305
Кіші Сократ. Жат елдік, сен барлық басқалары жөнінде керегінше айттың, ал заңсыз
басқару туралы есту ауырлау.
Жатжұрттық,. Сен менен өзіңнің сұрағыңмен озып кеттің. Сократ, мен сенен өзім сұрайын
деп едім, менің айтқандарымды түгел қабылдайсың ба, немесе осылардың ішінде
жарамсызы бар ма, заңсыз басқарудың дұрыстығын ашуға тырысуымыз енді бізге
түсінікті.
Кіші Сократ. Өте дұрыс.
Жатжұрттық,. Заңдылық патша өнерінің бір бөлігі екендігі біршама түрде түсінікті, бірақ,
бәрінен әдемісі, күш заңда емес, зерделі патшалық құрушы ердің қолында екенін білесің
бе?
Кіші Сократ. Жоқ. Неге?
Жатжұрттык,. Олай дейтініміз заң дәлдігімен және әділеттілігі жағынан әркімге ең жақсы
болып табылатынды қамти алмайды, оған бұны таңуға болады. Адамдар ісіндегі және
адамдар арасындағы айырмашылықтар, сонымен бірге адамзатқа тән ешбір құбылыс —
ешқашан тыныштықта болмайды, осылардың барлығы қандай болмасын өнердің барлық
адамдарға және барлық уақытта бір мағынада пайда болмайтындығын көрсетеді. Біз
осымен келісеміз бе?
Кіші Сократ. Басқаша қалай болмақ?
Жатжұрттық,. Заң біздің бақылауымызша менменсіген надан адамдарға ұмтылады,
өздерінің бұйрығынсыз ешкімге ештеңе жасатпайтын, өзінің жазасымен салыстырғанда
біреулерге мүмкін жаңа болып көрінсе де сұратпайды.
Кіші Сократ. Нақты шындық: заң, әрқайсымызбен тура сен айтқандай қатынас жасайды.
Жатжұрттық,. Сондықтан, ешқашан қарапайым болып көрмегендіктен нағыз қарапайым
сәйкес келуі мүмкін емес.
Кіші Сократ. Солай болар.
Жатжұрттық,. Егер заң жетілмеген болса, заң шығару не үшін керек ? Біз осының себебін
табуымыз керек.
Кіші Сократ. Әрине.
Жатжұрттық,. Келесі бір жарыстар үшін сіздерде басқа қалаларда сияқты жүгіруден
немесе тағы басқалардан жалпы халықтық жаттығулардың салттары бар емес пе?
Кіші Сократ. Иә, ол өте кең тараған.
Жатжұрттық,. Келіңіз, есімізге бұйрықтарды түсірейік, кім гимнастикалық
жаттығулардың білгірі және осы бұйрықтарды беруге билігі бар.
Кіші Сократ. Сен нені көздеп тұрсың?
Жатжұрттық,. Сол адамның, немесе басқа адамның тәніне не пайдалы, оның байыбына
барып жатпастан әрқайсысына нұсқаулар беруді емес, керісінше дөрекілеу және
жақынырақ нұсқаулар берсе олар көпшілік адамдардың денесіне пайда әкеледі деп
ойлайды.
Кіші Сократ. Өте дұрыс.
Жатжұрттық. Сондықтанда мүмкін олар, бір уақытта барлықтарына жүгіріңдер деп
бұйырса, оларды жүгіруден, күрестен және ауыр дене жаттығуларынан тоқтата тұрып,
олардың арасындағы жүктемені бірдей бөледі.
Кіші Сократ. Иә, бүл анық.
Жатжұрттық,. Онда заң шығарушы өзінің тобырына өзара міндеттері мен әділеттілікке
байланысты міндетті жүктей отырып, әр қайсына өзінше дәл нұсқаулар бере алмайды.
Кіші Сократ. Шамасы солай болар.
Жатжұрттық,. Ол көпшілікке арналған, жалпыға ортақ, әркімге сәл ғана дөрекі түрде
жазылмаған отандық заңдармен салыстырып, жазбаша немесе ауызша әркімге арнап заң
шығарады деп ойлаймын.
Кіші Сократ. Дұрыс.
Жатжұрттық,. Әрине дұрыс. Иә, Сократ әркімнің тұсында оған әртүрлі және пайдалы
кеңестер беретін біреу табыла ма? Ал егер біреу-міреу осы жағдайда болса, біреулердің