286
Жатжұрттық,. Меніңше, сен бір бөлігін бөліп алып, қалғандарының бәрін "жануарлар"
деген жалпы атаумен бір түр ретінде қосып жібердің.
Кіші Сократ. Солай дегенім рас.
Жатжұрттық,. Бірақ, батырым, сол жануарлардың ішінен біреуі зерделі болып, мысалы,
тырнаның бір түрін алайық, ол да сен құсап тырналарды бөліп алып, өздерін әбден
мақтап, жеке бір түр деп қарап, ал басқаларды адамдармен қоса бәрін жануар деген
атаумен өзге бір түрге жатқызса не дейсің? Мұндайда абайламасақ болмайды.
Кіші Сократ. Қалай?
Жатжұрттық,. Мұндай қате жібермеу үшін тірі жандарды түр - түрге бөлмелік.
Кіші Сократ. Иә, бұлай істеуге болмайды екен.
Жатжұрттық,. Біздің қатеміз тура осыдан болды.
Кіші Сократ. Сонда неден?
Жатжұрттық,. Таным өнерінің бұйрық беру бөлігі жануарларды табындап асырауға
байланысты болды емес пе?
Кіші Сократ. Иә.
Жатжұрттық,. Созу арқылы, жануарлардың барлық түрі асыранды және жабайы болып
екіге бөлінді. Асырауға көнетіндерін үй жануарлары деп, басқа көнбейтіндерін
жыртқыштар дедік.
Кіші Сократ. Дұрыс.
Жатжұрттық,. Біздің қарастырып отырған біліміміз үй жануарларында бар, енді оны
үйірлі жануарлардан іздеу керек.
Кіші Сократ. Иә.
Жатжұрттық,. Ендеше осының алдындағыдай етіп олардың бәрін бірден қамти бөлмейміз
және мемлекеттік өнерге өтуге асықпауымыз керек. Себебі біз бір мақалдағыдай
жағдайды бастан кешіп отырмыз.
Кіші Сократ. Қандай жағдай?
Жатжұрттық,. Үй жануарларын бөлеміз деп асығып, жалпы бөлу мәселесін баяулатып
алдық.
Кіші Сократ. Біздің Жатжұрттық, сол жағдайда болғанымыз жақсы.
Жатжұрттық,. Жарайды, бұл осылай болсын. Қане, жалпы қоректендіру өнерін қайтадан
бөліп көрелік: бәлкім, оз ойыңның түбіне жеткенде ұмтылған нәрсеңді сол көрсетер. Бірақ
мынаны айтшы...
Кіші Сократ. Нені?
Жатжұрттық,. Мынаны: сен өзің көрмесең де Нілдегі, патша көлдеріндегі құпия қорықтар
туралы естіген боларсың. Жылғаларды сен өзің де көрдің.
Кіші Сократ. Әрине, бірін көрдім, енді бірін көп естідім.
Жатжұрттық,. Фессалия жазығында болмасаң да, ондағы қаз бен тырналар шаруашылығы
туралы естіген боларсың. Солардың барына сенесің бе?
Кіші Сократ. Әрине сенемін.
Жатжұрттық,. Мұны сенен сұрағандағы мақсатым: тобымен қоректендіру құрғақта да,
суда да болатынын айту еді.
Кіші Сократ. Дұрыс, әрине.
Жатжұрттық. Яғни, жалпы қоректендіру ғылымын екіге бөлуге, бір бөлігін суда, екінші
бөлігін құрғақта қоректендірілетіндер деп атауға келісесің ғой.
Кіші Сократ. Иә, меніңше осылай.
Жатжұрттық. Сонымен, патша ісінің бүл екі өнердің қайсысына жататынын анықтап әуре
болмаймыз той? Онсыз да бәрі анық.
Кіші Сократ. Әрине, анық.
Жатжұрттық,. Бірақ, құрғақтағы қоректендіруді кім де болса екіге бөле алады.
Кіші Сократ. Қалай?
Жатжұрттық. Ұшатындар, жерде жүретіндер деп бөледі.
Кіші Сократ. Өте дұрыс.