284
Кіші Сократ. Әрине.
Жатжұрттық,. Айтшы, осы екі өнердің ішінен патшалық құру өнерін қайсысына
жатқызамыз? Егер пайымдау өнеріне жатқызсақ, онда патша көрермен ретінде болады.
Әлде патшаны бұйрық беруші қожайын ретінде қараймыз ба?
Кіші Сократ. Соңғысы дұрыс болар.
Жатжұрттық,. Бұйрық беру өнері бөлініп кетпей ме, тағы да қарастыруымыз керек.
Меніңше ірі саудагердің өнері ұсақ саудагердің өнерінен қандай өзгеше болса, патша
өнері де жаршы өнерінен сондай өзгеше болады.
Кіші Сократ. Мұнымен не айтпақсың?
Жатжұрттық,. Ұсақ саудагерлер алдымен біреудің бұйымын сатып алады, содан соң басқа
біреуге сатады.
Кіші Сократ. Иә, мұның дұрыс.
Жатжұрттық,. Хабаршылар да солай, олар алдымен біреудің ойын қабылдап, содан соң
басқаларға жеткізеді.
Кіші Сократ. Бұл шындық.
Жатжұрттық,. Олай болса, патшаның өнері мен жаршының өнерін, бұйыру өнері мен
сәуегей өнерін, тағы басқа осы сияқты бұйыру қасиеті бар өнердің бәрін араластырып
жібермейміз бе? Немесе, қаласаң өнерлерді салыстырғанымыз сияқты олардың аттарын да
салыстырайық: себебі, өзіне-өзі бұйрық беретін өнердің аты әзірге белгісіз. Сонымен,
бірін екіншісінен бөлгенде патша тұқымын бұйрық беру өнеріне жатқызып, басқасына кім
қандай ат берсе, сондай ат берсін деп көзге ілмейміз бе? Негізінен біздің зерттеуіміз
билеушілерге қарсы жақ үшін емес, олар үшін емес пе?
Кіші Сократ. Өте дұрыс.
Жатжұрттық,. Өнердің бүл түрі басқалардан ерекше және оған өзіне тән нәрселері тән
емес қасиеттерден бөлінген болғандықтан, егер олар мүмкіндік берсе, тағы да болу керек
емес пе?
Кіші Сократ. Әрине, болу керек.
Жатжұрттық,. Өзі де солай екен-ау. Маған ілесіп, бөлуге кіріс.
Кіші Сократ. Қалайша?
Жатжұрттық. Барлық билеушілер билеу мүмкіндігі болса, бір нәрсені жарату үшін билік
айтпай ма?
Кіші Сократ. Әрине.
Жатжұрттық,. Барлық жаратылатындарды екіге бөлу қиын емес.
Кіші Сократ. Қалай?
Жатжұрттық,. Жаратылатындардың бір бөлігі жанды, бір бөлігі жансыз.
Кіші Сократ. Иә.
Жатжұрттық,. Егер бөлгіміз келсе таным өнерінің бұйрық беру бөлігін осы белгісі
бойынша бөлеміз.
Кіші Сократ. Немен сәйкестендіреміз?
Жатжұрттық,. Біз бұйрық беру өнерінің бір бөлігін жансыз нәрселерді жаратуға, екіншісін
жанды нәрселерді жаратуға бөліп тастаймыз. Сөйтіп, бәрі екіге бөлінеді.
Кіші Сократ. Сөз жоқ.
Жатжұрттық,. Біреуін қоя тұрып, екіншісін алайық. Сөйтіп, оны да екіге бөлейік.
Кіші Сократ. Екеуінің қайсысын алған дұрыс деп ойлайсың?
Жатжұрттық,. Әрине, жанды нәрселерді жаратуға қатыстысын. Өйткені, патшаға жансыз
заттарға бұйрық беру жарамайды. Патшаның ісі қасиетті, ол жанды заттарға ғана беріледі.
Кіші Сократ. Бұл дұрыс.
Жатжұрттық,. Жанды заттардың пайда болуы мен тамақтануын бір жағдайда бір-бірлеп
қоректендіру деп, кейде табынымен қоректенетіндерге қамқорлық деп қарауға болады.
Кіші Сократ. Дұрыс.
Жатжұрттық,. Бірақ саясаткер малды жекелеп бағатын малшыдан гөрі табынымен,
үйірімен бағатын малшыны елестетеді.