Page 295 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА 1

Basic HTML Version

295
әр буындағы әріптің бір-біріне ұқсайтындары бірдей аталатынын, ал ұқсамайтындары
басқаша аталатынан түсіндіру керек.
Кіші Сократ. Сөзсіз солай істеу керек.
Жатжұрттық,. Яғни, әртүрлі заттың бірдей белгілері болғанда үлгі пайда болады, біз де
сол зат туралы дұрыс қабылдап, ақиқат пікірге келеміз.
Кіші Сократ. Бұл шындық.
Жатжұрттық,. Егер біздің жанымыз өз табиғатына сай барлық заттардың алғашқы
бастауларын да солай қабылдай отырып, кей тіркестердегі белгілерді танып, кей сөз
тіркестеріндегі белгілерді танымайтынына, кейбіреулерін бір ғана тіркесте дұрыс
түсінетініне, ал осы белгілер басқа үлкен, қиын заттардың тіркесіне ауысса, қайтадан
оларды танымай қалатынына таң қалуға бола ма?
Кіші Сократ. Иә, таң қалуға болмайды.
Жатжұрттық,. Олай болса, достым, қате пікірге сүйеніп, ақиқатқа, шындыққа жетуге бола
ма?
Кіші Сократ. Тіпті мүмкін емес.
Жатжұрттық,. Олай болса, біз екеуіміз үлгінің табиғатын бөлік - бөлікпен, алдымен
кішкентай үлгіден қарап білеміз, одан ол кішкентай үлгіден ұлы үлгі патша идеясына
ауысамыз десек ақиқаттан алыс кетпейміз. Содан соң осы үлгінің көмегімен мемлекет
мүддесін ойлауға көшуге болады, сонда көрген түсіміз шындыққа айналғандай болады.
Кіші Сократ. Осылай істеген дұрыс болады.
Жатжұрттық,. Яғни, біз алғашқы пікірімізге қайта оралуымыз керек: онда біз мыңдаған
адамдардың мемлекет мүддесіне тек патша тұқымы ғана лайық емес деген пікірін қоя
тұрып, патшаны тана қалдыру керек. Ол үшін бізге жаңа айттық, үлгі қажет.
Кіші Сократ. Иә, өте қажет.
Жатжұрттық,. Ондай болса мемлекет қызметіне қатысты қандай кіші, қажетті үлгіні
табуға болады? Дұрыс үлгі таба алмағандықтан, Сократ, Зевс үшін тоқыма өнерін аламыз
ба? Онда да оны түгелімен алмай, жүннен тоқуды алсақ жетеді. Осының өзі-ақ бізді
күткен нәтижелерге жеткізеді.
Кіші Сократ. Неге Өйтпеске?
Жатжұрттық,. Олай болса, бұрынғы әдісімізбен, кіші бөлікті үлкен бөліктен бөліп, әр
топты ажыратып алғанымыз сияқты неге матамен де солай істемейміз. Онда өзімізге
пайдалы пікірге тез келген болар ек.
Кіші Сократ. Қалай дедің?
Жатжұрттық,. Сенің бұл сұрағыңа мына ойластыру жауап болсын.
Кіші Сократ. Дұрыс айттың.
Жатжұрттық,. Біздің жасап шығарған, сатып алған заттарымыздың бәрі басқа бір нәрсені
жасауға, не зардаптардан сақтану үшін керек. Бізді зардаптардан сақтандыратын
заттардың бірі — құдайдан, адамнан келетін зияндықтарды тоқтату; бірі — сақтандыру
құралдары. Сақтандыру құралдарына — әскери қарулар және қорғану құралдары жатады;
қорғану құралдарының бірі — паналайтын орын болса; бірі — ыстық, суықтан қорғанатын
орын. Бұлардың бірі — үйдің шатыры болса, бірі — түрлі жамылғылар. Жамылғылардың
бірі — кілем, екіншісі — әртүрлі иыққа ілетін жамылғылар. Иыққа ілетін жамылғылардың
біреулері тұтас болса, біреулері құрама. Құрамалардың біреулері тігіліп, біреулері
тоқылып, тігілмей тұрады. Тігілмегендері өсімдік жіптерінен жасалса, басқалары қылдан
жасалады. Қылдан жасалатындардың кейбіреуі сумен, топырақпен біріктірілсе, кейбіреуі
өзара біріктіріледі. Өзара біріктірілу арқылы жасалған заттарға киім деп ат бердік емес пе?
Ал мемлекетпен айналысатын өнерді мемлекеттік өнер дегеніміз сияқты, киіммен
айналысатын өнерді пішу өнері деп неге атамасқа? Тоқыма өнері пішу өнерінің көптеген
бөлігін құрайтыны, одан көп айырмашылығы жоқ екендігі сияқты патшалық өнердің де
мемлекеттік басқару өнерінен көп айырмашылығы жоқ деп айта аламыз.
Кіші Сократ. Өте дұрыс.