306
тағдырына патшалық таным жазылса, осы аты шулы заңды жаза отырып, өзіне өзі кісен
саламын деп тілей қоя ма екен.
Кіші Сократ. Иә, жатжұрттық, бұл осы қазір айтылғандардан түсінікті.
Жатжұрттық,. Ол келесіден одан да айқынырақ болып көрінеді.
Кіші Сократ. Анығырақ айтқанда.
Жатжұрттық,. Былайша: Дәрігер немесе гимнастика мұғалімі өзінің қамқорлығындағы
адамдардан алысырақ ұзақ уақытқа кетерде, олар ештеңені ұмытпаулары үшін осы
аурулар мен гимнастика жасаушы оқушыларға ескерту жарлығын жазып қалдыруды
ұйғарады.
Кіші Сократ. Солай.
Жатжұрттық,. Ал, егер ол осы күткен уақыттан аз уақыт жоқ болса ше? Желден бе, әлде
ауа райының басқа да күтпеген жағдайларынан ауруларға жақсы болып кетсе, неліктен ол
қайта оралған соң, бұрынғы жазып кеткендерінен басқа нұсқаулар бере алмайды?
Қалайша ол қасарысып, бұрынғы айтқандарынан қайтпай оған жаңа нұсқаулар беруге
болмайтындай ауруға сол жазылғандардан аттауға болмайтындай. Жазып қойылғандардан
сауығуына шипа болатындай, басқалары білімсіздік пен ауру қылатын сияқты есептейді.
Егер осылар ғылым мен нағыз өнерде болып жатса осындай нұсқаулар қатты күлкі
келтірген болар еді.
Кіші Сократ. Сөзсіз.
Жатжұрттық,. Біреу адамдар тобырына әділеттілік пен әділетсіздік жайында, жақсылық
пен жексұрындық туралы, мейірімділік пен зұлымдық жайында жазса, немесе ауызша
осындай заң ережелерін шығарса, қалада заң ережелері нұсқауларына байланысты
бағушылар істі біліп жазады, немесе кенеттен басқа осындай біреу шықса, сондықтан
неліктен осы жазылғандардан басқаны орнықтыра алмайды? Біздің алдында айтқанымыз
сияқты, бүл шектеу неге күлкі келтірмейді.
Кіші Сократ. Басқаша қалай? Әрине келтіреді.
Жатжұрттық,. Білесің бе, мұндай жағдайда адамдар не деп айтатынын?
Кіші Сократ. Әзірше аңғара алмай тұрмын.
Жатжұрттық,. Егер біреулерге бұрынғы заңдармен салыстырғанда жақсырақ заңдар
белгілі болса, онда әрбір азаматтың көзін жеткізбейінше шығаруына болмайды деп айтып
жүр, бүл өте қисынды естіледі.
Кіші Сократ. Ал сонда немене? Бұл дұрыс емес пе?
Жатжұрттық,. Мүмкін дұрыс та шығар. Ал кім де кім, ешкімнің көзін жеткізбей, жақсыны
күшпен таңса, ондай зорлықты не деп атаймыз? Бірақ та тұра тұршы. Алдымен
бұрынғылар жайында айтшы.
Кіші Сократ. Нақ не жайында?
Жатжұрттық,. Егер өзінің өнерін жақсы меңгерген біреу, дәрігердің көзін жеткізбей
тұрып, бұрын тағайындалғандарға қарамай балаға, әйелге немесе ерге жақсырақ емді
ұсынса, ондай зорлық не деп аталады? Өнерге қарсы қатесіз ешқандай зиян келтірмейтін,
кез келген атпен атауға болады. Зорлап емдеуші дәрігерден білімсіздік пен зиянды көрдім
деп айтпағанмен, жәбір көруші не айтуына болады.
Кіші Сократ. Сен нағыз шындықты айтып тұрсың.
Жатжұрттық,. Ал мемлекетті басқару өнеріне қарсы қате жіберушілікті бізде не деп
атайды? Масқаралық, жаман және әділетсіздік емес пе?
Кіші Сократ. Соз жоқ.
Жатжұрттық,. Ал егер біреулерді жазылған және жазылмаған отандық заңдарға қарсы
бағытталған нәрсені жасауға күштеп көндірсе, бұрынғылардан жақсы және керемет деп,
жақын арада жалпы келеке күлкіге айналдырмасын десе, осы адамдардың осындай ұятты
күйлерін қалай деп айтуға болады. Бүл жерде жәбірленушілер мен жәбір көрсетушілерден
жауыздық, масқаралық және әділетсіздіктен басқа нені айтса да болады?
Кіші Сократ. Сен нағыз шындықты айтып тұрсың.