Page 293 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА 1

Basic HTML Version

293
Жатжұрттық,. Сонымен, мемлекетті басқарудың ерекшеліктерін анықтап болған соң біз
саясаткердің кім екенін айта аламыз.
Кіші Сократ. Өте жақсы.
Жатжұрттық,. Біздің анықтауымыз қажет болып отырған, оның ісіне таласатындардың көп
екендігін ғана емес, табындап қоректену арқылы шопандар мен бақташылар сияқты
адамдар табынушының қамын жеуге әрі соған сай атауға бірден-бір лайық адамды
анығырақ көрсету үшін біз әлгі аңызды келтірдік қой.
Кіші Сократ. Дұрыс.
Жатжұрттық,. Менің ойымша, Сократ патшамен салыстырғанда әлдеқайда ұлы. Қазіргі
саясаткерлер өздерінің табиғатына, біліміне, тәрбиесіне қарай билеушіден гөрі биленушіге
көбірек ұқсайды.
Кіші Сократ. Дәл солай.
Жатжұрттық,. Бірақ олардың табиғаты қандай болса да біз оларды артық та емес, кем де
емес, сол дәрежеде қарастыруымыз керек.
Кіші Сократ. Басқаша қалай.
Жатжұрттық,. Бұрынғы жолымызбен қайта жүрелік. Біз тірі жәндіктерді басқарып, жеке
адамдар емес, тұтас қоғам қамын ойлайтын өз-өзінен бұйыру өнері бар екенін айттық.
Мұны біз үйірді азықтандыру өнері дедік. Есінде ме?
Кіші Сократ. Иә.
Жатжұрттық,. Міне осы жерде біз қате жібердік. Біз саясаткерді тіпті ұмытып та кетіппіз:
ол аталудан шығып та қалыпты.
Кіші Сократ. Қалай?
Жатжұрттық,. Табындағыларды түгел азықтандыру басқа бақташыларға тон, тек
саясаткерлерге тон емес. Ал біз мұны саясаткерге де тән дедік, Жалпы оларды бәріне
ортақ белгімен атау керек еді.
Кіші Сократ. Мұндай болса сен дұрыс айтып отырсың.
Жатжұрттық,. Азықтандыру мен басқа қандай да болмасын қамқорлықты қамтитын бәріне
бірдей күтім жасауды не деп атаймыз? Бағып-қағу дейміз бе, әлде күтім жасау дейміз бе;
мысалы, жаппай қамқорлық жасау десек — бүл ат саясаткерге де, басқа бақташыларға да
тән болар еді. Біздің ойымыздың өзі осыны талап етпей ме?
Кіші Сократ. Дұрыс. Бірақ бұдан кейін оларды қалай бөлеміз?
Жатжұрттық,. Қауырсынсыз, мүйізсіз, будандастырылмаған жерде жүретін жануарларды
азықтандыруды біз қалай бөлдік, сол сияқты бөлеміз; тек осылай бөліп алып қана мұндай
анықтамамен біздің уақыттағы және Кроностың билігі кезіндегі табынға күтім жасауды
қамтыдық.
Кіші Сократ. Бұл түсінікті. Бірақ одан ары қалай болады?
Жатжұрттық,. Мұны "табынға күтім жасау" десек, ешкім де бұрынғы анықтамаларға сай
ондай қамқорлықтың жоқ екенін, тамақтану өнері деп атауға лайық ондай ешнәрсе
болмағанын айтып, қарсы келмейді, ондай өнер болған күнде де олар патшалардан гөрі
басқаларға сәйкес келер еді.
Кіші Сократ. Дұрыс.
Жатжұрттық,. Тұтас адамзат қауымдастығы мен барлық адамдарды басқару өнеріне
қамқорлық жасау ең алдымен патшаға тән.
Кіші Сократ. Дұрыс айтасың.
Жатжұрттық,. Бірақ, Сократ, байқайсың ба, ең соңғы сәтте біз таты қателестік.
Кіші Сократ. Қалайша?
Жатжұрттық. Былай: біз екі аяқты табынды тамақтандыру өнері бар деп дұрыс айттық,
бірақ оны бірден патшаның өнері, саяси өнер деуіміз керек еді, кәдімгі бәрі осы
анықтамамен бітетіндей.
Кіші Сократ. Не айтып отырсың?
Жатжұрттық,. Алдымен оны тамақтандырудан гөрі күтімге жақындатып, атын өзгертіп,
содан кейін екіге болу керек еді, өйткені алда әлі талай болу бар.