Page 303 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА 1

Basic HTML Version

303
сіздердің қайсыларыңызға патшалық құру дәрежесі түссе, ең салтанатты және ежелгі
құрбандық шалу жүктеледі.
Кіші Сократ. Иә, сөзсіз.
Жатжұрттық,. Сонымен, бізге осы жеребе арқылы сайланған патша мен абызды олардың
қызметшілерін барлық қалғандарынан бөлгеннен кейін біздің назарымызға іліккен белгісіз
есепсіз тобырды қарастыруымыз керек.
Кіші Сократ. Сен кім жайында айтасың?
Жатжұрттық,. Өте бір ғажайып адамдар жайында.
Кіші Сократ. Атап айтқанда?
Жатжұрттық,. Бір қарағанда бүл түр әр алуан болып көрінеді. Бүл ерлердің көпшілігі
арыстанға, кейбіреулері кентаврларға және басқа да осыларға ұқсас жаратылғандарға
ұқсайды, көпшілігі сатирларға және соған ұқсайтын жаратылыстарға, олар өздерінің
пішіндері мен қасиеттерін тез басқаға өзгертеді. Иә, Сократ, ең ақырында мен ол
адамдардың кім екенін түсіндім.
Кіші Сократ. Айтшы енді. Әрине сен келіспейтін бірдеңені көрген сияқтысың.
Жатжұрттық,. Иә, бұл барлығына түсінбегендіктен келіспейтін сияқты болып көрінеді.
Қала ісімен айналысқан, жиынды көріп өзім де қазір ғана аң-таң болып тұрмын.
Кіші Сократ. Ол не жиын?
Жатжұрттық,. Олар, осы істің шеберлері, софистерден тұратын ұлы көзбояушылар.
Өзіміздің нені іздегеніміз жайында түсінгіміз келсе, ол өте қиын болса да, оларды нағыз
саясаткерлер мен патшадан ажыратуымыз керек.
Кіші Сократ. Иә, бұны ешқашан жіберіп алуға болмайды.
Жатжұрттық,. Мен де солай деп есептеймін. Сен маған мынаны айтшы.
Кіші Сократ. Не?
Жатжұрттық,. Бізде монархия — бүл мемлекетті басқарудың бір түрі.
Кіші Сократ. Иә.
Жатжұрттық,. Монархиядан кейінгіні мен ойлаймын, азшылық басқару деп атау керек.
Кіші Сократ. Енді қалай?
Жатжұрттық,. Мемлекеттік құрылымның үшінші түрі көпшіліктің басқаруында, оның аты
демократия емес пе?
Кіші Сократ. Иә, сөзсіз.
Жатжұрттық,. Егер біз осы екі мемлекеттік құрылымдағы қанау мен еркіндік,
қайыршылық пен байлық, заңдылық пен заңсыздықты зейінімізде ұстасақ, онда
әрқайсысын екіге бөлуге болады, соның ішінде монархия екі атпен: тирания және патша
билігі деп аталады.
Кіші Сократ. Иә, әрине.
Жатжұрттық,. Ал азшылық басқаратын мемлекет аристократия немесе олигархия деп
аталады.
Кіші Сократ. Сөзсіз.
Жатжұрттық,. Демократияға қатысты, мүлік иелеріне күйттеп немесе оз еріктеріне қарай
ма, заңдылықтарды сақтай ма, осыдан басқа ешкім дұрыс ат бере алмайды.
Кіші Сократ. Бұл, шын.
Жатжұрттық,. Ендеше? Егер олар мынандай шекарада тұрса, бір адамның басқаруында ма,
азшылықпен немесе көпшілікпен, кедей немесе бай ма, қаналған немесе бостандықта ма,
өздерінің заңдарынан айрылған ба осы қондырғыларды біз дұрыс деп есептей аламыз ба?
Кіші Сократ. Олай деп есептеуге не қарсы болып түр?
Жатжұрттық,. Осы ізбен үңіле қарашы...
Кіші Сократ. Қандай?
Жатжұрттық,. Бұрынғы айтылған бойынша қаламыз ба, әлде одан шегінеміз бе?
Кіші Сократ. Сен не жайында айтып тұрсың?
Жатжұрттық,. Біз патшалық басқаруды білімге сайдық.
Кіші Сократ. Иә.