301
Жатжұрттық,. Осы айтылған қасиеті жоқ және пайда болудың себебімен емес, бар нәрсені
сақтаумен байланысты болатын, бүл құрал үшін дұрыс.
Кіші Сократ. Сен нені айтып тұрсың?
Жатжұрттық,. Әр алуан түр, бір мезгілде құрғақ және ылғалды, отты және сөнген, жалғыз
аты "сауыт": бүл түр көп мағыналы және менің ойымша, ізделіп отырған білімге еш
қатысы жоқ.
Кіші Сократ. Иә, ол қалай ие бола алады?
Жатжұрттық,. Үшінші мемлекет құрамындағы осы екеуінен өзгеше түр, әркез құрлықта
және судағы, қимылшаң және ешқандай қозғалмайтын, қымбат және ешқандай құнсыз, бір
ғана атқа ие, өйткені жалпы ол белгілі бір жайлап алуға жаралған және әрқашан біреуге
орындық болу үшін қызмет етеді.
Кіші Сократ. Ол не?
Жатжұрттық,. Төртінші түр туралы не айтуға болады. Біз, мейлі онда жоғарыда айтылған
қасиеттер, мысалы кез келген киім-кешек, қарудың маңызды бөлігі, балшықтан, тастан
жасалған тіреулер және мыңдаған басқа да ұқсас заттар бар болса да, ол бастапқы үш
түрден бөлек деп айта аламыз ба? Бұның барлығы қорғаныс үшін жасалатындықтан, бүкіл
бүл түрді қорғаныстық деп атап және оны үй құрылысы мен тоқымашылық өнеріне
жатқызуымыз әділдірек болар еді, бірақ оны мемлекетті басқару өнеріне жатқызуға
болмайды.
Кіші Сократ. Ол сөзсіз.
Жатжұрттық,. Ал, бесінші түрге еліктеуді тудыратын, тек біздің сүйіспеншілігімізге
бағытталған және құқылы түрде бір тана атаумен қамтылған көркемдеу өнері мен сурет
өнеріне, музыкаға қатыстының барлығын жатқызсақ қалай болар еді?
Кіші Сократ. Қандай атаумен?
Жатжұрттық,. Сонымен Дәл осы барлық ұқсас заттардың жарамды ортақ аттары бола
алады: өйткені бүл шындап емес ермек үшін жасалып отыр.
Кіші Сократ. Бұл да маған түсінікті. Жатжұрттық. Бұның барлығына шикізат болатын,
жоғарыда айтылған өнерлердің барлығы өз өнімдерін содан және сол арқылы жасайтын —
бүл басқа көптеген өнерлердің туындысы, әр алуан түр — біз оны алтыншы деп атасақ
бола ма?
Кіші Сократ. Сен нені айтасың?
Жатжұрттық,. Алтын, күміс және басқа жерден өндіріп алынатын металдар, сонымен
қатар орман кесушілер мен аралаушылар ағаш ұстасы кәрзеңкешілер өнерін сипаттайды,
ары қарай, ағаштардың қабығы мен жануарлар терісін сыдыру өнері және осыған ұқсас
өнер түрлері — тығын, папирус, белбеулер жасаушылар — бұның барлығы күрделі емес
түрлерден күрделі түрлер жасауға мүмкіндік береді. Біз бұның барлығын патшалық
білімге ешқандай қатысы жоқ адамзатқа қарапайым ежелгі қажеттіліктер деп атаймыз.
Кіші Сократ. Өте керемет.
Жатжұрттық,. Жетінші түрді тамақ табу деп атауға болады және денемен араласып өзінің
бөлшектерімен оның бөлшектерін түзіп жуық арада біз барлық осы түрге "біздің
асыраушымыз" деген аттан артық таппаймыз. Бүл түрді біз жер өндеушіге, аңшылыққа,
гимнастикага, емшілікке және мемлекетті басқаруға жатқызамыз.
Кіші Сократ. Әрине.
Жатжұрттық,. Үй жануарларынан басқа, барлық біздерге тиісті керек-жарақтар осы жеті
түрді құрайды. Қараңыз, олардың ең дұрыс орналасуы келесідей болар еді: ең бастысы —
ежелгі қарапайым заттар түрі, одан кейін құралдар, құмыралар, арбалар, жамылғыштар,
ойын, тамақ. Біздің есімізден шығып кеткен, осы аталған жеті түрдің біріне жатқызуға
болатын елеусіз заттарды бір шетте қалдырамыз: олар ақша түрі, баспалар және әртүрлі
чеканка белгілері бұлар үлкен бір атаулы түрге жатпағанмен біреулерін әшекейге
екіншілерін құралдарға жатқызуға болады.Үй жануарларына қатысты (егер құлдарды
қоспағанда), біз оны бұрынғыша бөлшектегендей, ол бүтіндей тобырды бағып-қағу
өнеріне жатады.