Page 289 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА 1

Basic HTML Version

289
Жатжұрттық,. Мүлдем басқа бір өнердің адамы өзін үйірлі жануарлардың тәрбиешісімін
деп жүрсе ше?
Кіші Сократ. Олай болу мүмкін бе?
Жатжұрттық,. Мысалы, адамдардың, бастықтардың тәрбиешісін біз саясаткер деп атадық.
Егер осы саясаткердің жұмысын саудагерлер, дихандар, нан пісірушілер, гимнастика
мұғалімдері, дәрігерлер біз атқарамыз десе не болады?
Кіші Сократ. Дұрыс болмас еді.
Жатжұрттық,. Мүмкін. Қазір көрелік. Өгіз бағатындармен өгізді бағу жөнінде ешкім
айтыспайтынын бәріміз білеміз. Ол өзі үйірдің тәрбиешісі де, дәрігері де, тұқым алу
өнерін де бәрінен артық біледі. Тіпті малды баққан кезде малдың қандай музыканы
қабылдайтынын олардан артық ешкім білмейді. Басқа бақташылар туралы да осыны
айтуға болады. Солай емес пе?
Кіші Сократ. Дәл солай.
Жатжұрттық,. Олай болса, патшаны алалық. Патшаны адамдардың бақташысы дедік,
бірақ патшаның осы өнеріне таласатын мыңдаған адамдар бар емес пе? Біз неге оларды
ұмытамыз?
Кіші Сократ. Иә, біздің ойымызды кемшіліксіз деп айтуға болмайды.
Жатжұрттық,. Біз патшаның кей қасиеттерін ғана айттық. Ал патшаның айналасында адам
баласының бақташысы болғысы келетіндер әрі сол атаққа таласып, толып жүр, біз
олардың бәрін түгендеп болмай, саясаткердің шынайы бейнесін олардан ажыратып алмай
тұрып, оны кіршіксіз таза күйінде көрсете аламыз ба деп шүбәланғанымыз дұрыс емес пе
еді?
Кіші Сократ. Дұрыс айтасың.
Жатжұрттық,. Сондықтан Сократ, біз соңында өзімізден өзіміз ұялмас үшін мұны
айтуымыз керек.
Кіші Сократ. Мұны мүлде қалдыруға болмайды.
Жатжұрттық,. Олай болса, біз әңгіменің басына қайта оралып, басқа жолмен жүруіміз
керек.
Кіші Сократ. Ол қандай жол?
Жатжұрттық,. Қалжыңы аралас жол. Үлкен аңыздың біраз бөлігін аламыз, басқаларын
іздегеніміздің мәнін тапқанша бұрын қалай бөлсек, солай біртіндеп бөлеміз. Осылай
істегеніміз дұрыс па?
Кіші Сократ. Сөз жоқ, дұрыс.
Жатжұрттық,. Онда, балалар аңызды қалай тыңдаса, сен де менің аңызымды солай тыңда.
Сенің де ойынды тастағаныңа коп болған жоқ емес пе?
Кіші Сократ. Айта бер.
Жатжұрттық,. Ертеден келе жатқан аңыздар коп емес пе, солардың ішінде Атрей мен
Фиеста туралы, олардың ұрыс-керісі туралы аңыз бар. Ол аңызды сен әрине естідің, оның
ұзын-ырғасын білесің.
Кіші Сократ. Сен алтын қой туралы айтып отырсың ба?
Жатжұрттық,. Жоқ. Мүлде басқа жай, күннің шығуы мен батуы туралы. Қазір күн
шығатын жерде ол кезде күн батқан, ал күн батқан жерде шыққан. Бірақ құдай Атрейге
белгі беріп, күнді қазіргідей батырып шығаратын болған.
Кіші Сократ. Иә, мұндай да бар.
Жатжұрттық,. Кронос патшалығы туралы да коп адамнан естідік.
Кіші Сократ. Иә, коп.
Жатжұрттық,. Ал сен адамдар адамдардан пайда болмай, алдымен жерден пайда болған
дегенге не дейсің?
Кіші Сократ. Иә, бүл да ерте заманның аңызы.
Жатжұрттық,. Бұл аңыз да, басқа да мыңдаған аңыздар бір оқиғадан туындаған. Бірақ
уақыт өте келе көп жәй ұмтылған, сөйтіп әр аңыз бір-бірімен байланыссыз айтылатын