281
ырғатылған оның қозғалысында ол бір елек сияқты, бір-біріне неғұрлым
ұқсамайтындарды ол бір-бірінен неғұрлым алысқа, бір-біріне ұқсастарды ол неғұрлым
бір-біріне жақын еледі. Сонымен торт түр, олардан кейін құрылған әлем пайда болғанға
дейін бір-бірінен кеңістікте ажырады. Бұрын оларда зерде де, өлшем де жоқ еді: от пен су,
жер мен ауа, өздеріне тән кейбір белгілері көрінген болса да, жаратушының әрекетіне
дейін барлығы қандай қалыпта болатын болса, бұлар да сондай қалыпта болды.
Сондықтан да жаратушы космосты құруға кіріскенде бүл төртеуін бейнелер мен сандар
арқылы бір тәртіпке келтірді. Жаратушының оларды мүмкіндігінше ең жоғарғы
сұлулыққа және ең жоғарғы жетілгендікке, тіпті басқа қалыптан әкелгендігі бізге ешбір
шүбәсіз, мызғымайтын тұжырым болып қалуы тиіс; бірақ мен енді осы торт тектің
әрқайсысын құрылымы мен пайда болуын түсіндіруге тырысуым керек. Менің әңгімем
әдеттегідей болмайды. Сіздерге үйреншікті болып қалған ілімнің жолынсыз менің
сөздерім мүмкін болмайтындықтан, сендер менің соңымнан еріп кете бересіздер.
Біріншіден, от пен жер, су мен ауалардың дене екендігі, ал дененің қандай да болмасын
формасының тереңдігі болатыны әркімге - ақ анық. Қандай да болмасын тереңдік міндетті
түрде әр нәрсенің сыртқы шегінің табиғатымен шектеледі; оның үстіне қандай да
болмасын сыртқы жазықтық үшбұрыштардан тұрады. Бірақ жалпы алғанда барлық
үшбұрыштар екі үшбұрышпен аяқталады...
Енді жаңадан пайда болған, барлығынан да тамаша және бір-біріне ұқсамайтын, бірақ
бұзылған кезде бір-біріне айнала алатын торт дене туралы айту қажет. Егер біз дәл айта
алсақ, біздің қолымызда жер мен оттың және олардың өз араларында пропорциялардың
орта мүшелері сияқты стихиялар туралы ақиқат болады. Онда көрінетін денелердің ішінде
бұлардан артық тамаша ешбір денелер жоқ, оның үстіне олардың әрқайсысы өз тегінде
тамаша екендігі жөнінде біз ешкімге дес бермес едік. Сондықтан да осы әдемілігімен
өзгешеленетін денелердің торт тегін бір-біріне сәйкестендіріп, олардың табиғатын біз
жеткілікті дәрежеде түсінгенімізді дәлелдеуге күш салуымыз керек...
ПЛАТОН. Тимей. Сочинения в трех томах. Том 3. Часть 1.
М.: "Мысль", 1971. (Перевод с древнегреческого С.С. Аверинцева).
ПЛАТОН
САЯСАТКЕР
Сократ, Феодор, Жатжұрттық, кіші Сократ
Сократ. Теэтетпен және Жатжұрттықпен таныстырғаның үшін, Феодор, саған көп рахмет.
Феодор. Егер олар саясаткер мен философты қарастыруға кіріссе, мүмкін, сен маған
рахметті бір емес, үш рет айтатын боларсың.
Сократ. Солай-ақ болсын. Бірақ, қымбатты Феодор, біз мұны есеп пен геометрияның
шеберінен естідік деп айтамыз.
Феодор. Сен мұнымен не айтқың келеді, Сократ?
Сократ. Сен бүл ерлерді бірдей деп бағалайсың, бірақ олар өздерінің парасаттылығы
жағынан, сенің есебіңнен гөрі бір-бірінен әлдеқайда алыс.
Феодор. Құдайымыз Аммонмен ант етейін, менің есебімнің қате екенін әділ де дәл, бірақ
кек сақтай отырып көрсеттің. Сенің мұныңды мен кейін өз алдыңа келтіремін. Ал сен,
Жатжұрттық, қиынсынбасаң, не саясаткерді, не философты тандап алып, әрқайсысын
ретімен талдап, бізді бір рахаттандыршы.
Жатжұрттық. Иә, Феодор, солай істеу керек. Біз бірде мәселенің түбіне жеткенше
тоқтамауымыз керек деп келіскен жоқ па едік. Бірақ мына Теэтетпен не істесем екен?
Феодор. Қандай қиындық бар?
Жатжұрттық. Оған демалуға рұқсат берейік. Оның орнына гимнасиялық жолдасы — мына
Сократты алалық. Әлде, сен басқа бір кеңес бересің бе?