294
Кіші Сократ. Қандай?
Жатжұрттық,. Құдіретті бақташыны адам қамқоршысынан ажыратуға болар еді.
Кіші Сократ. Дұрыс.
Жатжұрттық,. Солай ажыратып алғаннан кейін қамқорлық өнерін тағы да екіге болу
керек.
Кіші Сократ. Қандай бөліктерге?
Жатжұрттық,. Зорлықпен қамқорлық жасау, зорламай, жұмсақ қамқорлық жасау.
Кіші Сократ. Яғни?
Жатжұрттық,. Біз бұрын да осы жерде қате жібергенбіз. Патша мен тиранды біріктіріп,
олардың басқаруын да бір нәрсе деп қарағанбыз, ал олар бір-біріне мүлде ұқсамайды.
Кіші Сократ. Шынында солай.
Жатжұрттық,. Енді осы қатемізді түзеу үшін қамқорлық өнерін зорлықпен, жұмсақ
қамқорлық жасау деп екіге неге бөлмейміз?
Кіші Сократ. Оған сөз жоқ.
Жатжұрттық,. Күшпен басқаратындарды тирандық деп, екі аяқты жуас жануарларды
жұмсақ басқаратындарды саяси деп атасақ, қамқорлық өнерін білетін адамды нағыз патша
және саясаткер демейміз бе?
Кіші Сократ. Сөйтіп, Жатжұрттық, саясат туралы пікіріміз осымен бітті ғой.
Жатжұрттық,. Солай болса жақсы болар еді-ау, Сократ. Бірақ бұл саған ғана емес, маған
да дұрыс көріну керек. Меніңше іс жүзінде патша бейнесі әлі аяқталмаған сияқты: біз
асығып мүсініне тым көп артық белгілер қосамын деп уақыты жетпей жүретін мүсінші
сияқтымыз, патшаға ұлы үлгілер тон деп аңыздың тым ауыр қабаттарын ақтарып, тым
артық нәрселерді жұмсаппыз. Сөйтіп, біздің дәлеліміз ұзаққа созылып кетті және аңызды
аяқтай алмадық; біздің пайымымыз оның сыртқы нобайы сияқты, бояу мен реңктер
беретін айқындыққа жете алмады. Кез-келген бейнені суретпен, не қол еңбегімен
көрсетуден гөрі созбен, пайымның көмегімен көрсету ұтымдырақ. Сөзбен түсіндіре
алмайтындар қолмен жұмыс істей білу керек.
Кіші Сократ. Дұрыс! Енді айтқандарымыздың жетпейтін жерін айт.
Жатжұрттық,. Қызықсың, үлгісіз бір нәрсені түсіндіру қиын, ал түсінде бірнәрсе көріп,
оянғанда еске түсіру қиын емес пе?
Кіші Сократ. Қалай айтып тұрсың?
Жатжұрттық,. Білімге қатысты болған мәселені мен таңқаларлық жағдайда бастадым ғой
деймін.
Кіші Сократ. Қалай?
Жатжұрттық,. Маған үлгі үшін үлгі керек болды.
Кіші Сократ. Ол қандай үлгі? Менен қысылмай айта бер.
Жатжұрттық,. Сен менімен бірге болсаң айтайын. Балалар әліппені жаңадан үйрене
бастағанда...
Кіші Сократ. Қалай дедің?
Жатжұрттық,. ... олар қысқа, жеңіл буындардан кез- келген әріпті анық таниды және
дұрыс жауабын береді.
Кіші Сократ. Өйтпегенде қайтеді?
Жатжұрттық,. Ал басқа буындарға келгенде жаңағы әріптерді көре отырып, оймен де,
сөзбен де жете түсінбейді.
Кіші Сократ. Одан да асып түседі.
Жатжұрттық,. Олай болса олардың білмейтіндерін басқа жолмен білдірсек жеңіл болмай
ма?
Кіші Сократ. Қандай жолмен?
Жатжұрттық,. Ең алдымен олардың көңілін өздері жақсылап жаттап алған әріптері бар
буындарға аударсақ. Содан соң бұл буындарды оларға әлі белгісіз буындармен салыстыру
керек, барлық тіркестердің өзара ұқсастығын бәрімен танысып шыққанша көрсету керек,