304
Жатжұрттық,. Бірақ біз оны жалпы білімдердің ішінен таңдағанымыз жоқ, бұйрық беру
мен үкім шығара алуды бөліп алдық.
Кіші Сократ. Иә.
Жатжұрттық,. Бұйрық бере білуді біз жансыз түрлер мен жанды заттарға бөлдік; оны
осылайша бөле отырып, назарымыздан білімді шығармай, оны толық анықтай алмасақ та
ақыры осында келдік.
Кіші Сократ. Сен дұрыс айтасың.
Жатжұрттық,. Егер біздер бұрынғы айтқандарымызға жүгінсек, онда ол жерде
басқарушылардың саны коп пе әлде аз ба, зорлық-зомбылықсыз ба әлде өз еріктерімен бе,
сонымен бірге кедейшілікте ме бай ма, бірақта әйтеуір бір анықтайтын шекара — білімнің
бар екендігін түсінеміз.
Кіші Сократ. Басқаша жорамалдай алмайсыз.
Жатжұрттық,. Онда мұны міндетті түрде былай қарастырамыз: осы жоғарыда айтылған
[Мемлекеттік құрылымның] қайсысында адамдарды басқарудың сырлары жатыр? Ол
дегеніңіз ең бір қиындықпен қол жеткізуге болатын күрделі іскерлік. Оны түсінудің
керектігі өздерін саясаткерміз деп көпшілікті сендіріп жүрген, ал іс жүзінде саналы
түрдегі мемлекет басқарушыдан айырып білу үшін қажет.
Кіші Сократ. Бізге пікірлердің көрсеткеніндей істеуіміз керек.
Жатжұрттық,. Мемлекеттегі адамдардың көпшілігі осы білімді игеруі мүмкін сияқты ма?
Кіші Сократ. Олай болуы мүмкін емес сияқты.
Жатжұрттық,. Мыңдаған тұрғыны бар қалада жүз немесе кем дегенде елу адам оны игеруі
мүмкін бе?
Кіші Сократ. Бұлай болса,ол өнердің ішіндегі ең оңайы болар еді, мың адамның ішінен
оншама санда эллиндіктерге қарсы шығатын дойбыны өте жақсы ойнайтын ойыншыны
таппайсың, патша тұрмақ. Біз алдыңғы пікірлер бойынша патшаның білімі кімде бар, ол іс
жүзінде басқара ала ма жоқ па дедік.
Жатжұрттық,. Сен дұрыс еске түсірдің. Осыған байланысты, жақсы басқару, егер ол
болатұғын болса онда оны бір адамнан, екеуден әрі кетсе біраз адамнан іздеуге болады.
Кіші Сократ. Әрине.
Жатжұрттық,. Біздер оны қазір шешкеніміздей, ол адамдар ерікті түрде ме, әлде еркіне
қарсы басқара ма, жарғыларға сәйкес пе, оларсыз ба, олар бай ма әлде кедей ме әлдебір
басқару өнеріне сәйкес басқарады деп есептеуге мәжбүрміз. Өйткені біз дәрігерді дәрігер
деп есептейміз, ол бізді өз еркімен бе, әлде еріксіз емдей ме, олар бізді кескенде,
күйдіргенде, бізді пайдаланып басқадай аурулар жалғаса олар белгілі бір тәртіпке бағына
жұмыс істей ме, одан тыс па, кедей ме, бай ма, біздің денемізді тазалап па, жоқ әлде
әлсіретіп пе, керісінше қуаттандырып па әйтеуір емшілер біздің денемізді сауықтыру
үшін, оларды әлсізден шымырға айналдырып өздеріне тапсырылғандарды аман сау алып
қалу өнерін басшылыққа алады. Біздер осылайша дәрігер билігіне дұрыс анықтама
береміз.
Кіші Сократ. Сенікі өте дұрыс.
Жатжұрттық,. Басқару заңды ма жоқ па, ерікті ме еріксіз бе, бай ма, кедей ме ол басты
мәселе болмайды, оны есепке алып жату еш жағдайда дұрыс болмайды, және мемлекеттік
құрылымның ішіндегі ең мүмкін болатын дұрысы ондағы басқарушының нағыз білімділігі
анықталынғанда солай болып көрінетіндер емес.
Кіші Сократ. Өте тамаша.
Жатжұрттық,. Мемлекеттің гүлденуі үшін, кейбіреулерді жазалап қуып араның ұясындай
колонияларды қаладан шығарып тұрғындардың санын азайту, шеттен келген азаматтарды
қосу арқылы оны көбейту тана емес қашанға дейін бүл білім мен әділеттілікке
негізделгенше және мемлекет барынша нашардан жақсыға айналса біз ондай мемлекеттік
құрылымды — көрсетілген шекарада бірден-бір дұрысы деп атаймыз.Біздер дұрыс деп
тапқандарды, басқа мемлекеттік құрылымдар нағыз емес деп, оның ішінде біз жақсы
жабдықталғандар деп атап жүргендерге жақсы еліктесе, қалғандары нашар еліктейді.