Page 299 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА 1

Basic HTML Version

299
жеткілікті, меніңше, келесі жағдай бізге түсінуге көмектеседі: барлық өнер тең өмір сүреді
және үлкен мен кіші тек бір-бірімен қатынаста ғана емес, өлшемнің қалыптасуында да
өлшенеді деп есептеу керек. Егер бүл өмір сүрсе сол да өмір сүреді, ал сол өмір сүрсе, бүл
да өмір сүреді, яғни екеудің біреуі болмаса, онда екеуі де жоқ болар еді.
Кіші Сократ. Мұның дұрыс, бірақ ары қарай қалай болады?
Жатжұрттық,. Бұрын айтып жүргеніміздей, біздің өлшеу өнерін екі бөлікке бөлетініміз,
соның ішінде біреуіне сан, ұзындық, тереңдік, ендік және жылдамдықты өлшейтін өнердің
барлығын қарама-қарсылықпен салыстыра отырып жатқызсақ, ал басқасына осының
барлығын біркелкі, үйлесімді, дер кезінде, тиісті екі шектің аралығындағы ортасы болып
табылатынның барлығын салыстыра отырып өлшейтін өнерді жатқызатынымыз түсінікті.
Кіші Сократ. Сен бір-бірінен өте өзгеше екі үлкен бөлімдерді атадың.
Жатжұрттық,. Солай Сократ, кейде таңдаулы ақылдың иелері жоғары дәрежеде даналы
бірдеңе айтып тұрмын деп ойлап, дәлірек айтсақ — өлшем өнері барлық қалыптасып келе
жатқанға бағытталады дейді, — дәл осыны біз қазір айттық: болмаса өнердің аумағына
кіретіннің барлығының қалайда өлшемге қатысы бар. Бірақ, бүл адамдар ондай заттарды
қарастыруға үйреншіктенбей, оларды түрлерге бөле отырып, олардың арасындағы өте
үлкен айырмашылықтарға қарамастан, барлығын бір төбеге үйеді және оларды бір-біріне
тең деп санайды, сонымен қатар, керісінше, бөлуді қажет ететін нәрсені тиісті бөліктерге
бөлмейді. Сол арада көп заттардың арасында болатын ортақтықты байқасаң, алдымен
барлық түрлердің арасындағы айырмашылықтарды тауып алмай кері қайтпау керек және
керісінше, көптеген заттардың арасындағы әртүрлі айырмашылықтарды көрген кезде
абыржып, бақылауды ерте аяқтауды мүмкіндікке баламау керек, өйткені бұнымен барлық
ұқсас қасиеттерді біркелкілікке біріктіріп және барлығын бір мәнге саясың. Бірақ бүл
туралы, сонымен бірге барлық артықшылықтар мен жеткіліксіздік туралы айтылған нәрсе
жеткілікті болады.Тек біз осы жерде белгілеп алған өлшемді өнердің екі түрін сақтайық
және олардың не нәрсе екенін есте ұстауға тырысайық.
Кіші Сократ. Тырысайық.
Жатжұрттық,. Олай болса, енді басқа — біз өзіміз іздейтін нәрселерге қатысты және
осындай әңгімелерге ұқсас жалпы жағдайлар туралы пайымдауға көшейік.
Кіші Сократ. Сен қандай пайымдаулар туралы айтып отырсың?
Жатжұрттық,. Егер біреу-міреу бізден салауаттылыққа үйренуге қатысты әңгіме
төңірегінде сұраса: біреуге әйтеуір кез-келген бір есім қандай әріптерден тұрады деген
сұрақ қойылған кезде, бұндай зерттеу не үшін жүргізіледі, сол қойылған сұрақ үшін бе,
әлде қойылуы мүмкін сұрақтар төңірегінде барлығын білу үшін бе — біз бұған қалай
жауап берер едік?
Кіші Сократ. Әрине барлығын білу үшін.
Жатжұрттық,. Біздің саясаткерді зерттеуіміз не болды? Бүл оның тек өзі үшін ғана жасала
ма, әлде барлығының диалектикасынан хабардар болу үшін бе?
Кіші Сократ. Әрине соңғысы үшін.
Жатжұрттық,. Шындығында, ақыл есі дұрыс жағдайда, тоқыма өнері үшін тоқыма өнері
ұғымымен басын қатырмас еді. Бірақ мен ойлаймын түсінгісі келетіндерге қиындықсыз,
әуресіз және ойланбастан бере алатын жауапты табу қиын болмайтын кейбір заттарды
тануды жеңілдету үшін сезімдік ұқсастықтардың бар болатыны көптеген адамдарға
белгісіз. Ең жоғарғы және қадірлейтін нәрселерге келер болсақ, адамдарға оларды
ұғындыру үшін ұқсастықтар болмайды, біреулер сұраушының көңілін жеткілікті түрде
қанағаттандыра алатын осы ұқсастыққа сай келетін сезімдерді іздеудің қажеті жоқ.
Сондықтан да әркімнің түсіндірме бере алатын және оны қабылдай алатын қабілеттілігін
жаттықтыру қажет. Өйткені тәнсіздік ұлылық, ең кереметтік — тек түсіндіру арқылы ғана
мәлім болады және жанатының барлығы сол үшін айтылып отыр. Жаттығу неге қатысты
болса да, ол үлкенге қарағанда кіші затқа жеңілірек болады.
Кіші Сократ. Сен керемет айттың.
Жатжұрттық,. Кел, осының барлығын не үшін айтқанымызды еске түсірейік.