302
Кіші Сократ. Сөзсіз.
Жатжұрттық,. Менің ойымша, біздің бұрынғы айтқанымыздай тоқымашымен талас
тудырушы жіп иірушілер мен жүн түтушілер тағы басқа шеберлер сияқты патшаның
іскерлігі жайлы талас тудырушылар құлдар мен басқа да күтушілер арасынан табыла ма
деймін. Ал қалғандары болса, біздіңше көмекші себептер деп аталғандар олардың қазіргі
кезде шұғылданатын істерімен қоса патша ісінен — мемлекетті басқару өнерінен
бөлектелініп шеттетілді.
Кіші Сократ. Ұқсас сияқты.
Жатжұрттық,. Кел, басқа да түрлерді, анықтап білу үшін жақынырақ келіп қарастырайық.
Кіші Сократ. Иә, бұл қажет.
Жатжұрттық,. Егер біз мынадай көзқараспен қарасақ, басты күтушілер біздің
ойлағанымыздай сапасы қарама-қарсы іспен шұғылданады.
Кіші Сократ. Қандай?
Жатжұрттық,. Сату-сатып алу жолымен келген күтушілерді талассыз құлдар деп атауға
болады: олардың, патша өнеріне қатысы аз.
Кіші Сократ. Әрине.
Жатжұрттық,. Ары қарай. Азат адамдар, өз еріктерімен күтушілер сословиесіне жанасушы
бір бірлеріне жер шаруашылығы мен басқа да қолөнер кәсіпшілігінен түскен өнімдерді
өзара бөлісушілер, біреулері базарда, басқалары құрлық пен суда қаладан қалаға көшетін,
сонымен бірге товарды ақшаға айырбастаушы, басқаларға ақша басқаша айтқанда, ол
адамдарды біз айырбасшылар, көпестер, кеме иелері және майда-шүйде сататындар
өздерін мемлекетті басқару өнеріне қатысы бар деп есептей ме?
Кіші Сократ. Бәрінен бұрын, мүмкін сатып алу — сату өнеріне.
Жатжұрттық,. Біз көріп отырғанымыздай кім шын көңілден жалданып қызмет етсе,
барлығына қызмет көрсетсе, біз оларды патшалық өнерге жатқызбаймыз ғой?
Кіші Сократ. Мүмкін болғанша!
Жатжұүрттық,. Ал, егер біреулер жайында, кімдер әрқашан бізге мынандай қызметтер
көрсетсе не деп атаймыз...
Кіші Сократ. Қандай? Сен не жайында айтып тұрсың?
Жатжұрттық,. Жаршылар түрінің қызметі жайында, сонымен бірге жазу соңына түскендер
туралы және бізге әрқашан көмек беретін және барлық жатынан билікке қызмет етуде
шеберлік көрсететіндер. Олар жайында біз не айтамыз?
Кіші Сократ. Олар не, сен айтқандай, мемлекет басқарушылар емес, қызметшілер ме?
Жатжұрттық,. Бірақ мен мемлекеттік өнерге қатысуға ерекше ұмтылушы адамдар осындай
жолмен анықталады деп түсімде сөйлескен жоқпын ғой. Бірақта қызметшілер
сословиесінен мемлекет адамдарын іздеу әбестік болар еді.
Кіші Сократ. Шүбәсіз.
Жатжұрттық,. Дегенмен, кім әлі сыналған жоқ соларға жақындайық. Және кімдер
сәуегейлікпен айналысса, қызметтік білімнің бір бөлшегі бар: оларды адамдар арасында
құдайды еркін түсіндіруші деп есептейді.
Кіші Сократ. Иә.
Жатжұрттық,. Тура осындай, абыздар түрі,олар құрбандық шалу арқылы біздің
сыйлықтарымызбен құдайға жағу деп уағыздап, ал одан дұға оқу арқылы біздерге әртүрлі
игіліктерді сұрау деп есептейді.
Кіші Сократ. Бұл ақиқат.
Жатжұрттық,. Олай болса біз алға қарай жүре алатын ізге түскен сияқтымыз. Абыздар мен
сәуегейлер жағдайы мынандай, жоғары ойлауда орындалған және өздерінің
бастамаларының маңыздылығының арқасында аса құрметке ие. Египетте патша абыз
дәрежесінде болмаса билік жүргізе алмайды, егер біреу-міреу басқа сословиелерден
күштеу жолымен таққа жетсе де болашақта бәрібір абыздық дәрежеге жетуі тиіс. Сондай-
ақ эллиндіктерге барлық жерлерде жоғарғы биліктерге ең маңызды құрбандықтар әкелу
жүктеледі. Өйткені бүл сіздерде де әбден мүмкін, іс менің айтқанымдай мынада болып түр