300
Кіші Сократ. Иә, не үшін?
Жатжұрттық,. Алдымен тоқымашылық өнері. Әлемдегі төңкерістер, софистермен бей
болмыстың мәні жайындағы әңгімелердің жайсыздығынан туған жалығушылыққа
байланысты айтылады. Бұның барлығының өте ұзақ болғанын түсіне отырып және
өзімізді сөге отырып, біз артық, коп нәрсе айтудан қорықтық. Бұның қайталанбасы үшін,
қосарым, осыған дейінгілердің бәрі осы мақсатта айтылған.
Кіші Сократ. Солай-ақ болсын. Сен бірақ рет-ретімен баяңда.
Жатжұрттық,. Демек, сен екеуміз, жаңа тана айтылғандарды есте ұстап, ылғи мадақтау
мен сөгуді айтылып жатқан нәрсеге білдіру керек деймін, қысқалық пен ұзындыққа сай,
сонымен бірге, біз бір сөздің немесе басқаның ұзақтықтарын салыстыру негізінде
қорытпауымыз керек, бірақ өлшемдік өнердің алдында айтылған бөлігіне сай, дәлірек
айтсақ, ұқсастыққа сай.
Кіші Сократ. Дұрыс.
Жатжұрттық,. Бірақ, барлығына қатысты емес. Соз рахаттанушылыққа қатысты болған
кезде жәй соз арасында болмаса бізге оның ұзақтығын анықтаудың қажеті жоқ, қалай
болғанда алға қойылған тапсырманы тезірек және оңай шешу туралы соз болғанда зерде
біріншіге қарағанда екінші жауапты жоғары бағалауды бұйырады. Сонымен қоймай, ол
барлық заттарды түрлерге болу тәсілін және ұзақтығына қарамастан, егер олар
тыңдаушыны тапқыр қылса, түсініктеме беру тәсілін (жауапты) жоғары бағалауды
ұсынады; қысқа қайыру тәсілі де дәл осындай жағдайда. Және тағы: осындай әңгімені коп
сөзге балап бетке басса және бұндай орап өтетін тәсілдерді қабылдайтындарға сөздің тек
ұзақтығы үшін сөгуге оп оңай және тез жол беруге болмайды, бірақ оның қайткенде сөзді
қысқарақ жасауға болатынын және әңгімелесушілерден бұрынғыдан гөрі жақсырақ
диалектик шығаруға, пайымдауларында және мәнді түсіндіруде тапқырлық жасауға
болатынын көрсетуді талап ету керек; тіпті әңгімелесушілерге сөгу мен мадақтауларға
көңіл бөле беруге болмайды, ондай әңгімелерді тыңдап та қажеті жоқ.
Егер сен менімен келіссең, бүл туралы жетер. Өзіміз түсініктеме берген тоқымашылық
өнерді мысалға ала отырып, саясаткерге оралайық.
Кіші Сократ. Сен жақсы айттың. Сенің айтқаның болсын.
Жатжұрттық,. Сонымен біз патшаның [өнерін] оған туыстас көптеген өнерлерден, әсіресе,
тобырды күтіп-бағуға қатысты өнерлерден бөліп алдық. Енді біз мемлекеттің өз өміріне
негізгі және қосалқы себепкер болатын өнерлерді бір-бірінен ажырату керек дейміз.
Кіші Сократ. Дұрыс.
Жатжұрттық,. Сен оларды екіге болу қиын емес екенін білесің бе? Оның себебі біз ары
қарай жылжығанда айдан анық болады.
Кіші Сократ. Яғни екіге бөлудің қажеті де жоқ қой.
Жатжұрттық,. Оларды екіге бөлуге болмайтын болса, мүшелеп, құрбандыққа шалынған
жануар сияқты бөлейік, әрқашан бөліктің кішісін алу керек қой.
Кіші Сократ. Біз енді не істейміз?
Жатжұрттық,. Бұрынғыдай тігін құралдарын жасау туралы соз болған кездегідей;ондай
өнерлер қаншалықты болса да, біз олардың барлығын қосалқы себептерге жатқызғанбыз.
Кіші Сократ. Иә.
Жатжұрттық,. Қазір біз, бұрынғыдан гөрі, дәл солай жасауымыз керек. Мемлекет үшін
үлкен бе, кіші ме қару жасаумен қанша өнер шұғылданса да, олардың барлығын біз
қосалқы себепке жатқызуымыз керек: біз оларға патшалық өнердің негізін қалауды
таңбасақта, оларсыз мемлекет те, саясат та болмас еді.
Кіші Сократ. Әрине, жоқ.
Жатжұрттық. Егер біз бұл түрді басқалардан ажыратуды қолға алсақ, біздің алдымызда
қиын іс түр, өйткені осы бар нәрсенің бір құралы бар деу әлдеқайда нанымдырақ болар
еді, бірақ біз мемлекеттің басқа құрылымы жайында айтамыз.
Кіші Сократ. Дәлірек айтқанда қандай?