290
болған. Ал бүл аңыздың түбінде не жатқанын ешкім айтпайды. Оны біз айтуымыз керек.
Айтқанда әңгімені патша дегеннің не екенін түсіндіруден бастауымыз керек.
Кіші Сократ. Өте жақсы айтып, тек еш нәрсені қалдырмай айтшы.
Жатжұрттық,. Онда тыңда. Құдай Әлем айналысына біресе өзі эсер етеді, біресе оған
еркіндік береді. Әлем еркін айналып, айналымы уақытпен сәйкестенеді. Одан кейін
өзінен-өзі айналу бағытын өзгертіп, кері айналады, себебі, Әлем — жаратылысынан
зерделі, тірі дүние. Сондықтан ол көптеген себептерге байланысты өзінен-өзі кері
айналады.
Кіші Сократ. Қандай себептерге байланысты?
Жатжұрттық,. Мәңгілікке өзгермеу, өзімен-өзі теңдес болу тек діни жаратылыстағыларға
тән, тәннің табиғаты басқаша құрылған. Біздің аспан, ғарыш дегеніміз өз ата-анасынан
ғажап қасиеттер алған, сонымен бірге бүл қасиеттер тәннің де қасиеті еді, сондықтан ол
өзгермей тұрмайды. Ғарыш бір орында бірқалыпты қанша уақыт бойы қозғалуда, кері
қарай айналымға да ол өзінің қозғалысы арқылы жетті. Мәңгі өзгермей қозғалуға және
қозғалысты басқарып отыруға ешкімге мүмкіндік берілмеген. Және бүл қозғалысты біресе
бір жаққа, біресе екінші бір жаққа қозғалта бермейді. Соған байланысты ғарыш туралы ол
өзін-өзі мәңгі қозғайды деп те, құдай оны қарама-қарсы жаққа қозғайды деп те, оны екі
құдай екі жаққа қозғайды деп те айтуға болмайды. Біз бұдан біраз бұрын айтқан жалғыз
нәрсе бар: ғарыш мүлде басқа діни себептерге байланысты қозғалып, оның өмірі қайта
басталып, мәңгілікке созылады. Aл ғарышқа еркіндік берілген кезде ол өзінен-өзі
қозғалады және кері қозғалғанда мыңдаған айналымға жететіндей уақытта қозғалады. Сол
себепті ол ең үлкен және салмақты бола тұрып, кішкентай ғана алаңқайда қозғалады.
Кіші Сократ. Сенің айтқандарыңның бәрі шындыққа жақын сияқты.
Жатжұрттық,. Енді осы айтылғандардың негізінде біз болды деп айтылған кереметтердің
себебін түсінелік. Ол себеп мынандай...
Кіші Сократ. Қандай?
Жатжұрттық,. Әлемнің айналу қозғалысы біресе бір жаққа, біресе екінші жаққа
бағытталған.
Кіші Сократ. Қалай?
Жатжұрттық,. Бұл өзгеріс аспандағы өзгерістердің ішінде ең жетілген және мәнді өзгеріс
деп есептеледі.
Кіші Сократ. Мүмкін.
Жатжұрттық,. Сондықтан осы аспанның аясында тұратын біз де ұлы өзгерістерге ұшырап
отырамыз.
Кіші Сократ. Бүл да шындыққа жақын.
Жатжұрттық,. Тірі денелердің үлкен, көп, әртүрлі өзгерістерді ауыр сезінетінін білмейміз
бе?
Кіші Сократ. Басқаша қалай?
Жатжұрттық,. Онда барлық жануарлар үлкен індетке ұшырайды, адамдардан да тірі
қалғандар аз болады. Олар небір таңқаларлық нәрселерді бастарынан кешеді. Олардың
ішіндегі ең ұлысы Әлем кері қозғалған кезде болатын әлемдік құйынға сәйкес келеді.
Кіші Сократ. Ол сонда не?
Жатжұрттық,. Тірі жандардың жасы сол сәтте қандай болса, сол жаста қалады,
қартаймайды, кәрі болып көрінбейді; керісінше, кері қозғалыс басталып, бәрі жасарады.
Кәрі адамдардың ақ шашы қарайып, сақалды еркектердің беттері жылтырап, гүл жайнаған
жастарға айналады; ересек еркектердің де тәндері әр күн сайын, әр түн сайын жасарып,
тәні де, жаны да жаңа туған баладай болады, ары қарай бірте-бірте жоқ болады. Әртүрлі
зорлық-зомбылықпен өлтірілгендердің мәйіттері де бірнеше күннің ішінде жоқ болады.
Кіші Сократ. Жатжұрттық, онда жаңа тіршілік иелері қалай пайда болған? Бір-бірінен
қалай туған?
Жатжұрттық,. Дұрыс, Сократ, ол кездегі табиғатта тіріден тірі туу деген болмаған. Ерте
кездегі жерден пайда болғандар сияқты сол кезеңдегі ұрпақтар да жерден таралған.