288
Жатжұрттық,. Адамның өзі жүрісіне қандай қатынаста. Диагональдың шаршы
қабырғаларының квадрат түбіріне қатынасы сияқты.
Кіші Сократ. Басқаша қалай болмақ? Не айтқың келгенін түсінейін дедім.
Жатжұрттық. Осы біз бөлумен айналысамыз деп жұртты күлдіріп отырған жоқпыз ба?
Кіші Сократ. Қалай?
Жатжұрттык,. Адам баласы тірі жандылардың ішінен табиғаттан ең жеңіл де өнегелі4
қасиеттерді алған ғой. Кіші Сократ. Иә, таң қалатын нәрсе. Жатжұрттық,. Сонымен, ең
жәй қозғалатындар соңынан келеді емес пе?
Кіші Сократ. Әрине.
Жатжұрттық,. Қасында қиындықтарға мойымай өмір сүруге бейімделген адамы бар
патшаның жануарлармен қатар жүгіруі күлкілі болып көрінетіні біздің ойымызға келмей
ме?
Кіші Сократ. Сөзсіз келеді.
Жатжұрттық,. Енді, Сократ бұдан бұрын софистің зерттеуі кезінде айтылған жай анық
көрінеді. Кіші Сократ. Не анық көрінеді?
Жатжұрттық,. Мұндай зерттеу кезінде үлкен, кіші, қарапайымдылық, асқақтық деген
болмайды. Сондықтан бүл жол ақиқаттың шыңына жеткізеді. Кіші Сократ. Солай болар.
Жатжұрттық,. Ал, енді патшаға анықтама беру жөнінде сұрақты сен бермес бұрын өзім
айтсам қалай болады? Кіші Сократ. Дұрыс болады.
Жатжұрттық,. Онда былай. Екі аяқтыны торт аяқтыдан бөліп алу керек. Адамдар
қанаттыларға ұқсас болғандықтан, екі аяқтыларды қанаттылар, қауырсынсыздар деп екіге
бөлуге болады. Бөліп болған соң, адамдарды бағып-қағу өнерінен саясаткер мен патшаны
алып, патшаны мемлекетті басқаруға қоямыз. Болу ғылымының мәні осында ғой.
Кіші Сократ. Сен маған есебіңді жақсы да тиісті деңгейде әрі пайызын қоса бердің. Сөйтіп
төлем ақыны көбейттің.
Жатжұрттық,. Онда әңгімені басынан бастап қайта қарап, саясаткер өнерінің атауына
түсінік беруден басталық. Кіші Сократ. Өте дұрыс.
Жатжұрттық,. Алдымен біз таным өнерінің бұйрық беру бөлімін анықтадық. Оған ұқсас
қылып өз-өзінен бұйрық беретін бөлімді атадық. Бұдан біз жануарларды қоректендіру
өнерін бөліп алып, одан үйірімен, құрғақта қоректендіру деп, одан мүйізсіздерді бөліп
алдық. Егер біреулерге тағы бөлгісі келсе, оның үш тармақ болатынын, оларға бір атау
беріп, оны тұқымы араласпаған жануарларды бағу өнері деуді ескеру керек. Келесісі екі
аяқтылардан адамды бөліп алу және оны бағып-қағу болады. Бүл біз іздеп отырған
мемлекеттік өнер немесе патшалық өнер болады.
Кіші Сократ. Бұл сөзсіз дұрыс.
Жатжұрттық,. Бірақ, Сократ, біз осыны дұрыс орындадық па?
Кіші Сократ. Нені дейсің?
Жатжұрттық,. Мәселені біз толық және анық қарадық па? Зерттеуімізге біраз түсінік
бергенімізбен сол түсінікті жеріне жеткізе бердік пе?
Кіші Сократ. Анығырақ айтшы.
Жатжұрттық,. Мен ойымды анығырақ айтуға тырысып отырмын.
Кіші Сократ. Иә, айта бер.
Жатжұрттық,. Бағып-қағу өнерінің біреуі бүкіл бір топтың жағдайын ойлайтын
мемлекеттік өнер емес пе?
Кіші Сократ. Иә.
Жатжұрттық,. Ал, бұл өнер біздің берген анықтамамыз бойынша жылқыны, болмаса басқа
бір жануарларды бағып-қағу өнері емес, адамды бағып-қағу, тәрбиелеу өнері.
Кіші Сократ. Иә, солай.
Жатжұрттық,. Онда барлық бақташы мен патшаның арасында қандай айырмашылық
барын қарастырайық.
Кіші Сократ. Қандай?