296
Жатжұрттық,. Бұдан кейін кейбіреулер киім тоқу өнері оған туыс өнерлерден ажырап
кетсе де, өзіне жақын өнерлерден бөлінбегенін анық түсіне ме екен?
Кіші Сократ. Ол қандай өнер?
Жатжұрттық,. Сен байқамадың ғой деймін. Онда бізге аяғынан басына қайта оралу керек.
Егер саған туыс өнерлердің не екені түсінікті болса, қазір біз кілем тоқу өнерін, оның
жамылатын және төселетін түрлерін бөліп алдық.
Кіші Сократ. Түсінікті.
Жатжұрттық,. Біз кендір мен басқа өсімдіктерден жасалған жіптерді, киіз басу өнері мен
етік тігу өнері де кіретін түрлі тігін өнерін бөліп алдық.
Кіші Сократ. Сөзсіз солай.
Жатжұрттық,. Одан ары біз түрлі тұтас жамылғы жұмыстарын, яғни тері өнерін, үй
құрылысына қажет шатыр өнерін, ұсталық енер және су өтуден қорғауға арналған барлық
өнерді бөліп алдық; сонымен бірге есік қақпаларды бекітіп, сақтандырумен айналысатын,
ұрлықшылардан, зорлықшылардан қорғайтын қоршау өнерін, одан шегемен бекіту
өнерінің бәрін, ары қарай қорғауға бейімделген қару-жарақ өнерін бөліп алдық. Ең
басында дәрі жасаумен айналысатын сиқыр өнерін бөлдік, ал суықтан қорғайтын, жүннен
тоқылған жамылғылар дайындайтын тоқыма өнерін кейінге қалдырдық.
Кіші Сократ. Солай болған болу керек.
Жатжұрттық,. Бірақ, балақай, бүл соңы емес. Киімді тігудің алдында матаға қарама-қарсы
нәрсе жасалмай ма?
Кіші Сократ. Ол қалай?
Жатжұрттық,. Матаның бір бөлігі есілген ғой.
Кіші Сократ. Иә.
Жатжұрттық,. Басқа бөлігі есіліп, біріктірілген жіпті тарқату.
Кіші Сократ. Қандай тарқату?
Жатжұрттық,. Бұл жүн түту өнеріне жатады. Себебі, тоқыма өнерін түту өнері деп, ал
түтуді тоқыма деп айта алмаймыз ғой.
Кіші Сократ. Айта алмаймыз.
Жатжұрттық,. Егер тоқыма өнеріне басқаша ат берсек, жалған болып шықпай ма?
Кіші Сократ. Басқаша қалай?
Жатжұрттық,. Киіз басу мен жамау өнерін киімді күту деп бірге атай алмаймыз ғой. Әлде
ештеңеге қарамастан осылардың бәрін тоқыма өнеріне жатқызамыз ба?
Кіші Сократ. Еш уақытта.
Жатжұрттық,. Бірақ олардың бәрі киімді тігу, күту жөнінде тігін шеберімен бәсекеге
түседі емес пе?
Кіші Сократ. Әрине.
Жатжұрттық,. Бұған тігін құралын жасайтындарды қосыңыз, олар тіпті барлық матаны
жасаған біз деуі мүмкін.
Кіші Сократ. Сөзсіз.
Жатжұрттық,. Олай болса тоқыма өнеріндегі біз толық та, анық бөліп алған жүн түту, оны
күту өнерін ең әдемі, ең ұлы өнер деп айта аламыз ба? Әлде, бұл өнерді матадан бөліп
алмай тұрып, аяқталмаған істің ақиқатына жеттік дейміз бе?
Кіші Сократ. Иә солай.
Жатжұрттық,. Сонымен, біздің айтқан пікірлерімізді рет-ретімен қоюға бола ма?
Кіші Сократ. Неге солай істемеске?
Жатжұрттық,. Яғни, барлық айтқандарымыздың ішінен ең алдымен екі өнерді бөліп
аламыз.
Кіші Сократ. Қандай?
Жатжұрттық,. Біреуі нені болса да жасаудың қосалқы себебі, біреуі негізгі себеп.
Кіші Сократ. Бұл қалай?