285
Кіші Сократ. Сенің не айтқың келгенін мен енді түсіндім.
Жатжұрттық,. Жануарлардың жаппай қоректенуін табынымен, отар - отарымен бағу десек
қалай болады?
Кіші Сократ. Екеуі де жарайды.
Жатжұрттық,. Өте жақсы, Сократ. Егер сен соз жөнінде тым коп қам жемесең,
қартайғанында сан алуан пікірлерің болады. Енді сенің айтуың бойынша істейміз. Бірақ,
байқайсың ба, кейбіреулер жануарларды табынымен қоректендіру өнерін қосарлау деп,
біздің қосардан іздейтінімізді, олар жартылардан іздеуге мәжбүр етпей ме?
Кіші Сократ. Менің де байқауымша, адамдардың азығы бір бөлек, жануарлардың азығы
бір бөлек сияқты.
Жатжұрттық,. Сен өте батыл және барлық ынтаңмен бөлдің, бірақ мүмкіндігінше келесі
жолы осыдан аулақ болайық.
Кіші Сократ. Неден?
Жатжұрттық,. Бір кішкентай бөлікті көптеген үлкен бөліктерден бөліп алудың қажеті жоқ
және де оны бір түрге жатқызбай бөлік өзі де бір түр болу керек қой. Мүмкіндік болса
іздегенімізді басқалардан тезірек бөліп алсақ өте жақсы болар еді. Сен бүл жерде болу
қажет деген ой айтып, оны адамдарға байланыстырдық. Бірақ, айналайын - ау, әңгіме бұл
жерде әдемі ойыншықтарда емес қой, өйтіп ойлау қауіпті. Бүл жерде мәселенің ортасы
қауіпсіздеу, ол бізді бір ойларға жетелейді. Зерттеудегі ең маңызды мәселе осы.
Кіші Сократ. Сонда, Жатжұрттық, сен мұнымен не айтпақсың?
Жатжұрттық,. Сократ, мен саған анығырақ айтуға тырысайын. Осы баяндағанымыздың
негізінде соз болып отырған мәселені жақсы түсіну мүмкін емес. Анық түсіну үшін оны
тағы да қарастыру керек.
Кіші Сократ. Осы болу кезінде жіберген қатемізді сен қалай атар едің?
Жатжұрттық,. Біздің бүл қатеміз адам баласын екіге бөлуге тырысудан болатын қате
сияқты. Адамдардың көбісі осы жердегілер сияқты халықтың ішінен эллиндерді бөліп
алады да, басқа өзара қосылмаған, тілдері бөлек тайпаларды "жабайылар" деп атайды. Сол
сияқты біреу санды екі түрге бөліп, олардың арасынан біреуін бөліп алып бір түрге, ал
басқаларына бір ат беріп, алғашқы бөліктен өзгеше тұтас түрге бөліп, бәрін бір тайпа деп
есептейді.
Ең дұрысы санды жұп, тақ деп, адам баласын әйел, еркек деп бөле жон болар еді. Ал,
мидийлықтар мен фригийлықтарды басқалардан болу бөлік пен түрді жіктегенде бір
уақытта айқындай алмаудың салдары.
Кіші Сократ. Өте дұрыс. Бірақ, түр мен бөлікті егер олар бір-біріне ұқсас болмаса, қалай
ажыратамыз?
Жатжұрттық,. О, жастардың ішіндегі мықтысы! Сократ, сен мұны бекер сұрап отырған
жоқсың. Бірақ, біз оз пайымымыздан алшақтап кеттік, ал сен тіпті адастыруға
итермелейсің. Жоқ, артқа қайта қайтуымыз керек. Ізшілдер сияқты өз ізімізбен жүреміз.
Бірақ, оның анықтамасын менен естідім деп ойлап қалмас үшін жақсылап ізде.
Кіші Сократ. Атап айтқанда, нені?
Жатжұрттық,. Түр мен бөліктің бір-бірінен айырмашылығын.
Кіші Сократ. Басқаша қалай?
Жатжұрттық,. Бір нәрсенің түрі болса, сол түр соның бөлігі де болады. Ал бөліктің түр
болуы міндетті емес. Міне осы анықтаманы маған таңуыңа болады.
Кіші Сократ. Мейлі, солай-ақ болсын.
Жатжұрттық,. Сен маған тағы мынаны айтшы...
Кіші Сократ. Не сұрайын деп ең?
Жатжұрттық,. Осында келгенде қай жерден ауытқып кеттік? Менің ойымша, табындап
қоректендіру мәселесінде әңгімеміз басқа жаққа бұрылып кетті. Сен жанды заттардың екі
түрі болады, бірі — адамдар, қалғаны — жануарлар деп айтқан едің.
Кіші Сократ. Бұл шындық.