Page 298 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА 1

Basic HTML Version

298
Кіші Сократ. Меніңше, айтылғандардың ешқайсысы артық болған жоқ.
Жатжұрттық,. Бұған таң қалуға болмайды: бірақ көп ұзамай таң қалуың да мүмкін. Ондай
жағдайға душар болмас үшін сен мені тыңда.
Кіші Сократ. Айт, айт.
Жатжұрттық,. Ең алдымен, әңгіме кезінде ненің ұзақ, ненің қысқа айтылғанын мақтап, не
жақтау үшін барлық артық, кемін қарастыруымыз керек.
Кіші Сократ. Солай істеу керек.
Жатжұрттық,. Жақында осы заттар туралы айтылатын болған соң осы дұрыс сияқты.
Кіші Сократ. Ол қандай заттар?
Жатжұрттық,. Ұзақтығы, қысқалығы, артық не кемі жайлы. Оларды өлшеу өнері бар ғой.
Кіші Сократ. Иә, бар.
Жатжұрттық,. Оны да екіге бөлеміз: сол мақсатымызға тез жету үшін асығып жатырмыз.
Кіші Сократ. Бұл жерде қандай болу болады?
Жатжұрттық,. Мынандай: бір бөлігі — үлкен мен кішінің арақатынасы, екіншісі —
қалыптасудың қажетті мәні.
Кіші Сократ. Қалай, қалай дейсің?
Жатжұрттық,. Үлкенді кішіге қарағанда ғана үлкен деп атаған дұрыс емес пе; ал кішіні
үлкенге қарағанда тана кіші деген дұрыс.
Кіші Сократ. Солай шығар.
Жатжұрттық,. Қалыптан асатын жағдайды сөзде ғана емес, істе де неге қалыптасу
демейміз? Жақсы адам мен жаман адамның айырмашылығы осы қалыптасуға байланысты
емес пе?
Кіші Сократ. Бұл анық нәрсе.
Жатжұрттық,. Яғни, үлкен мен кішіні қос мәнді және оларды қос пікірлі деп, олардың бір-
біріне қатынасын ғана қарастырмаймыз, одан да қазір айтылғандай, бірінің — өзара
қарым-қатынасын, екіншісінің — ұстамдылыққа қатынасын қарастырамыз. Осының бәрі
не үшін екенін білгіміз келе ме?
Кіші Сократ. Әрине, басқаша қалай?
Жатжұрттық,. Егер біз үлкенді тек кішімен салыстырсақ, онда біз ешқашан оның
қалыптағы жағдайға қатынасын анықтай алмаймыз, солай емес пе?
Кіші Сократ. Солай.
Жатжұрттық,. Бірақ, біз мұндай жағдайда өнерді, сонымен бірге соз болған саясаткерді,
тоқыма өнерін құртып алмаймыз ба? Өйткені, олар қалыптан асқан жағдайларға олар
болмағаннан емес, істі аяқтауды қиындататындықтан секеммен қарайды: осыған
байланысты оз қалпын сақтай отырып, олар тек жақсы нәрселерді жасайды.
Кіші Сократ. Әрине.
Жатжұрттық,. Егер біз саясаткерді жоқ қылсақ, онда біздің патшалық білімді іздеуіміз
тұйыққа тіреледі.
Кіші Сократ. Дәл солай.
Жатжұрттық,. Яғни, біз "Софисте" мойындағанымыздай өмірде жоқ нәрсенің бар
болатынын мойындағанымыз сияқты, себебі, біздің пікіріміз осыған өкеледі, тағы да
үлкен мен кішінің бір-бірімен қатынасында ғана емес, өлшемнің қалыптасуына
қатынасында да өлшенетінін айтуымыз керек. Саясаткерді саясаткер ретінде, басқа
практикалық істің білгірін сондай білгір ретінде ортақ пікірге келмей тұрып-ақ мойындау
мүмкін емес қой.
Кіші Сократ. Олар туралы тезірек келісімге келуіміз керек.
Жатжұрттық,. Бірақ, Сократ, бұрынғы істерімізден бүл ісіміз де қиын болады, ал
бұрынғымыздың қаншалықты ұзақ болғаны біздің есімізде. Дегенмен, бұлар туралы бір
болжамды дүрыс деуге болады.
Кіші Сократ. Ол қандай болжам?
Жатжұрттық,. Ол мынандай болжам: ең негізгі мәселені анықтау үшін қазіргі
айтқандарымыз қажет болады. Ол біздің жақын арадағы мақсатымыз үшін дұрыс және