29
үйретуге болатын нәрселердің бәрінде де осылай бола бермек; егер олар оз ісінің шебері
деп есептемейтін әлдебір басқа адам оларға ақыл-кеңес беретін болса, ол сұлу, бай және
ақсүйек болса да, оның ақыл-кеңесіне құлақ аспайды, бірақ соның әзі сөйлеуге әрекет
жасауын қойғанша және әбден абдырап, райынан қайтқанша, не қарауыл оны
притандардың бұйрығы бойынша желкесінен алып сүйретіп, сыртқа лақтырып тастағанша
күліп, шу көтереді. Демек, өздері шеберлікке байланысты деп есептейтін істерде
афиналықтар осылай істейді.
Балташы, мысшы, етікші, көпес, кемеші, бай, кедей, текті, тексіз екендігіне қарамайды,
кез келген адам, қаланы басқару ісіне қатысты әлдебір мәселе жайында кеңесу қажет
болғанда, ақыл-кеңес бере бастайды, ал ол ешқандай білім алмаған жөне ұстазы болмаса
да ақыл-кеңес беру үшін тәуекелге бел буады деп ешкім де жазғырмайды, өйткені мұның
себебі түсінікті: афиналықтар мұндайлық ештеңені үйретуге болмайды деп есептейді.
Тек қаланың қоғамдық өмірінде ғана емес, жеке өмірде де азаматтардың ең ақылдылары
мен таңдаулылары да өздерінің бойындағы ізгілікті басқаларға бере алмайды. Мысалы
үшін осы жас жігіттердің әкесі Периклді алсақ та болады: ол ұстаздарға байланысты
нәрселердің бәрінде балаларына өте жақсы әрі биязы тәрбие берді. Ал өзі дана болып
табылатын мәселе жөнінде балаларын өзі де тәрбиелемеді, мұны өзгеге де тапсырмады,
сондықтан бүл жігіттер осы маңайда өз беттерімен қыдырыстап жүруді әдетке
айналдырды,— күтпеген жерден ізгілікке тап болмаспыз ба деп күтіп. Егер қажет десеңіз,
тағы да бір мысал келтірейін: нақ сол Перикл, осы Алкивиадтың інісі Клинийдің
қамқоршысы болғандықтан, оны Алкивиад теріс жолға салмасын деп қауіптеніп,
Клинийді Арифронның үйінде тәрбиелеуге берді, бірақ алты ай өтпей жатып, Арифрон,
онымен не істерін білмей, мұны қайтарып жіберді. Өздері жақсы бола тұрып, өз
үйдегілерге де, өзгелерге де жақсы ықпал жасай алмаған басқа да көптеген адамдарды мен
саған атап бере аламын. Осыған қарап, Протагор, ізгілікке тәрбиелеуге болатындығына
мен сенбеймін: алайда сенің сөздеріңді естігеннен кейін мен райымнан қайтайын дедім
және сен нақты істі айтып отырсың деп ойлаймын: сенің тәжірибең мол деп есептеймін,
сен коп нәрсе үйрендің, кейбір жаңалықтарды өзің де аштың. Демек, ізгілікке үйретуге
болатындығын бізге айқынырақ дәлелдей алсаң, мұныңды ішке бүгіп қалмай, көз жеткізе
дәлелдеп бер.
Мен мұны, Сократ, жасырмаймын,— деді Протагор. — Бірақ мен мұны сендерге
қалай дәлелдемекпін: қарттар жастарға айтатын аңыз-әңгімелердің көмегімен бе, әлде
пайымдаудың көмегімен бе?
Қатысып отырғандардың көбі өз қалауыңыз бойынша баяндай беріңіз деп жауап
қайтарды.
Олай болса, меніңше,— деп ұйғарды ол,— сендерге аңыз-әңгіме айтып бергенім
жөн болар.
Бір кездері құдайлар өмір сүріп, ал өлімнің құрығынан құтылмайтын тектер әлі
жаратылмаған заман болған. Бұл тектердің де жаратылатын уақыты таянған кезде,
құдайлар оларды Жердің терең қабатында, от пен топыраққа қосуға болатындардың бәрін
қамти отырып, топырақ пен оттың қоспасынан жасауды қолға алған. Құдайлар бұларды
жарық дүниеге шығаруға ниет еткенде, Прометей мен Эпиметей оларды әр түрлі түстерге
бояп, әр текке лайық қабілеттерді бөліп беруді бұйырған. Эпиметей бұл бөліспен өзім
айналысайын деп Прометейден ризалық алған. "Мен бөліп болған кезде,— деген ол,— сен
келіп көресің". Оны көндірген соң Эпиметей бөле бастаған: бұл орайда ол біреулеріне
жылдамдықты емес, күшті беріп, неғұрлым әлсіздеу екінші бір тіршілік иелеріне