28
Жас жігіт,— деп сөзді бірден жалғастырды Протагор,— менімен қарым-қатынас
жасаудан саған келетін пайда мынау: менімен жолығысқан күні-ақ сен үйіңе
бұрынғыдан да гөрі жақсырақ болып қайтасың, ал ертеңінде тағы да солай;— ендеше
күн сайын өзің әлі де кемелдене түсерліктей бір нәрсе алатын боласың.
Мұны естіген соң, мен былай дедім:
Мұнда, Протагор, адам таңданарлықтай ештеңе жоқ: әлбетте сен өзің де — жасы
ұлғайып қалған кісі және осындай дана болсаң да — біреу саған өзің бұрын білмеген
нәрсені үйретсе, сен де жақсырақ болар едің. Бірақ гәп мұнда емес. Мәселен, дәл сол
Гиппократ кенет ұйғарымды өзгертіп, жуырда осында қоныс аударған жас жігітпен
гераклшіл Зевксиппен танысуды қалады делік. Сөйтіп, дәл қазір саған келіп
отырғанындай, сол жас жігітке барып, одан да дәл сенен естігендерін естіді, яғни
онымен қарым-қатынас жасағанда Гиппократ күн сайын жақсырақ болады, әрі
кемелдене түседі дегенді естіді делік; ал ол одан: "Мен, сеніңше, не нәрседе жақсырақ
болып, кемелдене түсемін?" деп сұраса, Зевксипп оған кескіндеу өнерінде деп жауап
берген болар еді. Егер фиваншіл Орфагормен кездесіп, сенен естігендерін одан да
естіп, Гиппократ одан сенімен қарым-қатынас жасағанда күн сайын қай тұрғыда
жақсырақ боламын деп сұраса, ол флейтада ойнағанда деп жауап қайтарған болар еді.
Ендеше сен де жас жігіт пен маған менің сұрағыма жауап бер: Гиппократ,
Протагормен жолыққанда, дәл сол жолыққан күні, одан жақсырақ болып, ал әр келесі
күні әлдебір нәрседе бұрынғыдан да кемелдене түсетін болып аттанады, бірақ нақ не
нәрсе осылай болмақ, Протагор?
Протагор мұны менен естіген соң былай деді:
Сен, Сократ, өте жақсы сұрақ қойып отырсың, ал тәуір сауал бергендерге мен
құлшына жауап қайтарамын. Гиппократ маған келгенде софистерден әлдекім
жасайтын нәрсені мен оған істемеймін: өйткені олар жас жігіттерді тура азапқа салады,
өйткені олар ғылымдардағы жаттығулардан бойларын аулақ салған жас жігіттерге
есептеуді, астрономияны, геометрияны, музыканы (бұл тұста Протагор Гиппийге
қарады) үйрету арқылы осы жаттығулармен олардың еркінен тыс шұғылдануға мәжбүр
етеді, ал маған келген адам не үшін келсе, тек соны ғана үйренеді. Ал бұл ғылым — үй
ішіндегі істерде ширақтық таныту, өз үйін басқаруда, сондай-ақ қоғамдық жұмыстарда
өте жақсы іскерлік көрсету: сол ғылымның арқасында мемлекетке қатысты іс-
қимылдарда да, айтар сөздерде де жұрттың бәрінен де күштірек болуға мүмкіндік
туады.
Мен сенің сөздеріңді дұрыс түсіндім бе? — деп сұрадым мен.— Меніңше, сен
мемлекеттік басқару өнерін айтып отырсың және адамдарды жақсы азамат етуге уәде
беріп отырсың.
Бұл туралы мен барша жұртқа естірте хабарлап та отырмын, Сократ.
Сенімен сөйлескенде мен өзім ойламаған нәрсені айтуға тиіс емеспін: сен өте
жақсы өнерді меңгеріпсің, егер де шын меңгерген болсаң. Мен, Протагор, бұл өнерді
үйренуге болмайды деп ойлап едім, бірақ сен үйренуге болады деп айтып отырған соң,
қалайша сенбесімді біле алмай отырмын. Алайда бүл өнерді үйренуге болмайды,
адамдар оны адамдарға үйрете алмайды деп неліктен есептейтінімді мен айтуға
қақылымын.
Басқа да эллиндер сияқты, мен де афинылықтарды дана деп санаймын. Ал менің білетінім,
біз халықтық жиналыста бас қосқанда, егер құрылыс жөнінде қалаға бірдеңе істеу к грек
болса, біз құрылыс істері бойынша кеңесшілікке сәулетшілерді, ал кеме жасау жөнінде
кеме жасаушы мамандарды шақырамыз, афиналықтардың пікірінше, үйренуге және