Page 287 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА 1

Basic HTML Version

287
Жатжұрттық,. Сонда қалай, жаяу жүру бөлігінде мемлекеттік істі іздемеу керек пе? Тіпті
ақымақ та осы пікірде болады деп ойлайсың ба?
Кіші Сократ. Иә, солай.
Жатжұрттық,. Алдында ғана сандарды екіге бөлгеніміз сияқты жерде жүретін
жануарларға күтім жасау өнерін де екіге болу керек пе?
Кіші Сократ. Керек.
Жатжұрттық,. Біздің пікірімізге қарай бағытталған екі жол бар: біреуі — үлкенін кішісінен
ажырата алатын жылдам, екіншісі — ортасынан қиып өтетін баяу, ұзақтау жол. Сен қай
жолмен жүргің келсе, біз сол жолмен жүреміз.
Кіші Сократ. Ал екі жолмен бірдей жүрсе бол май ма?
Жатжұрттық,. Қызықсың, әрине екеуімен жүруге болмайды, кезектесіп жүруге болады.
Кіші Сократ. Онда мен екі жолмен кезек жүруді таңдаймын.
Жатжұрттық,. Бұл қиын емес, қалған жол қысқа. Жолдың басында, ортасыңда бұл қиын
мәселе болар еді. Ал, қазір, сен қаласаң алдымен ұзақ жолмен жүреміз, себебі тың
кезімізде бүл жолды қиналмай өтеміз. Енді қалай бөлетінімізді қадағала.
Кіші Сократ. Айта бер.
Жатжұрттық,. Үйірімен жүретін үй жануарларын да олардың табиғатына сай екіге бөлуге
болады.
Кіші Сократ. Қалай?
Жатжұрттық,. Біреулерінің мүйізі бар, біреулерінде жоқ.
Кіші Сократ. Бұл белгілі нәрсе.
Жатжұрттық,- Жерде жүретіндерді қоректендіру өнерін екіге бөліп, оларға анықтама
берсең бітпейтін шаруаға қаласың.
Кіші Сократ. Сонда қалай атау керек?
Жатжұрттық,. Ол былай: жердегілерді қоректендіру өнерін екіге бөлсек, біреулері
мүйізділерге, екіншілері мүйізсіздерге жатады.
Кіші Сократ. Солай-ақ болсын, бұл қай жағынан қарасаң да анық нәрсе.
Жатжұрттық,. Патшаның жайы да белгілі, ол мүйізсіздерді бағатын болады.
Кіші Сократ. Әрине.
Жатжұрттық,. Бұл үйірді бөлгеннен кейін оларға қандай қасиеттер тән екенін айтуымыз
керек.
Кіші Сократ. Жарайды.
Жатжұрттық,. Оларды сен айыр тұяқты, бүтін тұяқты деп бөлгің келе ме, жоқ,
будандасқандар, будандаспағандар деп бөлгің келе ме? Бүл саған түсінікті болар?
Кіші Сократ. Не түсінікті болады?
Жатжұрттық,. Жылқы мен есектің бір-бірінен туа беретіні.
Кіші Сократ. Иә, түсінемін.
Жатжұрттық,. Үй жануарларының басқа түрлері өз тұқымдарын араластырмайды.
Кіші Сократ. Әрине.
Жатжұрттық. Сонда қалай, біздің саясаткер қайсысының қамын жеу керек,
будандасқандардың ба, будандаспағандардың ба?
Кіші Сократ. Будандаспағандардың әрине.
Жатжұрттық,. Біз алдындағыдай бұларды да екіге бөлуіміз керек.
Кіші Сократ. Иә, керек.
Жатжұрттық,. Үй жануарларының екі тобынан басқасының бөрі бөлінді. Итті үйірлі
жануар деуге болмайды ғой.
Кіші Сократ. Әрине. Бірақ бүл екі топты қалай бөлеміз?
Жатжұрттық,. Сіз геометриямен айналысасыз ғой, сондықтан өзіңіз бен Теэтет сияқты
бөлеміз.
Кіші Сократ. Сонда қалай?
Жатжұрттық,. Диагональға сәйкес, одан соң диагональдың диагоналіне сәйкес.
Кіші Сократ. Сонда сен нені мегзеп тұрсың?