292
Алдымен ол бәріне қатал қарап, кейін босаңсыды. Себебі, табиғатынан оған әртүрлі
денелік араластық тән еді, өйткені қазіргі жағдайға келгенге дейін ол үлкен тәртіпсіздікке
қатысты болған еді.
Өзіне жаратушыдан барлық жақсы нәрселерді алды, оның бұрынғы жағдайына келсек,
аспандағы қандай қиын, әділетсіз жағдай болмасын бәрін өзінің бойына алды және
тіршілік иелеріне бөліп берді. Кеме басқарушымен (Жаратушы) бірге оларға көп
жақсылық жасады.
Ғарыш Жаратушыдан бөлінген соң өз ісінің бәрін дұрыс істеді; уақыт өте келе оны
бұрынғы бей-берекет жағдай билейді, оның бойында қарама-қарсы қасиеттер пайда
болып, өзін-өзі қирату, бар нәрсенің жоқ болу қаупі туады. Бірақ жаратушы оның қиын
жағдайын көріп, қайта қолға алып, қиратпай, қайта өз айнылымына түсіреді. Сөйтіп
Ғарышты қайта түзеп, реттеп, оны өлмейтін қылады.
Аңыздың аяқталуы міне осы. Ал патшаға келсек, кім де кім пайыммен байланыстыра
білсе, айтылған ой да жеткілікті.
Ғарыш қазіргі бағытында айнала бастағанда жас тәртібі қайта үзіліп, бұрынғыға қарама-
қарсы болды. Өздері аз, жоғалып кете жаздаған тіршілік иелері көбейе бастады, ал жерден
жаралған денелері қартайған шағында қайтадан өліп, жерге кете бастады. Басқа
қалғандарының бәрі өзгеріске түсіп, тұтас жағдайдың ізімен жүріп, еліктей бастады. Бұл
еліктеу бәріне: дүниеге келуге, жаратушыға, қоректенуге қажет еді, өйткені тіршілік
иелеріне жердегі басқа түрден таралуына рұқсат етілмеді, бірақ ғарышқа ұқсап, жаратушы
өз дамуына паңдана қарауды, басқаларға мүмкіндігінше ұрпағын өз бетінше тудырып,
қоректендіруге бұйырды. Сөйтіп, біздің пікіріміз неге бағытталса, соған қайта келдік.
Жануарлардың қайсысы қандай себептерге байланысты өзгеріске түскенін айту өте ұзақ,
көп уақытты керек етеді; ал адамдарға келсек, ол қысқа және іске жақындау.
Сонымен, жаратқанның қамқорлығынан кеткен соң көптеген табиғатынан қатал
жануарлар тағыланып, әлсіз адамдарға тиісе бастады; алғашқы уақытта олар ешқандай
өнер білмеді, табиғи қоректену аздық етті, басқаша табу қолдарынан келмеді, өйткені ол
кезде қажеттілік болмаған еді. Осының бәрі оларға көп қиындық әкелді. Көне аңыздарда
айтылғандай құдайлар адамдарға қажетті насихат, өсиеттермен бірге — Прометейден от,
Гефес пен оның көмекшісінен қол өнерін, басқа құдайлардан өсімдіктер мен оның
тұқымдарын сыйға тартты. Адам өмірін ретке келтіру осыдан басталды: құдайлар
адамдарға қамқорлық жасауды қойғаннан кейін адамдар өз өмірі жайлы ойланып, өздерін
тұтас ғарыш бейнесіне ұқсатып, әр уақытта әртүрлі өмір сүре бастады.
Осы жерден аңызымызды аяқталық. Осы арқылы өзіміздің патша мен саясаткер жайында
айтқан ойларымыздың қаншалықты қате екенін түсінуге тырысайық.
Кіші Сократ. Сеніңше, біз қаншалықты көп қате жібердік?
Жатжұрттық,. Бір жағынан аз қате көрінгенімен, бір жағынан көп, салмақты.
Кіші Сократ. Қалайша.
Жатжұрттық,. Қазіргі кездегі айналым мен жаратылыс кезіндегі патша мен саясаткер
туралы сұраққа жауап бергенде біз кері айналыс кезіндегі адам баласының бақташысын
сипаттағанбыз, сөйтіп өлетіннің орнына құдайды айттық: бұл өте үлкен қателік. Оның
мемлекетті қалай басқаратынын білмей тұрып, біз оны мемлекеттің басқарушысы дедік,
бір жағынан дұрыс айттық, екінші жағынан толық сипаттама бере алмадық: алдыңғы
қатеге қарағанда бұл аздау.
Кіші Сократ. Бұл шындық.