291
Уақыты бірінші айналымның аяқталған кезінен басталған бүл туралы естелікті біздің
бабаларымыз сақтап қалдырған. Олар осы күнгі айналымның басында туған. Бүгінде көп
адамдар еш негізсіз сенбеген аңыздарды бізге осы жаршылар жеткізген.
Осыларды негізге алуымыз керек. Қартайған табиғаттың қайтадан жасаруына байланысты
өлгендер қайта тіріледі де, қажеттілікке байланысты жерден туған тайпа ретінде пайда
болады: олардың туу себебі осы, тек кейбіріне ғана құдай басқа жағдай жасаған.
Кіші Сократ. Иә, мұның бәрі бұрын айтылғаннан туындайды. Бірақ сен айтқан Кроностың
билігінен туған өмір қай айналымға — бұрынғы айналымға дәл келе ме, жоқ қазіргі
айналымға дәл келе ме? Күн мен жұлдыздағы қозғалыстың өзгеруі алғашқы айналымға
дәл келетіні анық.
Жатжұрттық,. Сен менің ойымды жақсы байқағансың. Ал сенің адам табиғатының өзінен-
өзі пайда болуы туралы сұрағаның — ол әлемнің қазіргі қозғалысына байланысты емес,
одан бұрынғы қозғалысқа байланысты. Ол кезде айнала қозғалыс түгелімен, толық
құдайдың қолында болған, бірақ ғарыштың кей жерлері қазіргідей бірнеше құдайдың
иелігіне бөлінген. Тірі жандар да құдайдың бақташылары ретінде өзара түрге бөлінген;
сонымен бірге олардың әрқайсысы өз тобын басқарып, оларды жабайылық пен өзін-өзі
жеп қоюдан сақтаған. Сол сияқты олардың арасында алакөздік, соғыс болмауын
қадағалаған; оның есесіне олар істеген мыңдаған жақсы істерді атауға болады. Олардың
табиғатпен келісті өмір сүруінің себебін айтсам, қазіргі адамдар өздерінен төмендегілерді
қалай басқарса, ол кезде құдай да адамдарды солай басқарған. Құдайдың қол астында
мемлекет болмаған, меншігінде әйелдер мен балалар да болмаған, себебі барлық адамдар
өткен ұрпақ туралы хабары жоқ жерден жаралған. Оның есесіне олар адам қолымен
өсірілмеген, жерде өзі өскен ағаштардың жемісін пайдаланған. Ашық аспан астында
жалаңаш кезіп жүрген, ауа райы да оларға сәйкес келіп, төсектері де жерде қаптап өскен
жұмсақ шөп болған.
Сонымен, Сократ, Кроностың кезінде адамдардың өмірі қандай болғанын көрдің. Ал,
қазіргі өзің жүрген Зевс заманында адамдардың қалай өмір сүретінін жақсы білесің бе?
Осы екі өмірдің қайсысы бақытты екенін анықтап бере аласың ба?
Кіші Сократ. Жо-жоқ.
Жатжұрттық,. Ал мен оларды салыстырсам, сен оны тыңдағың келе ме?
Кіші Сократ. Әрине келеді.
Жатжұрттық,. Сонымен Кроностың қол астындағылардың пікірлесуге уақыты мен
мүмкіндігі коп болғандықтан және адамдармен ғана емес, жануарлармен де әңгімелесе
алатын болғандықтан бәрі философиялық ойға берілген, андармен, бір-бірімен әңгімелесе
отырып өз сана-сезімдерін дамытқан. Осыдан-ақ олардың қазіргілерге Карағанда шексіз
бақытты болғанын көруге болады. Тамаққа тойып алып, бір-біріне, жануарларға қазіргі
олар туралы айтылып жүрген әңгімелерді айтқан. Бүл менің пікірім.
Дегенмен, әзірге олардың сөз сөйлеуге, оны тануға деген құштарлығы туралы жақсы
білетін хабаршы келмей бүл әңгімені доғара тұралық. Бірақ біз тыныш жатқан аңызды
алға жылжу үшін бастадық. Барлығының уақыты келіп, өзгеріс болатын кезде жерден
жаралған тайпалардың барлығы жоғалып, әрбір жан қайтадан жерге кеткеннен кейін Әлем
өзінің бақылау бөліміне қайтып, ғарыш оз тағдырына сай айналымды жалғастырады.
Барлық жергілікті құдайлар болған жағдайды естігеннен кейін ғарыштың бір бөлігін өз
қамқорлығынан айырады. Ғарыш кері айналып, өзінің керемет күшімен барлық
жануарларға өлім әкеледі. Уақыт өтіп, айқай-шу басылып, тыныштық орнаған соң, ғарыш
өзінің қалыпты қозғалысына түсіп, айналасындағыларға өз қамқорлығын, үстемдігін
жүргізе бастады. Сонымен бірге, мүмкіндігінше өзінің ұстазының, әкесінің өсиетін есіне
түсірді.