283
Жатжұрттық,. Ондай өнері бар адам, мейлі патша болсын, мейлі жәй адам болсын, сол
өнердің атымен патшадай адам деп айтылуы керек емес пе?
Кіші Сократ. Иә, мұныңыз әділдік.
Жатжұрттық,. Үй иесі туралы да, мырза туралы да осыны айтуға болады.
Кіші Сократ. Басқаша қалай айтпақсың?
Жатжұрттық,. Үлкен шаруашылық болсын, шағын қала болсын, оларды басқарудың
айырмашылығы неде?
Кіші Сократ. Ештеңеде емес.
Жатжұрттық,. Яғни, біз әңгіме етіп отырған мәселенің бәрі — патшалық өнер болсын,
мемлекеттік өнер болсын, үй басқару өнері болсын бәріне бір білім керек, біз үшін
олардың бір-бірінен айырмашылығы жоқ.
Кіші Сократ. Әрине.
Жатжұрттық,. Бірақ бір нәрсе анық: бір де бір патша өзінің қолында да, тіпті бүкіл тәнінен
де басқаруға қажетті күш пен ұғымды таба алмайды, ол оны тек жанынан табады.
Кіші Сократ. Бұл анық.
Жатжұрттық,. Сонымен, патшаға қол өнерлік және басқа да практикалық өнерден гөрі
танымдық өнер лайық деп айтамыз ба?
Кіші Сократ. Әрине.
Жатжұрттық,. Онда мемлекеттік өнерді, мемлекетке қатысты барлық нәрсені, сол сияқты
басқару өнерін, басқаруға байланысты барлық нәрсені бірдей, бір-бірімен тең дейміз бе?
Кіші Сократ. Шамасы солай.
Жатжұрттық,. Ретімен алға жылжып, содан кейін танымдық өнерді бөлсек қайтеді.
Кіші Сократ. Әрине, солай істеу керек.
Жатжурттык,. Байқашы, олардың бір-бірінен айыр- машылығын көре аламыз ба?
Кіші Сократ. Оны сен айт.
Жатжұрттық,. Айтайын. Бізде есептеу өнері бар ма?
Кіші Сократ. Бар.
Жатжұрттық,. Ол меніңше, танымдық өнерге жатады.
Кіші Сократ. Басқаша қалай?
Жатжұрттық,. Ол есептегі айырмашылықты көрсететіндіктен ол өнерге танылған нәрсеге
төрелік етуден басқа рөл бере алмаймыз ғой.
Кіші Сократ. Әрине.
Жатжұрттық,. Кез-келген сәулеткер өзі үй салмайды, тек үй салатындарды басқармай ма?
Кіші Сократ. Иә.
Жатжұрттық. Және ол бұған өзінің кәсібін емес, білімін береді ғой.
Кіші Сократ. Иә, солай.
Жатжұрттық,. Сондықтан ол танымдық өнерге жақын деп айтсақ әділ болар еді.
Кіші Сократ. Сөзсіз.
Жатжұрттық,. Бірақ, менің ойымша, ол өзі бір шешімге келген соң, есептеу шебері сияқты
мәселені бітті деп есептемейді; ол өзінің берген тапсырмасы біткенше, әр жүмысшыға не
істеуі керек жөнінде бұйрық беруі керек.
Кіші Сократ. Дұрыс.
Жатжұрттық,. Яғни, есеп өнеріне байланысты бүл өнердің бәрі танымдық өнер
болғанымен, олардың бірқатары пайымдау да, бірқатары бұйрық бола ма?
Кіші Сократ. Бәлкім солай.
Жатжұрттық,. Егер біз барлық таным өнерін бұйрық беру мен пайымдау бөліміне бөлсек
дұрыс бола ма?
Кіші Сократ. Менің ойымша, дұрыс.
Жатжұрттық,. Бірақ, өз ісінен хабар беріп, келісе ойлаған жақсы емес пе?
Кіші Сократ. Басқаша қалай болады?
Жатжұрттық,. Міне, біз де қазірге дейін түсінісіп әңгімелестік, ал басқалардың пікірінде
шаруамыз жоқ.