297
Жатжұрттық,. Заттың өзін жасамайтын, бірақ сол затты жасайтын құралды жасайтын, сол
құралсыз ешқайсысының ісі бітпейтін өнер қосалқы себеп деп аталады; ал заттың өзін
жасайтын өнер негізгі себеп деп аталады.
Кіші Сократ. Мұның негізі бар.
Жатжұрттық,. Соған сай киім өндіруге арналған ұршық, шөлмек және басқа да құралдар
дайындайтын өнерді қосалқы себептер деп, ал заттың өзін өндіретін өнерді негізгі
себептер дейміз.
Кіші Сократ. Өте дұрыс.
Жатжұрттық,. Сәндеу өнерінің көлемі үлкен болғандықтан, жуу, жөндеу және тағы басқа
киім күтудің барлық түрлерін ерекше бөліп алып, киіз басу өнеріне жатқызамыз.
Кіші Сократ. Керемет.
Жатжұрттық,. Ал түту және тоқу өнерін, киім өндіруге байланысты басқа өнерлерді жүн
тоқу өнері деп атаймыз.
Кіші Сократ. Иә, басқаша болмайды.
Жатжұрттық. Жүн тоқу өнерін екіге бөлеміз және оның әр бөлігі тағы екі өнерді құрайды.
Кіші Сократ. Қалай?
Жатжұрттық,. Түту өнері және шөлмекті пайдалану өнерінің жартысы жүн тоқу өнеріне
жатады; сонымен бірге тағы екі үлкен өнер бар: ол қосу және бөлу өнері.
Кіші Сократ. Иә.
Жатжұрттық,. Бөлу өнеріне осы жерде айтылғандардың барлығы және түту өнері жатады.
Бұлардың бәрінің атауы жүннен жасалған жіптерді бөлуден шыққан, бірақ мұны шөлмек
біртүрлі жасаса, қолмен басқаша жасайды.
Кіші Сократ. Иә, солай.
Жатжұрттық,. Енді қайтадан қосу өнерінің жартысы мен жүн тоқу өнеріне жататын
бөлігін бірге аламыз. Барлық болу өнеріне жататындарды қоя тұрамыз, ал жүн тоқу өнерін
болу, қосу деп екіге бөлеміз.
Кіші Сократ. Бөлсек бөлейік.
Жатжұрттық,. Егер біз тоқыма өнерін толық бөлгіміз келсе, саған Сократ қосу өнерін жүн
тоқу өнерімен бірге тағы да бөлуге тура келеді.
Кіші Сократ. Жарайды, бөлеміз.
Жатжұрттық,. Иә, бөлу керек және біз қосу өнерінің бір бөлігін есу деп, бір бөлігін ору
дейміз.
Кіші Сократ. Түсіндім, түсіндім: меніңше, есу дегенде сен негізбен жұмыс істеуді айтқан
шығарсың.
Жатжұрттық,. Тек оны ғана емес, ілмекпен тоқу жұмысын да аламыз. Әлде ол есусіз жүре
ме?
Кіші Сократ. Жоқ, еш уақытта.
Жатжұрттық,. Сөйтіп сен екеуін де шектеуің керек, мүмкін саған керек болар.
Кіші Сократ. Қалай?
Жатжұрттық,. Ол былай: түту өнері жасап шығарған заттар ұзынынан созылады,
көлденеңінен де бола береді, біз оны шоғыр демейміз бе?
Кіші Сократ. Иә.
Кіші Сократ. Дұрыс.
Жатжұрттық,. Жүнді жұмсақ тарауға мүмкіндік беретін негізге өрілген жұмсақ жіпті
ілмектеу дейміз, ал бүл шеберлікті ілмектеп тоқу өнері дейміз.
Кіші Сократ. Өте дұрыс.
Жатжұрттық,. Сонымен, тоқыма өнерінің біз қарастырған бөлігі кімге болса да түсінікті:
өйткені, жүн түту өнерінің біріктіру бөлігі негізді қайта тоқу мен ілмектеу арқылы толық
тоқылған жүн көйлек жасап шығарады, осыған бағытталған өнерді тоқыма өнері дейміз.
Кіші Сократ. Бұл да дұрыс.
Жатжұрттық,. Солай-ақ болсын. Бірақ біз негіз бен ілмектеп біріктіру өнерін бірден
тоқыма өнері деп айта салмай, көп айналдырып жүріп алдық.