Page 282 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА 1

Basic HTML Version

282
Феодор. Өзің айтқандай Сократты алсаң ал. Олар жас, қандай қиындық болса да
демалмастан көтере береді.
Сократ. Жатжұрттық, ол екеуі де менімен туыс сияқты ғой. Біреуінің түсі менің түсіме2
ұқсас дейсің, ал біреуі менімен аттас және бізге туыстар сияқты қарайсыңдар. Біреудің
туыс екенін әңгіме үстінде білу керек. Теэтетпен кеше әңгімелестім, бүгін оның
жауаптарын тыңдадым, ал Сократты тыңдаған жоқпын. Оны да тыңдап көру керек.
Жарайды, қазір ол саған жауап берсін, маған кейін жауап береді.
Жатжұрттық. Жарайды, солай болсын. Сократ, сен Сократты естідің бе?
Кіші Сократ. Иә.
Жатжұрттык,. Оның айтқанымен келісесің бе?
Кіші Сократ. Сөз жоқ.
Жатжұрттык,. Сенің тарапыңнан қарсылық болмаса, менің тарапымнан да қарсылық
болуы тиіс емес. Бірақ бізге софистен кейін саясаткерді қарау керек емес пе? Оларды біз
білгір адамдардың тобына қосамыз ба, әлде сен басқаша ойлайсың ба?
Кіші Сократ. Жоқ, дәл солай ойлаймын.
Жатжұрттық,. Яғни, біз софистке қалай қарасақ, білімді де бір-бірінен ажырата қарауымыз
керек.
Кіші Сократ. Сөйтсек жақсы болар еді.
Жатжұрттық,. Бірақ білімді бір-бірінен ажыратуды бұрынғыдай қарамау керек.
Кіші Сократ. Қалай қарау керек?
Жатжұрттық,. Басқа жолмен қарау керек.
Кіші Сократ. Мүмкін.
Жатжұрттық,. Саясаткердің жолын қалай іздеп табуға болады? Ол жолды тауып, басқа
жолдан ажыратып алу керек және оны бір түр ретінде белгілеу керек; Жанымыз екі түрлі
білім саласы ретінде ойластыра алу үшін одан бұтақталып тарайтын сүрлеулердің бәрін
басқа бір түр ретінде белгілеу қажет.
Кіші Сократ. Менің ойымша, бүл менің емес, сенің ісің, Жатжұрттық.
Жатжұрттық,. Жоқ, Сократ, егер біз мәселенің басын толық ашқымыз келсе, бүл іс сенің
де ісің болу керек.
Кіші Сократ. Сенің айтқаның дұрыс.
Жатжұрттық,. Сонымен, арифметика мен оған туыстас кейбір өнерлер істен бөлек, тек
таза білім көзі дейміз бе?
Кіші Сократ. Иә, солай.
Жатжұрттық,. Ал құрылыс өнері, жалпы қол өнері біліммен біртүтас, сөйтіп олар бұрын
болмаған бұйымдарды жасайды.
Кіші Сократ. Басқаша қалай болады?
Жатжұрттық,. Яғни, барлық білімді іс-әрекеттік (практикалық) және танымдық деп екі
түрге бөлеміз.
Кіші Сократ. Сенің мұның тұтас бір білімнің екі түрі болсын.
Жатжұрттық,. Сонда қалай, саясаткерді, патшаны, мырзаны, тіпті үй қожасын бәрін
біртүтас қарастырамыз ба, жоқ, әлде, мұнда қанша адамның аты аталса, сонша өнер бар
дейміз бе? Бәрінен дұрысы, менің айтқан жолыммен жүр.
Кіші Сократ. Ол қандай жол?
Жатжұрттық,. Мысалы, өз бетімен жеке жұмыс істейтін дәрігер қоғамдық қызмет істейтін
дәрігерге кеңес берсе, олардың өнерін неге бір өнер демеске?
Кіші Сократ. Иә, солай.
Жатжұрттық,. Ал егер өнері асқан жәй бір адам патшаға кеңес берсе, ол жәй адам болса
да, білімі патшаның біліміндей деп неге айтпасқа?
Кіші Сократ. Айтамыз.
Жатжұрттық,. Бірақ билік айту тек шынайы патшаның өнері емес пе?
Кіші Сократ. Иә, солай.