріне жетекшілік ете алмай ма? Кеме мен
теңізшілердің пайдасын көздейтін кеме жүргізуші жазылмаған заңдарға бағына, өнерге —
ол үшін заң болып табылатын, солай ол бірге жүзіп жүрген жолдастарының өмірін
сақтағаны сияқты, білгір мемлекет басқарушы мемлекеттік құрылымды сақтап отырса,
онда өнердің күші заңнан басым болады. Әзірше саналы басқарушы барлық істе ұлы
ережені ұстанса, олар кінәлі болмас еді, ол ережелер мемлекетте үлесті барлығына
ақылды және шебер болу, барлық азаматтарды сақтай білу оларды мүмкін болғанша
жаманнан жақсыға айналдыру керек.
Кіші Сократ. Сенің айтқандарыңа қарсы айтатындай ештеңе жоқ.
Жатжұрттық,. Иә басқасына да қарсы.
Кіші Сократ. Сен нені айтып тұрсың?
Жатжұрттық,. Әйтпесе, ешқашан көпшілік олар кім болмасын, олар мынадай біліммен
мемлекетті басқара алмайды; жалғыз түзу мемлекеттік құрылымды аздың ішінен іздеу
керек. Азшылық арасынан немесе біреуінен, ал қалған мемлекеттер тек еліктеуші,
бұрынырақта айтқанымыздай, кейбіреулері дұрыс мемлекеттегі барлық жақсыға
еліктеуші, кейбіреулері — нашарларға еліктеуші.
Кіші Сократ. Сен қалай-қалай айттың? Еліктеу жайында айтқандарыңды мен бұрында
түсінбеген едім.
Жатжұрттық,. Егер кім осы ойды өрбітіп, сол жерде қалдырса, болашақта онда қазіргі
қателіктердің болмауын жасаса жаман болмас еді.
Кіші Сократ. Ол қандай қателіктер?
Жатжұрттық,. Қарасаң өте жой және жеңіл емес. Бірақ біз оны ұстауға тырысамыз, міне
қандай қателіктерді іздейміз. Қараңыз: біздің көрсеткен мемлекеттік құрылымымыз
жалғыз дұрыс десек, онда біздің ойымызша оның нұсқауларын орындай отырып, біздің
қазіргі мақұлдағандарымыз ең дұрысы болмаса да, басқаларға өзін қорғауға тура келеді.
Кіші Сократ. Біз сонда нені мақұлдап жатырмыз?
Жатжұрттық,. Иә, ол солай: азаматтардың ешқайсысы ешқашан заңға қарсы әрекет
істемеуі керек, егер ондайға батылы барғандарды өлім жазасына және басқа да қатал
жазаларға тартуға болады. Егер біреулер оны өзгертпесе, мұндай құрылым — біріншіден
кейінгі ең тамаша, ең дұрыс құрылым болар еді. Біздің екінші деп атап отырған
мемлекеттік құрылым қалай пайда болатынын шешіп алайық. Сен келісесің бе?
Кіші Сократ. Сөзсіз.
Жатжұрттық,. Патшалық басқарушыларға байланысты қолданылатын ұқсастықтарға
қайтадан оралайық.
Кіші Сократ. Сен қандай ұқсастықтар жайында айтып тұрсың?
Жатжұрттық,. "Көп адам тұратын мейірімді кеме жүргізуші мен дәрігер жайында , оларға
қарап тұрып солардың көмегімен бір бейнені елестетеміз
Кіші Сократ. Қандай?
Жатжұрттық,. Ал міне қандай: өзімізге дәрігердің тарапынан болатын зор
жағымсыздықты сезіндік, олар біздерден кімді сақтап қалғысы келсе сақтайды, ал енді
кімді құртқысы келсе, оны қалайда құртады — тілумен және күйдірумен жәнеде осыларға
шығындарды сыйлық түрінде сала отырып одан ауруға аздаған ғана бөлігі тиер, ал
қалғанын дәрігер мен оның қызметшілері пайдаланады. Аурудың туыстарынан немесе
жауларынан ақшаны алып алғаннан кейін, оны өлтірумен аяқталады.'
Кеме жүргізушілер де мыңдаған осындай істер жасайды. Олар кейбір жаман ойлы
адамдарға еріп, адамдарды елсіз жағалауларға тастап кетеді. Теңізде апатқа ұшыраса, олар
адамдарды кемеден лақтырып, басқа да қастандықтар жасайды.